Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Нүкте

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.
Сабақтың мақсаты. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1.Сөйлеу тілі мақсатының әртүрлі болып келуі туралы түсінік бере отырып, соған байланысты қойылатын тыныс белгілері туралы түсіндіру;
2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сабаққа деген белсенділіктерін арттыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Отбасын,ананы құрметтеуге, сыйлауға, өз Отанын шексіз сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, жартылай-ізденушілік, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тест тапсырмалары, талдау түрлері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2.Психологиялық дайындық.
3.Сабақтың ережесін құру.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
1)122 -жаттығу
2) тест тапсырмалары:
1.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгісін көрсет.
А) үтір
В) тырнақша
С) леп белгісі
Д) сызықша
2.Сөйлемнің тыныс белгілерін қою үшін неше негізге сүйену керек?
А) 4
В) 3
С) 2
Д) 5
3.Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгіне көрсет.
А) қос нүкте
В) леп белгісі
С) нүкте
Д) көп нүкте
4.Құрмалас сөйлемнің жігіне қойылатын тыныс белгіні көрсет.
А) нүкте
В) көп нүкте
С) үтірлі сызықша
Д) тырнақша
5.Сөйлемнің құрылысына негізделген принципті қалай атайды?
А) грамматикалық
В) мағыналық
С) диалогтік
Д) интонация
6. Дауыс ырғағы не?
А) мағыналық
В) интонация
С) грамматикалық
Д) ырғақтық
7.Құрмалас сөйлемнің жігіне қойылатын тыныс белгіні көрсет.
А) нүктелі үтір,
в) сұрақ белгісі
С) көп нүкте
Д) нүкте
8.Сөйлем мен сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын айқындаушы принципті көрсет
А) интонация
В) грамматикалық
С) синтаксистік
Д) мағыналық
9.Зат есімнің түрлерін көрсет.
А) қатыстық, жалпы
В) есімше, деректі
С) жалқы, жалпы
Д) сапалық, топтау
10.Сын есімнің сапалық түрін көрсет.
А) жинақтық, болжалдық
В) сапалық, жіктеу
С) қатыстық, сапалық
Д) өздік, жалпылау
5. Жаңа тақырып.
Топпен жұмыс.
1-топ 129 бет.
2- топ 131 бет (1)
3-топ 132 бет (2-4)
(әр топ өз оқығандарын талдап береді.)

Сөйлеу тілінің мақсаты:
хабарлау
баяндау
сұрап білу
жауап алу
талап теу
көңіл – күйдің әр кезеңі

Осыған байланысты сөйлем соңына нүкте (.) , сұрақ белгісі (?),
Леп белгісі (!), көп нүкте (...) қойылады.

Сөйлем соңына қабаттасып келетін тыныс белгілері де болады:
Олар: сұрау және леп белгісі (?!) ,
Сұрау белгісі мен көп нүкте (? ...) ,
Леп белгісі мен көп нүкте (!...)

6. Бекіту тапсырмалары
126 жаттығу.
Тапсырмалары: 1. Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қойыңдар.
2. Леп белгісі қойылған сөйлемдерді теріп жазыңдар.
3. Мына сөздердің мағынасын ашыңдар: қармап, ашутастай, жар салғысы, ұшырасқысы
4. Осы сөздерге фонетикалық, морфологиялық талдау жасаңдар
1- топ қармап
2- топ ашутастай
3 – топ адамдар.
7.«Ана» тақырыббына эссе жазу.
8.Сабақты қорытындылау
9. Үйге тапсырма: 129-133 беттер.10-11 параграф, 129 жаттығу
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×