Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №24

«Қарашығын»
Шалғыны мол, кең қоныс Барлыбайда отырған Абай ауылы. Бүгін бұл ауылда бір үлкен әбігер бар. Жаңа үйлер көптеп тігілген. Жан-жақта қыз-келіншектер ас-мәзір дайындауда. Бүгін Әбіш (Әбдірахман, Абайдың Ақылбай және Күлбаданнан кейінгі үшінші перзенті) келетін күн. Ол осыдан екі жыл бұрын Петербордағы Михайлов атындағы артиллерия училищесіне оқуға кеткен болатын. Көп ұзамай ол да келді. Бүкіл ауыл оны құшақ жая қарсы алды. Өзі орыс жерінде жүре беріп, азып кеткен сияқты. Сол күні қызық думан боп, бірталай әндер шырқалды. Ақылбай скрипкада орыстың «Ермак», «Бродяга» секілді әндерін орындап берді. Ертесі күні Әбіш Дәрмен және Мағаштармен бірге өткен күзде қайтыс болған Ұлжан әжесіне құран оқып, сол жақтағы өз шешесі Ділдәні де көре келуге аттанды. Барып көзіне жас ала құран оқып, Кәрі әжесі Ұлжанды еске алды. Шешесімен көрісті. Ділдә Әбішке: «Биыл үйленбесең де айттырып қоямын. Мына көрші ноғай Махмұттың Мағрипа деген бойжеткені бар. Сен сонымен кетер алдында танысып кет», - деді. Әбіш біраз қысылғандай болды да үн қатқан жоқ.

Әбіштер көп бөгелмей Ақшоқыға қайтты. Абай баласы Әбіштен Россия туралы сұрап білуден шаршамайтын. Ал Әбіш Базаралы ісі туралы сұрады. Абай қатты күрсініп, ел ішіндегі оқтын-оқтын орын алатын теңсіздіктерді айтатын. Сосын олар Степан Разин және Пугачев көтерілістері туралы әңгімелесе кетті. Эмильян Пугачевті аямай төрт бөліп тастағаны (Кремль жанында) туралы да сөз қозғалды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №27

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №27

Қоңырәулиеден қайтқан жастар ел ішінде үлкен әлек тұрғанын Абайдан есітеді. Ол әлек Оспан мен Оразбай арасындағы дау екен. Оразбай қасындағы Керей,...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №26

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №26

Қазір Абай ауылы Қызылқайнар деген жерде қоныстап отыр. Қарабатыр, Әнет, Торғай мен Топайдан талай ауыл көршілес қонған. Үй ішінде Абай мен Әбіш...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25

Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын»...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21

Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×