Сайтқа кіру Тіркелу

«Қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгілерін қайталау» (9 сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Қаратпа сөздерге қойылатын тыныс белгілерін қайталау» (9 сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Қаратпа сөз және оның тыныс белгілері туралы алған білімдерін қайталау, сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер екенін ұғындыру, саналы меңгерулерін тексеру.
2. Дамытушылық: Ой өрісін, сөз байлығын дамыту, өз бетінше талдау дағдысын тұрақтандыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білу арқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға, ұшқырлыққа, ойлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, зерттеу, түсіндіру, Блумның токсономиясы, INSERT стратегиясы.
Сабақтың жабдығы: слайд, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу;
2. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
3. Ашық сабақ екенін айтып өту;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Қайталау - білім анасы»дегендей, сұрақ - жауап әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру
Ой шақыру.
1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)
3. Қаратпа сөз дегеніміз не?
4. Үтір қандай жағдайларда қойылады?
Мұғалім: Біз бүгінгі «Қаратпа сөздердің арасына қойылатын тыныс белгілерін қайталау» сабағымызда Блумның токсономиялық әдісінің 6 бағыты арқылы жұмыс жүргіземіз. Ендеше бүгінгі сабаққа ат салыса қатысуларыңды сұраймын.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп - тегіс, жұмыр келсін айналасы
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы, – бұл қай ақынның өлеңінен алынған үзінді?
I. Суретте. 3 қатарға сауалдар беру. Ұлы хакім Абайдың өлеңдерінен мысал келтіру
1 - қатарға – Қаратпа сөз сөйлем басында келген жағдайда?
1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, одан кейін үтір, не леп белгісі қойылады.
Леп белгісі қаратпа сөз ерекше сезіммен айтылғанда қойылады:
Жанар, қолыңды жу. Жолдастар! Бейбітшілік сақталсын!
2 - қатарға - Қаратпа сөз сөйлем ортасында келген жағдайда?
2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса, екі жағынан үтір қойылады:
Жарайды, Серік, көмегіңе рақмет!
3 - қатарға - қаратпа сөз сөйлем соңында келген жағдайда?
3. Қаратпа сөз сөйлемнің соңында тұрса, алдынан үтір қойылады:
Оқып жүрмін, ата.
II. Салыстыр. Қаратпа сөздерді одағай, қыстырма, оңашаланған айқындауыш мүшемен салыстыру, тыныс белгілерін айқындау, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айту.
 Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.
 Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады.
 Үлкен ұлы, Асаны, еңбекқор азамат еді.
III. Ойыңызбен байланыстырыңыз. Кітаппен жұмыс жасату. 170 - жаттығу.
Тапсырмасы: Қаратпа сөздердің орнын ауыстырып жазу. Қандай тыныс белгісі қойылады?
Әр қатарға екі сөйлемнен беріледі.
1. Ойбай - ау, ағатай - ау, екі - үш айға бір - ақ төлеп едік қой.
2. Ата - ау, неғып жүрсіз қараңғыда?
3. Ақсақал, баяғыны қоя тұрыңыз. Ол ескіліктің қалдығы.
4. Апыр-ай, апай – ай, қалай шаршамайсыз?
5. Жалғыз сен ғана емессің ғой, қалқам.
6. Ол жағына қам жеме, інішек, өзің де сақ бол!
IV. Қолдану. Берілген сөздерді қаратпа етіп алып, төмендегі тақырыптарға эссе жазу.
• «Атам туған ауылда»
• «Армысың, атамекен!»
• «Армысыңдар, дарқан мінез бауырларым»
Керекті сөздер: бауырым, құлыным, қарағым, апа, әже, атамекен, жасыл жайлау, шырағым, ауылым, кіндік қаным тамған жер, ыстық мекен, сағынышым, балалық іздерім.
V. Зертте. Қаратпа сөздерді зерттеу.
1 - қатар «Тарихшылар»
2 - қатар «Тілшілер»
3 - қатар «Әдебиетшілер»
VI. Талдау. Бекіту Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Сөйлемнің басында тұрған қаратпа сөзді көрсетіңіз.
А) Кеше жаңбыр жауды. В) Сенің атың қалай, балам? С) Қап, әттеген - ай! Д) Асқар, бүгін күн жылы ма? Е) Оян, қазақ!
2. Құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол, сірә, бүгін келмейді. В) Кел, балалар, оқылық! С) Мен дүкенге бардым. Д) Піскен алма жерге түсті. Е) Паһ, шіркін!
3. Сөйлемнің ортасында келген қаратпа сөзді табыңыз.
А) Бәйтерек - өте биік ағаш. В) Үйге кір, балам, шай ішіп кет. С) Қарағым, қашан келдің?
Д) Бүгін сабаққа дайынсың ба, Абай? Е) Әжем сандықты ашты.
4. Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған үтірді көрсетіңіз.
А) Уа, туған жер, аша бер құшағыңды. В) Уа туған жер аша бер, құшағыңды. С) Уа туған жер, аша бер құшағыңды. Д) Уа туған жер, аша бер, құшағыңды. Е) Уа, туған жер аша бер, құшағыңды.
5. Сөйлемдерден қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылғанын анықтаңыз.

A) Алмас, екеуіміз баққа барайық. B) Алмас екеуіміз баққа барайық. C) Алмас екеуіміз, баққа барайық. D) Алмас екеуіміз баққа, барайық. E) Алмас екеуіміз! баққа барайық.
Дұрыс жауап: А
6. Қаратпа сөздің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Аяқталмаған ойды білдіреді.
В) Заттың атын білдіреді.
С) Біреудің назарын өзіне қарату мақсатында айтылатын сөздер.
D) Айтушының көңіл - күйін, әртүрлі эмоциясын білдіретін сөздер.
Е) Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының түрлі көзқарасын білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап: С
7. Сөйлемдегі қаратпа сөзді анықтаңыз.
Апа, қазір кино басталады, теледидарды қосайыншы.

А) Қазір.
В) Басталады.
С) Теледидарды.
D) Қосайыншы.
Е) Апа.

Дұрыс жауап: Е
8. Орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

Қаратпа сөз.

А) Прямая речь.
В) Диалог.
С) Слова автора.
D) Обращение.
Е) Прилагательное.

Дұрыс жауап: D
9. Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын анықтаңыз.

A) Сөйлемнің тек басында тұрады.
B) Сөйлемнің тек соңында тұрады.
C) Сөйлемнің басында, ортасында және соңында тұрады.
D) Сөйлемнің тек ортасында тұрады.
E) Жеке сөйлем болып тұрады
Дұрыс жауап: С

10. Қаратпа сөз бар сөйлемде қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз.
A) Нүкте.
B) Сұрау белгісі.
C) Сызықша.
D) Үтір.
E) Тырнақша.

Дұрыс жауап: D
Не білеміз? Не білдік? Нені білгіміз келеді?

Қорытындылау. INSERT стратегиясы арқылы оқушылар алдарындағы үлестірме қағаздарды толтырып, қорытындылайды

Бағалау.
Үйге тапсырма: 172 – жаттығу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×