Сайтқа кіру Тіркелу

Кім білгір?

«Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар, қалан»
Абай
« Кім білгір?»
Мақсаты: Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: Сахнада түрлі – түсті шарлар.
Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта

Ұлағатты сөздер:
1. Білімді адам тілін билей алады. (Құтып)
2. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. (С. Сарай )
3. Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса,
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса. (А. Байтұрсынұлы )
Барысы:
І. Ұйымдастыру. ( топқа бөлу )
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды. Оқушыларды марапаттау.

І. Кіріспе сөз
Білім – теңіз, мектеп кеме жүзіп келем,
Дүниенің төрт бұрышын сүзіп келем.
Шалқытып, шарықтатып, асқақтатып
Ой тербелей, тоқтамас алып кемем.
Құрметті ұстаздар!
Қадірлі егеменді елдің жастары!
6 «А, Б» сынып оқушылары арасында өткелі отырған сайысына қош келіпсіздер.
Сайыс V бөлімнен тұрды.
1. Таныстыру (әр топтың аты, ұраны және төл белгілері болу керек )
2. Ойлан, тап! (Әдебиет пәні бойынша)
3. Сен білесің бе? (Қазақ тілі пәні бойынша)
4. Кім жылдам?
5. Қолқа салу (өнер сайысы)
Елімнің болашығы зор деп білем
Сол үшін қайрат етер ерлер кілең
2030 менің болашағым
Жақындап жаңа өмір, саған кірем - дегендей болашақ сендердің қолдарында.
Топқа бөлу.
Қазылар алқасымен таныстыру.
І тур.
І топ - «Арман»
ІІ топ - «Жас қыран»
ІІІ топ - «Жасұлан»
ІУ топ – «Болашақ»

ІІ тур. «Ойлан, тап!» (Әдебиет пәні бойынша )
5 – 6 сынып бойынша өткен шығармалардағы кейіпкердің атын атаймын, оқушылар сол шығарманың авторы мен шығарманың тақырыбын дұрыс табу керек.
1. Жаман мен 40 уәзір (Аяз би ертегісі )
2. Барлас ақын, Ұлжан, жас Абай (Мұхтар Әуезов, «Ақын қонақтар»)
3. Кенжекей («Ер Төстік» ертегісі )
4. Мергенбай батыр, Тасқара бай (Керқұла атты Кендебай)
5. Шеген, Қайрош, Бораш (Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
Қайрат Сарталиев Ұлы Отан соғысына қатысқан «Қазақ солдаты»)
6. Тоқтарбай («Қобыланды батыр» жыры ) Тайбурыл, Құртқа
7. Құлтай, Ұлтан («Алпамыс батыр» жыры ) Гүлбаршын, Шұбар ат.
8. Жетім бала Ақтан («О, Ақтан жас, Ақтан жас» Дулат Бабатайұлы )

ІІІ тур «Сен білесің бе?»

Лексика
1. Омоним дегеніміз не?
2. Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап? Қонақтарға арналған ас өте дәмді болды.
3. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не? мысал келтір? Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздер эвфемизм дейміз. Адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер дисфемизм деп аталады.

Фонетика
1. Фонетика дегеніміз не? (Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала )
2. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін қанша әріп бар? (9 - ә, і, ғ, қ, ұ, ү, ө, һ. ң)
3. Буын дегеніміз не? Түрлерін ата? Мысал келтір? (Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Ашық, тұйық, бітеу. Қала, ат, қант)
Сөзжасам
1. Түбір дегеніміз не? Қосымшаның түрлерін ата? (Сөздің мағына беретін, бөлшектенбейтін ең түпкі бөлшегі. Жұрнақ, жалғау)
2. Сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді? Мысал келтір? (Дара және күрделі. Бір ғана сөзден тұратын негізгі және туынды түбір. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөз. Мысалы: әке, даналық, әкелі – балалы )
3. Қос сөз дегеніміз не? Түрлерін ата? Мысал келтір? (қайталама, қосарлама )

Морфология
1. Атауыш сөз дегеніміз не? (Белгілі бір ұғымның атауы болып, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіретін сөздерді атауыш сөздер дейді. )
2. Одағай не себепті оқшай сөз болып табылады? (ешқандай мағына жоқ, адамның көңіл күйін білдіреді, сөйлем мүшесі бола алмайды )
3. Сөз таптары дегеніміз не? Оларды ата? Мысал келтір?
(Сөздердің білдіретін мағынасына, тұлғасына, сөйлемдегі жеке қызметіне қарай топтарға бөлінуін сөз таптары дейміз )

ІУ тур «Кім жылдам»
Берілген әріптерден сөздер құрастыру.
А, Т, П, С, У, Е, Н, Ж, С, І, Л, Р.

У тур Әр топ өз өнерлерін ортаға паш етеді.

Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады. (Г. Гегель )

ҚОРЫТЫНДЫ.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Кім білгір, ойын, сайыс
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×