Кітап үзіндісі: Ажалың жоқ болса, алпыс айдаһар жабылса да өлмейсің...
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Адамға рухани бостандық керек. Ертедегі құлдар заманында адамдардың аяқ - қолы кісенделсе, қазір ақыл - ойы кісендеулі...
Төлен Әбдік "Ақиқат"
Өлімді әркім әртүрлі қабылдайды. Біреулерге өлім — ауыр қаза, орны толмас қасірет. Мәулана Жәләлуддин Руми: "піспеген жеміс бұтаққа жабыса түседі", - дейді. Сол секілді санасы жетілмеген (өз болмысын аша алмаған) адамдар піспеген жеміс секілді, тірлікке (бұтаққа) жабыса түседі.
Омар Жәлелұлы "Махаббатсыз дүниедос"
Жалпы, кітапты тек оқып қою жеткіліксіз.
Оқығанды орынды қолдана білу керек. Анализ жасау, ойлау мәдениетін қалыптастыру қажет. Мәселен, адам көп оқыған болуы мүмкін. Бірақ оқығаны бойынша сұрақ қойсаң, жөнді жауап ала алмайсың. Себебі ол жүйесіз немесе әр жерден теріп - теріп оқыған. Бұлай оқу пайда емес, зиян әкеледі. Асығыс оқылған ақпарат дәл сондай жылдамдықпен ұмытылады.
И. Поварнин жалған оқымыстылықты, жүйесіз түсінікпен оқуды - зиянды оқу түріне жатқызған. Осылай кітап оқыған адамның миында бір - бірімен байланысы жоқ қорытылмаған ақпараттар болады. Сондықтан аз білсеңіз де, сенімді әрі жұмыс істейтін ақпаратпен сусынданғаныңыз жөн.
Оқылған нәрсе жүзеге асырылуы тиіс. Әйтпесе, жай ғана ақпаратқа толы адам боласыз...
А. Кенжалы, Е. Бақытжанов "Не үшін оқу?"
Ажалың жоқ болса, алпыс айдаһар жабылса да өлмейсің...
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"
Басқаны тебіренту үшін ол жәйтті әуелі өзің бастан кешу керек. Көру бар да, оны түйсіну, әдемі әңгімелеп беру бар!
Жюль Верн "Патша шабарманы"
Сендер жассыңдар!
Сендер салқын ақылдың сыбырынан гөрі 1 минуттық көңіл - күйдің ырғағына көп ересіңдер. Бұл опық жеуге апарады.
Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"
Отбасылық өмір театр қойылымы емес. Жоспарланған жүйе бойынша жүрмейтінін түсіну керек. Әрі бұған дайын болған жөн.
Руслан Қамбар "Үйленбей тұрып үйрен"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кітап үзіндісі: Ажалың жоқ болса, алпыс айдаһар жабылса да өлмейсің...
- ramuk_b
- 21 қазан 2024
- 484
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кітаптардар үзінділер, жазушылар шығармалары қысқаша мазмұны
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: Ішімдік сақауды да сөйлетеді
Бақыт дейтiн шашылып жатқан жоқ, басқан жерiңнен табыла бермейдi. Оны ұғуың керек, табу керек, сонан соң иемдену үшiн күресу керек....Кітап үзіндісі: Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды?...Кітап үзіндісі: Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан ...
Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан кейін қиянат. Қажығұмар Шабданұлы "Қылмыс"...Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді
Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.