Сайтқа кіру Тіркелу

«Екі дос» (ел аузынан)

Тақырыбы: «Екі дос» (ел аузынан)
Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап, талқылауға үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру.
Сабақтың міндеттері:
- оқушыларды сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
- Өлеңнің мәтіндік мазмұнын, негізгі идеясын ашу.
- Өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: СТО бағдарламасының стратегиялары, сызбалармен жұмыс, әңгімелеу, пікір алмасу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бағалау парақтары, бейне суреттер. аудио.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Психологиялық ахуал
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Сабақтың ережесімен таныстыру.
1 - ереже. Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3 - ереже. Уақытты үнемдейміз, босқа өткізбейміз!
4 - ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
3. Үй тапсырмасын тексеру.
«Оқиға желісі» бойынша.
Авторы

Кіммен? Немен аяқталды?

Қай жерде? Не болды?
- Қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек?
Жауаптарын тыңдау.
4. Қызығушылықты ояту.
Сөзжұмбақ шешу.
Есептерді шығара отырып, сабақ тақырыбын анықтау
40*20=800
560: 8=70
320: 40=8
70 8 800

Оқушыларға сұрақтар қою.
- Дос дегеніміз кім?
- Нағыз дос қандай болу керек?
Сондықтан, дос.....
Клайстер жасау.

Сыр бөлісетін адам
Мені өте жақсы түсінетін адам
Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
Сенімді адам

- Сондықтан, бүгінгі сабақта жалпы достық туралы айтамыз.
Әр топқа тапсырма беру.
Берілген сөздер арқылы, болжам кестесін толтыру.
Сөздер: Екі дос, жау, өзен, өмірімді ал, соқыр, шегінді.
Не болады?
Не болды?

Кестенің бірінші бөлігін тексеру.
Мәтінмен жұмыс.
а) Кідіріспен оқу.
1 - бөлім
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қол басына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қол басына:
Сұрақтар:
1. Екі дос қандай жағдайға тап болды?
2. Жауынгер не істеуді өтінді?
3. Қалай ойлайсыңдар ол қол басына не дейді?
2 - бөлім?
- Мен қолдарына түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Сұрақтар:
1. Жауынгер қол басына нені ұсынды?
2. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?
3. Жауынгер не істер екен?
3 - бөлім
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Сұрақтар:
1. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
2. Жігіт сыннан өтті ме?
ә) Оқушыларға мәтін таратылады, олар өздері оқып шығады.
б) Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Жаугершілік - адамдар бір - біріне қарсы шығады
Тұтқиылдан - ойламаған жерден
Құн - төлем
Тиеп - артып әкету
Қыршыныңнан - жанын алу
Зағип - соқыр
Тарпа - бірден
Қолбасы - басқаратын адам
Оқушылар топтарын ауыстырады.
Әр топқа тапсырма.
1 топ - жоспар құру
2 топ - мәтіннің негізгі ойын табу
3 топ - мәтінді жалғастыру
4 топ - достық туралы мақал - мәтелдер айту.
Оқушылар өз орындарына отырып, не болғанын болжам кестесін толтырады.
Оқушыларға тағы басқа әңгіме ұсынылады. Бейнетаспадан тыңдау.
Сұрақтар:
- Бұл әңгімеде қандай оқиға болды? Баланың досы не істеді?
Оның істегені дұрыс па?
- Достықты сатуға бола ма?
Салыстыру. Венн диаграммасы арқылы.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Бейбітшілік менде,
Бейбітшілік сенде,
Бейбітшілік барлық елде,
Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бақыт барлық елде,
Тыныштық менде,
Тыныштық сенде,
Тыныштық барлық елде,
Біз өз өзімізге тілейміз Бейбітшілік, бақыт, тыныштық.
Оқушыларға бейбітшілік құсы таратылады.
Бағалау.
Үй жұмысы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Екі дос, ертегі, қазақ тілі
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×