Рухани жаңғыру
Өрнекті өрмек өнері
Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок).
Термелі өрнек – кілем тоқитын құрал. Бұған жалпақ тоқыма бұйымдары тоқылады.
Жәй өрмек – бұған енсіз құр, бау, терме, басқұр сияқты бұйымдар тоқылады. Жәй өрмек бірнеше бөліктерден, құралдардан құралады.
Қазық – желі және өрмек өрісі үшін қажет қазықтар.
Кергіш қазық – өрмек өрісін алдыңғы жағынан керіп тұрады.
«Күйеу қазық» - өрмекті арт жағынан керіп тұратын қазық. «Жетім қазық» деп те атайды.
Күзу шыбығы – арқау жіп өткізетін ағаш шыбық.
Күзу арқалығы – күзу шыбығын тең көтеріп тұрады.
Мосы – арқалықты көтеріп тұратын үш бұтты құрал.
Адарғы – өрмек өрісінің астыңғы және үстіңгі беттерін айқастыратын ағаш құрал.
Серу ағаш – өрмек өрісі енін, жіптерін бірдей етіп ұстап тұратын құрал.
Жүгіртпе – арқау жібін өткізіп тұратын құрал.
Қылыш – адарғыдан кейін арқау жібін тығыздайтын қылыш тәрізді ағаш.
Бақылау жіп – өріс жіптері шатыспау үшін қолданылатын (буатын) бөлек жіп.
Тергіш – өрнек шығару үшін түрлі - түсті жіптерді теретін (іріктейтін) ағаш құрал.
Еркек жіп – күзуде тұрған желі жіптерінің үстіңгі беті.
Ұрғашы жіп – астыңғы беті.
Шатыс – еркек және ұрғашы жіптердің адарғы арқылы айқасуы.
Тарту жіп – күзуді қозғалмау үшін қатты тартып бекітіп қоятын мықты жіп.
Жіп қашу – желі жіптерінің үзілуі.
Арқау – тергіштен кейін шатысты ұстап қалатын, жүгіртпеге оралған арқау жіп.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері. жүктеу
Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері
- aiboll
- 9 желтоқсан 2017
- 2816
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рухани жаңғыру, өрнекті өрмек өнері, өрнек тоқу құралдары
Ұқсас жаңалықтар:
Үй тұрмысында қолданылатын құрал-жабдықтар
Ошақ — қазан орнатуға арналған тұғыр. Ошақты қазанның астына от жағу үшін оны көтеріп тұратындай етіп қалайды. Жасалуына байланысты ошақтың жерошақ,...Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары
Рухани жаңғыру Шеберлердің құрал - жабдықтары ▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап. ▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді...Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары
Рухани жаңғыру Тұрмыстық, шаруашылық саймандары ▪ Құрал - сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы....Өрмек тоқу өнер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды аулы, №77орта мектебінің технология пәні мұғалімі Әлжанов Боранбай Сағиұлы...Алаша тоқу
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №7 Жалпы орта білім беретін мектебінің Бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Жаманов Ербол Тұрарұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.