Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» Мектеп:№3 Қ. Қошмамбетов ат ОМ
Күні: Мұғалім: Дуржанова Б
Сынып: 6 пәні: қазақ әдебиеті
Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Р. Ғамзатов «Менің Дағыстаным»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
6. 1. 2. 1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6. 3. 3. 1 - шығармадағы кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді, кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
Оқушылардың басым бөлігі: Шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселеге өз көзқарастарын білдіріп, идеясын анықтайды, кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады
Кейбір оқушылар: Шығарманың идеясы арқылы анықталған әлеуметтік - қоғамдық мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады, отбасылық құндылықты заманауи тұрғысынан талдап, дәлелдер келтіреді, әдеби эссе жазады.
Бағалау критерииі – Шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені идеясы арқылы анықтайды.
– кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдайды;
– әдеби эссе жазады
Ойлау дағдысы талдау, бағалау
Құндылықтарды игерту: «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының алтыншы құндылығына сәйкес тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығын сақтау, ана тілін қастерлеуге үйрету.
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:
әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені түсіндіреді, кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дағыстандық суретші, суретшінің анасы, автор, «Елді аңсау», «Тордағы құс» аңызы т. б
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Тау ішінде өз тілін қастерлемейтін адам сый - құрметтен жұрдай болады. Шұбар тіл - мен жазылған жырын да ешқашан тау - ана оқымайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тілді қастерлеу отбасылық тәрбиеге байланысты ма?
Осылай ойлауға не түрткі болды?
Пәнаралық байланыс тарих, география, бейнелеу өнері
Алдыңғы білім Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін - ақ!
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. «Әр елдің сәлемдесуі» ойыны.
Қазақтар қол алысады, Италияда құшақтасады, Аустралияда иығын қағады, Аргентинада арқасымен, Зимбабведе шынтақпен, Филиппинде шапалақтасып, секіреді.
Топқа бөлу. Тіл туралы мақал - мәтел, өлең, қарасөз жазылған парақшалар арқылы оқушыларды үш топқа бөлу. Мысалы, «Өзге тілдің бәрін біл», «Өз тіліңді құрметте», «Тіліне жаны ашымаған адам – жәндік»,«Өнер алды – қызыл тіл», «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», т. б.
Ой қозғау. Назар шоғырландыру – «333» тәсіл
«Тіл – Діл – Рух» осы үш сөзді байланыстырып, өз ойларыңды білдіріңдер. Осы үш ұғымның байланысы қандай?
- Тіл мәселесі күрделі.
- Әсіресе біздің қазақ халқы үшін шешімін таппай келе жатқан мәселе.
- Тілдің астарында діл, рух мәселелері жатыр.
- Діл – ұлттың рухани мінез - құлқы
- Жер бетінде рухты халықтар жойылмайды.
- Сол рухты халықтың қатарына тау халықтары жатады, біз де сондай халық болсақ екен.
/Бұл тәсіл арқылы оқушылардың жаңа білімді игеруге құштарлығы артады, жаңа ақпараттармен, идеялармен алмасып, тікелей қарым - қатынас жасайды, алдағы белсенді танымдық жұмыстар туралы өзіндік тұжырым қалыптасып, өзін - өзі басқаруға басты назар аударады/.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Сабақ ортасы
10 мин 1 - тапсырма. Топтық жұмыс.
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы қолдана отырып, шығармадағы көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені талқылаңыз.
«Ашық сұрақтарды» талқылай отырып, ортақ шешімдерін пирамида текшелеріне жазады.
– Авар халқы тіл мәселесіне қалай қарайды екен?
– Р. Ғамзатовтың «Тау ішінде өз тілін қастерлемейтін адам сый - құрметтен жұрдай болады. Шұбар тілмен жазылған жырын да ешқашан тау - ана оқымайды» деген ойлары нені меңзейді?
– Шығармадан қандай отбасылық құндылық байқадыңдар?
– Шығармаларда қанша кейіпкербар?
– Кейіпкерлер несімен ерекше?
– Бүгінгі өмірде дәл осындай кейіпкерлер бар ма?
