8 - сынып қазақ тілі
Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Мақсаты:
Білімділік:
Салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін арттыру, түрлерін ажырата білуге үйрету, сауаттылыққа баулу.
Тәрбиелілік:
Елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілеттерін білімге деген ынтасын арттыру.
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, оқулықпен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
114 – жаттығу
3. Қызығушылығын ояту. Сұраққа жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.
1) Қандай? қай? сұрағына жауап беретін сөз табы?(Сын есім)
2) Кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі?(Анықтауыш)
3) Айтушының түрлі көңіл – күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем қалай аталады?(Лепті)
4) Іс – оқиға жайында баяндамай, тек соған қатысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлемнің түрі?(Атаулы)
5) Тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы?(Лексика)
6) Үш шақтың бірінде қолданылып, қимылдың шындыққа қатысын білдіретін рай түрі?(Ашық рай)
7) Егер бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, қандай тыныс белгісі қойылады?(Сызықша)
Әрбір жауаптың алғашқы дыбыстарын құрастырсақ, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. Олай болса, жасырын сөз: «Салалас» деген сөз екен, ендеше бүгінгі сабақта салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталаймыз.
Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем деген не?
2. Құрмалас сөйлем деген не?
3. Құрмалас сөйлемнің түрлері?
4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?
5. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері?
1 - слайд. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
- Ыңғайлас салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Себеп - салдар салалас сөйлем деген не?( жалғаулықтары,
тыныс белгісі)
- Қарсылықты салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары,
тыныс белгісі)
- Түсіндірмелі салалас сөйлем деген не?(тыныс белгісі)
- Талғаулы салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары, тыныс белгісі)
- Кезектес салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары, тыныс белгісі)
Оқулықпен жұмыс.
117 - жаттығу
«Менің шығар биігім.»
Берілген сөйлемдерді жазып, түріне ажырату, синтаксистік талдау жасау.
1. Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.
2. Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
3. Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың.
4. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қабылданды, алайда ол кейін бірнеше рет толықтырылып отырды.
5. Жамандық жалын секілді: өзін де өзгені де жалмай береді.
6. Зор даусынан кейде ыза мен зіл де байқалады, кейде Абайға қызық көрінетін мақал, мәтелдер айтылып кетеді.
«ҰБТ – ға үлес.»Тест сұрақтарын шешу
1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Мінезі жақсы төрге озар.
В) Үлкен келсе аяғыңды аяма.
С) Дос адам артық сұрамайды.
Д) Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес.
Е) Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.
1. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.
А) Бірақ
В) Өйткені
С) Және
Д) Немесе
Е) Кейде
3. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемге қойылатын тыныс белгісі.
А) Сызықша
В) Үтір
С) Дефис
Д) Қос нүкте
Е) Үтір, сызықша
4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді.
В) Айгүл аттан түсіп еді су қайта таязданып қалғандай екен.
С) Еңбек ерлікке жеткізер.
Д) Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.
Е) Бақытта баян жоқ ол да бір ұшқан құс.
5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді тап.
А) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.
В) Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер.
С) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
Д) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.
Е) Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан қонуға тура келді.
1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.
А) Сонша
В) Себебі
С) Алайда
Д) Кейде
Е) Әрі
Графикалық диктант
«Инсерт» әдісі
Білемін Білмеймін Білгім келеді
Бекіту.
Баға қою.
Үйге тапсырма: 105 - 122 бет ереже қайталау, 119 жаттығу.
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
- Мирка-73
- 27 ақпан 2013
- 25593
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Ыңғайлас салалас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ кенті, «Асубұлақ орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахматулина Гүлшат Советқановна...Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнәр Әутәліпқызы Төлеу...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Себеп-салдар салалас
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.