Көркем сөздің құдіреті
ТЕЛЕГЕЙ
Шексіз, ұшан - теңіз, мол, көп.
Көбіне Телегей - теңіз (телегей теңіз) тіркесінде қолданылады, яғни ұшы - қиыры жоқ, өлшеусіз.
Мысалдар:
1. Саңғал киізден сығалаған аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ.
(Ж. Аймауытов, Ақбілек)
2. Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдатып ол келеді.
(М. Әуезов, Еңлік - Кебек /театрға арналған нұсқа/)
3. Жаз көңілім жарқыра,
Телегей жыр төгіл де.
(Қ. Аманжолов, Жазғы жыр)
4. Телегей - теңіз кең дала, быжнаған мал, жайлаудағы жайраң ел, асық ойнаған, тайға мінген, бозбалашылық еткен күндер...
(Ғ. Мұстафин, Көз көрген)
5. Телегей - теңіз тарих бар Ботагөздің сөзінде.
(С. Мұқанов, Ботагөз)
ЖҮНЖУ
Азып - тозу, жүдеу, жасу, еңсесі түсу, керенау тарту.
Мысалдар:
1. Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
(С. Сейфуллин, Жас қазақ марсельезасы)
2. – Жоқ, барасың! – деді шеше, бұйырған дауыспен, - немене, жүнжіп кеткенің? Осындай жігіт бола ма екен, басына түскен бір іске мұқап қалған?..
(С. Мұқанов, Балуан Шолақ)
3. Сиыр жалаған бұзау жүніндей шашы бұрынғыдан бетер жылмиып, иығы түсіп жүнжіген Палий жиналыстан кетуге мәжбүр болды.
(Ш. Мұртаза, Қызыл жебе: 2 кітап)
4. Ұнжырғаңды түсірмей, тік жүр. Жұрт сені: «әйелі өлгеннен кейін жүнжіп кетіпті» демесін!
(Ә. Нұршайықов, Мәңгілік махаббат жыры)
5. Ақылды кім, адал кім –
тұңғиыққа қамалдың,
ерің жүнжіп ез болды –
құлқы осындай заманның.
(Ф. Оңғарсынова, Жыраудың мұңы)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Көркем сөздің құдіреті
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 1782
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көркем сөздің құдіреті, телегей, жүнжу, Шексіз, ұшан - теңіз, мол, көп
Ұқсас жаңалықтар:
Бетіңді баспа
Әбілет пен Тәбілет зина жасағаннан кейін күнәнің оты жүректерін өртепті. Алланың дидарына қараудан мақұрым қалғанын ұғыпты....Көркем сөздің құдіреті
БҰЙЫҒЫ 1) Тұйық, ұяң; 2) Біртоға, бірқалыпты. Бұйығу – тұйықтану; бүрісу....Зипа
ЗИПА Көрікті, сымбатты, сұлу, бәденді, шырайлы. Зипа бой – сұлу, бипаз мүсінді дене....Боркемік, бұла
Бос, болбыр, осал, жасық. Мысалдар: 1. Бой түзеген, боркемік. Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек! (Д. Бабатайұлы, Замана сазы)...Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Кітап - ғылым – тілсіз мұғалім....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.