Дескриптор:
1. Шығармадағы көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені талқылайды.
2. Өз пікірлерін ортаға салып, идеясын анықтайды.
ҚБ. «Үш шапалақ» тәсілі
(1 - толық емес, 2 - орташа түсінік, 3 - толық түсінікті)
Қалыптастырылатын дағдылар:
- ойлану;
- талдау;
- тиісті ақпаратты жинақтау
- шешім қабылдау;
Сұрақ төңірегінде әр топ оқушылары өз пікірлерін ортаға сала отырып, сараланған дәлелді дәйектерді ұсынады. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір - бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып, ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, оқылған материал бойынша мәтіннің негізгі ойын анықтап, қорытынды жасауға үйренеді.
/Осы тәсіл арқылы біз неге қол жеткіземіз? Бұл әдіс арқылы оқушылар шығарма мазмұнын қаншалықты меңгергендігін байқатады. Оқушылар анағұрлым толық жауап беруге, өз пікірлерін білдіруге, ортақ шешімге келуге дағдыланады, яғни әлеуметтік әрекеттесу арқылы оқыту жүзеге асады./
Нәтиже немесе жауап бойынша саралауда бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.
2 - тапсырма. Топпен жұмыс.
«Әуе шары» тәсілі арқылы кейіпкерлер қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдаңыз.
Берілген сұрақтарды топта талқылап, ортақ мәмілеге келіп, жауабын әуе шарының белдеуіне жазып, ұшуға мүмкіндік алады.
1. Әуе шарында кімдер болуы мүмкін?
2. Кейіпкер туыстарымен бақытты болуы үшін оларда не болуы керек?
3. Олардың бақытты болуына қандай факторлар кедергі жасады?
4. Қиындықпен күресудің қандай жолын ұсынасыңдар?
5. Мәселені қалай шешер едіңдер?
6. Шығармадағы қай эпизод несімен құнды? Осы эпизод қызықтырған оқушылар әуе шарына келіп отырады.
Дескриптор:
1. Сұрақтарға жауап береді.
2. Кейіпкерлер қарым - қатынасын талқылайды.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша құнды пікірлер айта білген оқушыларға жұлдыз ұсынылса, әлі де ойды жетілдіру қажет ететін оқушыға тілек ұсынылады. Өзара бағалау
Қалыптастырылатын дағдылар:
- Бірлескен жұмыс, ынтымақтастық;
- Ақпаратты жинақтау, сұрыптау;
- Белсенді тыңдау;
- Ойлау, шешім қабылдау;
/Бұл тәсілдің тиімділігі: оқушыларға тақырыптың талқылау дағдыларын дамыту және деңгейін арттыру үшін сұрақтар ұсынылады, сұраққа жауап бере отырып, бір - бірінің жауабын өзара бағалайды/
Қарым - қатынас формалары бойынша саралау: Бұл саралау түрі ынтымақтастық оқыту арқылы іске асырылады. Шағын топта қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Яғни білімді өз бетінше игере алмаса да, бірақ құрбысының көмегімен (ЖАДА) қажетті білімге қол жеткізе алады. Ал қабілеті жоғары оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады. Қарым - қатынас формалары бойынша саралаудың пайдалы тұсы оқушыларды ынтымаққа, бірлікке, татулыққа баулу
3 - тапсырма Жеке жұмыс Эссе жазу
«Тіл бар жерде өмір бар» деген тақырыпта эссе жаз. Ойыңа нақты дәлелдер келтір. Эссенің сөз саны – 120 – 150 сөз.
Дескриптор:
1. Эссе құрылымын сақтайды.
2. Кіріспе бөлімде тіл қасиеті туралы өзіндік пікір білдіреді. (20 – 25 сөз);
3. Негізгі бөлімде ана үкімі, тіл мәселесіне отбасының қатаң талап қою себебін анықтайды (50 сөз);
4. ана мен авар халқы қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (50сөз);
5. қорытынды бөлімде ана мен авар халқы бойынан өзіне, қазақ халқына үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20 – 25сөз).
