Сабақтың тақырыбы: Себеп - салдар салалас.
Сабақтың мақсаты: Себеп - салдар салаласпен таныстыру
1. Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру Себеп - салдар туралы түсіндіру; 2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге, сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру. 3. тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, тірек сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу - құралдарын түгендеу
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1. 99 - жаттығу
2. тест тапсырмасы
1) Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.
А) – қы, - ғы, - кі, - гі жұрнақты қалау райлы етістіктен
В) – ғалы,- гелі, - қалы, - келі көсемше жұрнақтары арқылы
С) – ған, - ген есімше жұрнақтары арқылы
Д) – са,- се шартты райлы етістік
Е) – ар,- ер жұрнақты етістіктен
2) Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.
А) да - де
В) және
С) Сондықтан
Д) бірде
Е) болмаса
3) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз
А) ыңғайлас В) себеп - салдар
С) түсіндірмелі Д) қарсылықты
Е) кезектес
4) Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Ол асып та, тасып та сөйледі.
В) Қарағым, бермен кел.
С) Ақылды қарттан нақыл шығады!
Д) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
Е) Ерлік көрсеткен ер болар.
5) Ешқашан қайталанбай, бір - ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз
А) да
В) та
С) де
Д) те
Е) және
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп - салдар салалас дейміз.
Себеп - салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.
1. Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын (Ғ. Мұст.). Ақыры тапқан сияқты; оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастапты (Ғ - М -)
2. Мысалы: Жұмысты бастап бару міндеті Саусақовқа тапсырылды, себебі ол қазақ, орыс тілін жақсы біледі.
Салаласа байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысуы:
1.
Сондықтан
Сол себепті
Мысалы: Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
2.
Өйткені
Себебі
Неге десеңіз
Мысалы: Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
Жалғаулықсыз себеп – салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.
Мысалы: Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.
Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәннен қолымнан мен септім ғой. (С. М.)
ІV. Cабақты меңгерту
101 - жаттығу ауызша
102 - жаттығу Көшіріп жазу талдау жасау
1 топ – 1 - 2 сөйлем; 2 – топ 3 - 4 сөйлем.
V. Сабақты қорытындылау.
Құрмалас сөйлем түрлерін ата.
Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
Себеп - салдар салаластың жалғауларын ата.
Ыңғайлас салалас дегеніміз не? Ыңғайлас салаластың жалғауларын ата.
VІ. Үйге тапсырма беру. 103 - жаттығу
VІІ. Бағалау.
Себеп-салдар салалас
- Дамеш
- 15 ақпан 2013
- 60214
- 0
- 100
Ілмек сөздер: қазақ тілі, құрмалас сөйлем, себеп-салдар салалас
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты: 1. Қарсылықты салалас, оның мағыналық түрлері туралы біледі. 2. Қарсылықты салаластың мағыналық түрлерінің жасалуы, ерекшелігін...Ыңғайлас салалас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Ақмола облысы,Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнәр Әутәліпқызы Төлеу...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.