Қазақ тілі пәнінен 11 сынып оқушыларымен өткізілген сайыс.
Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
Мақсаты: ҰБТ-ға дайындық барысын бақылау, қазақ тілі пәнінен білімін саралау.
Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...
Мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың білімін саралау, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын пысықтау.
Көрнекілігі: интертақта арқылы слайдтар
Әдісі: интеллектуалды сайыс
Орны: Мектептің акт залы
Жұмыс жоспары:
1. Табалдырық
2. Әудем жер
3. Қозыкөш
4. Беласар
5. Алтын көмбе
Сәлеметсіздер ме, болашағынан үміт күттірер мектебіміздің жұлдызды сәтін күтіп отырған 11-сынып оқушылары!Жас Отан» жастар қанатының II съезінде елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы жастардың қоғамдағы орнын, олардың болашақта атқарар ерен еңбектерін көрсетіп, оған жетуге бүгіннен жағдай жасап отырғанын айта келіп, жастардан үлкен үміт күтетінін, сенетінін баяндады.Елбасы ойын ХХ ғасырдың жарық жұлдыздарының бірі, ақын Мағжан тілімен баяндасақ, біз жастарға, сіздерге сенеміз.(М.Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» өлеңі оқылады)
Сіздерге арналған интеллектуальді сайысқа хош келдіңіздер!Ендеше, іске сәт.
1-кезең Табалдырық 9сұрақ:
№ Сұрақтары Жауаптары
1 Жұп құрайтын дыбыстарды ата? п-б, ф-в, т-д, с-з, ш-ж, қ-ғ, к-г
2. Екпін түрі нешеу? 4 сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні
3. «шайла» «лапас «кәрлен»қандай сөзге жатады? диалект сөз
4. Бұрғы, балта, абдыра қай тілден енген? монғол
5. Сөз соңында кездеспейтін дыбыстар б, д, г, ғ, в
6. Сан есім түріндегі «сыңар»сөзінің синонимі біреу
7. Дифтонг дыбыстарды ата? ю, я
8. Сұраулық демеуліктерді ата? ма
9. «Көз жазбау» қай сөз тіркесіне жатады? тұрақты сөз тіркесі
2-кезең Әудем жер 9сұрақ
1. «Ол жалғыз, біз екеуміз» сөйлеміндегі «жалғыз, екеуміз»сөздері сөйлемнің қай мүшесі?
Баяндауыш
2. Есімшенің қай жұрнақтарына көптік жалғауы
жалғанбайды?
-ар, ер, -р, -с, -мақ, -мек, -бақ, -бек,
-пақ, -пек;
3. Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері қандай
етістік деп аталады ?
Қалып етістік
4. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді ?
4
5. Жалғаулықты шылау орнына сызықша қойылатын қай құрмалас түрі?
Қарсылықты салалас
6. «-ды, -ді»қосымшасының тұлғалас түрлері?
Табыс септігі, демеулік шылау,
жіктік жалғау, ж.ө.ш., сын есім туд.жұр.
7. «елу, тоқсан, жүз, мың, миллион»сөздерінің қайсысы күрделі сөз?
Тоқсан
8. «педагог, психолог, округ»сөздеріне қосымша қалай жалғанады?
Жіңішке
9. Белгілі бір мақсатпен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің бұзылуы не деп аталады?
инверсия
Тыңда, дала,
Жамбылды!
3-кезең Қозы көш 6 сұрақ
1 1.Тәрбие - өмірдің тұрлаулы ұстазы сызықшаның қойылу себебі? (Атау тұлғадағы зат есім)
2. 2.Бәйбіше жанымды сығып бара жатқан соң, мені ашу кернеп кетті.Сабақтастың қай түрі? --- Себеп бағыныңқы сабақтас
3. 3.Қызылбалақтың машығына бойы үйренген жуас торы ат үріккен жоқ. (Син.морф. талдау)
4. 4.Бұл жұмысты тезірек қолға алуымыз керек (Сөйлемнің қай түрі?)-- Жақсыз
5. 5.Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді. (Сабақтастың қай түрі?) -- Қарсылықты
6. 6.Аттар тың болғанда, серіктерім Төкеш ауылына жетіп қонатын еді. (Синт.морф.талдау)
4-кезең Беласар
30 30 30
40 40 40
50 50 50
1. Шығыс септігінің көнеленуінен жасалған үстеу (мысал: шалқасынан, ежелден)
2. Көмектес септігімен тіркесетін шылау (мысал: қатар, бірге)
3. Демеулік шылаудың түрлерін ата: Сұраулық, лептік, күдіктік, шектік, болымсыз, нақтылау
4. Аманкелді (атып тұрып).Кешігіп қалыпсыз, мырза! Жақша неге қойылған?------- (Кейіпкердің атынан кейін ремарка келсе, ол кіші әріппен жазылып, жақшаға алынады.)
5. Ұлжан енесіне бағана, Абай ұйықтап жатқанда, бар жайды айтқан. Үтірдің қойылу себебі?
Оңашаланған айқындауыш
6. Шешендік сөзге қандай талаптар қойылады? Сөз мазмұнының тереңділігі, ойдың жүйелі берілуі, пікірдің дәйектілігі, дәлелділігі
7. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңындағы тарау саны қанша? (6)
8. Дауысты «а»дыбысы – жуан дыбыс. «Ат» - көп мағыналы сөз. Тырнақшаның қойылу себебі?
Объект етіп алынған жеке сөздер, сөзтізбектері, әріптер, буындар тырнақшаға алынады.
9. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы? (М. Ғабдуллин)
5 – кезең Алтын көмбе 5 сұрақ
1. Сілтеу есімдігінен кейін сызықша қойылатын салаластың түрі?—(Түсіндірмелі салалас)
2. ” Шешен сөз” ұғымын алғаш термин ретінде қолданушы кім?--- (Ахмет Байтұрсынов)
3 Қазақтың шешендік өнері туралы тұңғыш ой – пікір білдірген ғалым? (Шоқан Уәлиханов)
4 Жіктелмейтін көсемшенің жұрнағы----(- ғалы; - гелі; - қалы; - келі)
5 Оқуға түсуге, біріншіден, қаражаты жоқ, екіншіден білім жетпейді. Қыстырма сөзді мағыналық жағынан ажырат ---- (Ой тәртібі)
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
- Cауле
- 15 желтоқсан 2012
- 14248
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сыныптан тыс жұмыс, білімін тереңдету, интеллектуалды сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу ерекшелігі? Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас...Тіл жанашырлары
І топ 1. Дауысты дыбыстар саны қанша? 2. Буынның неше түрі бар? 3. Орфография нені зерттейді? 4. Дисфемизм дегеніміз не?...Емтихан сұрақтары
Қазақ тілі пәнінен 5 «А» сыныбына арналған жалпы аттестаттау емтихан материалдарына аннотация. Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған қорытынды...Жүйріктен жүйрік озар - жарысқанда
Қарағанды қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Аязбаев Асет Муратович...қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.