ҚБ. «Жазбаша кері байланыс» әдісі арқылы жұптағы серіктестер бір - бірініің эссесіне «Негізі сен дұрыс жазғансың, алайда дәлелдемелер керемет немесе солғындау шықққан» деп кері байланыс жасайды, өзара бағалайды.
«Автор орындығы»әдісі бойынша ең жақсы деп танылған эссені әр топтан бір оқушыдан «Автор орындығына» отырып оқып береді. Өзін - өзі бағалау жүзеге асады.
Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау: себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс. Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін.
Флипчарт тарату
Таймер АКТ
Топпен, жұппен және жеке жұмыс
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс; Қауіпсіздік ережелері; АКТ - мен байланыс; Құндылықтармен байланыс(тәрбиелік элемент)
Сабақты жоспарлау барысында сабақ мақсаты оқу мақсаттарымен келісілген және пән ерекшелігіне бағытталған. Сабақ мақсатын сынып оқушыларының қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырдым. Бағалау критерийлері бойынша оқушыларды саралауда қарапайымнан күрдегіге қарай бағыттадым.
«Пирамидалық талқылау» стратегиясын қолдана отырып, шығармадағы көтерілген әлеуметтік - қоғамдық мәселені талқылауда нәтижеге немесе жауап бойынша саралау арқылы топтағы барлық білім алушыға қолдау көрсетемін, себебі бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.
«Әуе шары» тәсілі арқылы кейіпкерлерді қарым - қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдауда қарым - қатынас формалары бойынша саралау жүргізіледі. Бұл саралау түрі ынтымақтастық оқыту арқылы іске асырылады. Шағын топта қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Яғни білімді өз бетінше игере алмаса да, бірақ құрбысының көмегімен (ЖАДА) қажетті білімге қол жеткізе алады. Ал қабілеті жоғары оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
Эссе жазу тапсырмасында оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау жүреді,
себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс. Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін Бағалау критерийі негізінде оқушының жас ерекшелігі ескерілген, тапсырма бойынша кері байланыс жасалды. Мұнда сабақ мақсаты түсіну және жауап беру мен бағалау - салыстыруға негізделгендіктен, «Үш шапалақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жазбаша кері байланыс» әдістерін қолдандым.
Оқушылардың сабақ барысында меңгерген білімдерін бағалау мақсатында мұғалімнің ауызша кері байланысы да оқушылардың өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін өздері жақсартуға септігін тигізеді деп ойлаймын Сабақ үдерісінде денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауға мән берілуі керек.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, бейнелеу өнері Қауіпсіздік ережелерін сақтау: АКТ - мен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалаймын. Сабағым отбасылық құндылыққа негізделгендіктен, оқушының отбасындағы алар тәрбиесін ұлттық тәрбиемен, бүгінгі өмірмен, еліміздің болашағымен байланыстырдым.
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаты шынайы болды, жүзеге асырылды.
Оқушылар сабақ тақырыбын түсінуге, анықтауға және талдауға үйренді.
Сыныптағы топтық жұмыс үшін сараланған тәсілді қолдану оның тиімділігіне ықпал етеді. Сабақтағы саралау оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып жүргізіледі.
Сабақты өткізудің барлық уақыт кезеңдері сақталады.
Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір - біріне қолдау көрсетіп, қарым - қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
- Kaliaskarovnasara
- 2 қазан 2019
- 2364
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сабақ жоспары қазақ әдебиеті, тәуелсіздік қасиет тұнған ұлы ұғым
Ұқсас жаңалықтар:
«Алып Ер Тоңға» жыры
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6 Б/С1 Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және...Халық поэзиясының алыбы Д. Жамбылова «Жәкем»
Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық...Статистикалық мәліметтер
Сабақтың мақсаты: 1. Статистикалық мәліметтер туралы білу. 2. Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіну....5 саны мен цифры
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1. 1. 1. 2 **бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1. 1. 1. 3 **бір таңбалы сандардың құрамын...Ахмет Йассауи «Даналық кітабы»
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: - Шығарманың мазмұнын түсініп, идеясын ашады. - Шығармадан қажетті үзінділерді тауып оқиды, өз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.