Сайтқа кіру Тіркелу

Сулы жер – нулы жер

6. Т/А. 3. 1. Тыңдалған мәтін мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.
6. Ж. 3. 1. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастыру.
- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;
- мәтін желісі бойынша графиктік мәтіндер құру;
- тыңдалған мәтін негізінде ақпаратты анықтайды;
- мәтіндегі детальді ақпараттар негізінде графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрады.
Ой қозғау. «Қазына іздеу жолында». Сабақ тақырыбына қатысты өлең жолдарын жазып, парталарының астына жасырамын. Оқушылар тауып алып, сабақтың тақырыбы қандай болатынын болжайды. Тақырып анықталған соң сабақ мақсаты хабарланады.

Тыңдалым алды.
- Қазақстандағы ірі өзендерді білесіңдер ме?
- Батыс Қазақстандағы яғни өз өлкемізде қандай өзендер бар?
- Өзендер туралы ақпараттарды қайдан алуға болады?
Қазір «Қазақстандағы өзендер» атты бейнеролик мәтінін тыңдаймыз. Сіздер сол мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайсыздар. (мәтінді екі рет тыңдау)
Тыңдалым кезі тапсырмасы. Ж.
Мәтін не туралы?
Жалпы ақпарат. Қандай өзендер аталады? Оларға қатысты қандай детальді ақпараттар бар?

Дескрипторы:
- мазмұнын түсінеді;
- детальді ақпаратты табады;
- детальді ақпаратты толық табады
ҚБ. ЖЖ. «Көршіңе әңгімелеп бер» толтырған кестесін пайдаланады, өзара бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Ж.
Оқушыға ортасы алынып қалған шағын мәтін беріледі. Мәтінді бастапқы ой мен соңғы ойдың желісі арқылы толықтырып айтады.
Дескрипторы:
- ұсынылған шағын мәтінді оқиды;
- мәтіннің өзара байланысын анықтайды;
- бастапқы ой мен соңғы ойдың желісі арқылы мәтінді толықтырады.
Бағалау критерийі: ұсынылған мәтін негізінде толық мәтін құрастырады.
ҚБ. «Шаршылар» әдісі бойынша жұмысты аяқтағаннан соң оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса шаршыны «қызыл», аздап түсінсе «сары», жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса «жасыл» түске бояйды.

Жазылым тапсырмасы. ТЖ.
Оқушылар кестеге түсіріп алған детальді деректерге сүйене отырып, графиктік мәтін (диаграмма, сызба, кесте) құрастырады. (топ арқылы саралау)
1 - топ. Графиктік диаграмма құрастырады.
2 - топ. Кесте құрастырады
3 - топ. Сызықтық диаграмма құрастырады.

Дескриптор:
- график мәтініне тақырып қояды;
- детальді ақпаратты қолданады;
- графикалық мәтінге (диаграмма, кесте, сызба) түсіреді;
Бағалау критерийі: мәтіндегі детальді ақпараттар негізінде графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрады.
ҚБ. «Әткеншек» әдісімен топтардың өзара бағалауы.

Рефлексия
Не тыңдадық? Не жаздық? Не үйрендік?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Жануарлар әлемі. қазақ тілі 5-сынып

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 4. 1. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау....
Тақырып және мәтінді жоспарлау

Тақырып және мәтінді жоспарлау

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік мақсаты: мәтін туралы алған білім, білік дағдыларын іс - жүзінде шығармашылықпен сауатты қолдана білу, дағдыландыру....
Төрт түлік малдың пайдасы

Төрт түлік малдың пайдасы

7. Т3. Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну; 7. А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер,...
Мәдениет пен тіл

Мәдениет пен тіл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты...
Диаграммаларды құру

Диаграммаларды құру

Оқушылардың MS ЕХСЕL де диаграммаларды құруды және мүмкіндіктерін пайдалануды үйрету. Компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға, жан — жақты болуға, өз...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×