Сайтқа кіру Тіркелу

«Аяз би» ертегісі

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі, мазмұны
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы түсінік беру, мазмұны мен құрылымын талдату.
2. Тәрбиелік: оқушыларды қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, татулыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойын кеңейту, сөйлеу мәдениетін арттыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін ұштау.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: талдау, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ер Төстік ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

ІІІ. Білім тексеру:
1. Ер Төстіктің ертегінің ұнаған жері туралы шығарма жазыңдар.
2. Ер Төстіктің ертегі кейіпкерлерінің суретін салыңдар.

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
* Сабақтың шарты: Сабақ негізінен үш ойыншымен жүргізіледі. Қалған оқушылар сарапшылар болып табылады.
І бөлім: «Табалдырық» Ойыншылар өздері конверт таңдап алып, сұрақтарға жауап береді.
Бірінші ойыншыға:
1. Уәзірлер не үшін Жаманда адамның жаманы деп шешті?
2. Хан уәзірлерімен келісіп, Жаманның әйелін алу үшін Жаманды қайда жұмсайды?
Екінші ойыншыға:
1. Уәзірлер не үшін құстың жаманы деп қырғауылды таңдады?
2. Хан Жаманды қайда көшіріп жібереді?
Үшінші ойыншыға:
1. Жаман не үшін шөптің жаманы қарақоға деді?

ІІ бөлім: Қозыкөш.
Бірінші ойыншыға:
1. Барсакелместегі «інжілі қой» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман тұлпардың сиырға шатыс екенін қалай білді?
Екінші ойыншыға:
1. Барсакелместегі «інжілі үйрек» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман гаухар тастың ішінде құрт бар екенін қалай білді?
Үшінші ойыншыға:
1. Барсакелместегі «дәудің інжілі қара арғымағы» ертегіде қалай суреттелген және хан оған не үшін қызықты?
2. Жаман ханның наубайдың баласы екенін қалай білді?

ІІІ бөлім: Беласар.
1. «Е, шырағым, жасым сексенге келгенде біреудің қанын жүктеп не қылайын? Бір сыр бар еді, оны тәңірінің өзі ғана білетін еді, мен білетін едім». Осы сөз кімнің сөзі?
2. Ертегіде Жаманды дарға асып өлтіргелі жатқанда келген адам қалай бейнеленген?
Екінші ойыншыға:
1. Ханның әкесінің аты кім еді?
2. Жаман неліктен ханға шынын айтпаған еді?
Үшінші ойыншыға:
1. Меңді сұлу Жаманды өлімнен құтқарып, дардың жібін қиып, көкірегіне қылышын тастап кеткені оның не дегені? (Мен үшін күнәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал, дегені еді).
2. Уәли байдың қызы Меңді сұлуға келген бай балалары мен бай балалары қыз берген заттарды көргенде неге ашуланатын? («Менің үйімде пышағым жоқ па, болмаса қазынамда гауһар тасым жоқ па, я тіпті қайрақ таба алмай жүрмін бе?)
ІV бөлім: Мәре
Бірінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Хан шаңыраққа қарап, ойланып жатып, қырық уәзіріне қандай жұмбақ жасырады? (жау шапты, ел бүлінді, апат соқты)
2. Жаман Барсакелместен келгенде ханға не дейді?(Уәзірлер шығарып салған соң, бір аш арыстан соңымнан қалмады. Мына жауды мұқатайын деп, қылышымды суырып алып қуып кеттім. Осы сіздің ордаға кірді ме деп отырмын)
Екінші ойыншыға ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Жаманды шақыруға хан бір адамды жібереді. Жіберген жігітті барып, үйден сығалап қараса, төрде төсек үстінде Жаман жатыр. Ал Жаманның әйелі оы уақытта не істеп отыр еді?(әйел төрдегі айнаға қарап, өз көркіне таңғалып отыр екн).
2. Жаман өзі хан болған соң ордасының маңдайшасына не шегелеп қойды? (жыртық тоны мен жаман тымағын)
Үшінші конверттегі ІҮ бөлімнің сұрағы
1. Шегелеулі тымағы мен тонына қарап, Жаман не деп өз көңілін басатын? (« Ай, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз, әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл)
2. « Аяз би» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

VІ. Түсінік тексеру:
Топтастыру стратегиясы:
жанашыр
адал
қайырымды мейірімді
айлалы кішіпейіл

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1 «Аяз би» ертегісі туралы түсінік
2. Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Аяз би ертегісіндегі Жаманның бейнесі

Аяз би ертегісіндегі Жаманның бейнесі

Қазақ халқының бай қазынасы - ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгісі - «Аяз би» ертегісінің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау,...
Аяз би ертегісі

Аяз би ертегісі

Ертеде Мадан деген хан болыпты. Хан болған соң, оның қырық уәзірі болады ғой. Бір күні хан уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: Уәзірлерім! Сендер...
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Ертегі мазмұнымен танысу, өмірдегі қарапайым адамның зеректігі мен танымдылығы, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жан-жақты аша отырып, оқушыларды...

"Керқұла атты Кендебай" ертегісі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы...

"Аяз би" ертегісі

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау, бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету; Аяз би...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×