Сабақ мақсаты:
1/Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру;
2/Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3/Оқушыларды сауатты жазуға, өнерді түсінуге, өз елін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақ әдісі:ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал - мәтелдер, үнтаспа, топшамалар.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін тұрақтандыру.
- Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
- Балалар бүгін бір - бірімізге жақсы тілектерімізді айтып, гүл сыйлайықшы.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Бақытты бол!
- Білімді бол!
- Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Ж. Жабаев "Балаларға"
Өлеңді мәнерлеп оқу. Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету.
- Жамбыл ата кім болған?
- Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан?
3. Қазақ тілі бойынша білімдерін тексеру.
- Сөйлем неден құралады
- Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
ІІІ. Жаңа сабақ. "Ән сабағы"
Авторға тоқталу. Өлеңді мәнерлеп оқу.
К. Байсейітова - қазақтың бұлбұл әншісі. 24 жасында Совет Одағының халық артисі деген атақ алған. Өмірден жастай кеткен. Киноға түскен, театрда ойнаған.
Үнтаспадан "Гәкку" әнін тыңдату.
Қазақтың әнші, бишілерімен таныстыру.
Сергіту сәті.
Мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Дәптермен жұмыс.
155 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойып, көшіру.
- Көйлекті неден тігеді?
- Нені сүттен ұйытады?
- Алманың дәмі қандай?
- Ненің түсі қызыл?
Ойын "Ойлан тап"
Сөздерден сөйлем құрап жазу.
Ауызша. 156 - жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп оқып, тиісті тыныс белгісін қою.
ІV. Қорытындылау. Сабақты бекіту.
"Өнер" сөзіне топтастыру жасау.
V. Үйге тапсырма. "Ән сабағы " жаттап келу. Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме жазу.
VІ. Бағалау.
Ән сабағы
- Раушан М
- 12 қаңтар 2012
- 17627
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш, сынып, ән сабағы, ана тілі, 1 сынып
Ұқсас жаңалықтар:

Сөйлем
Қазақ тілі 3 сынып...
Тасымал. Біздің ту
Қостанай қаласы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ермаганбетова Гулсум Казымбеккызы...
Заттың атын білдіретін сөздер
Қорғанбаева Рыскул...
Тасымал, М.Қуанышбеков, Сен бақытты ұлансың
Тасымал туралы меңгерту, өлеңді шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуға төселдіру, өлеңнің мағынасын ұғындару....
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.