Рухани жаңғыру
Шеберлердің құрал - жабдықтары
▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап.
▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді өлшеуіш әрі ою салатын құрал.
▪ Бақауыз – темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап.
▪ Балға – соғатын, қағатын аспап.
▪ Бұрғы – ағаш тесетін құрал.
▪ Біз – етікші құралы.
▪ Білтегеш – тоқымашының тоқу құралы.
▪ Жоңғы – ағаш қабығын жонатын құрал.
▪ Жуалдыз – ине тәріздес құрал.
▪ Көземел ине – жасуы үлкен ине.
▪ Иненің жасуы – көзі деген мағынада.
▪ Инелік – ау тоқитын құрал (ағаш, сүйек).
▪ Тебен – қалың бұйымдар (текемет, киіз) тігетін үлкен әрі жуан ине.
▪ Егеу – темір егейтін құрал.
▪ Мәймөңке – ұшы қисық ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш.
▪ Сыдырғыш – өрімшінің өрімді тегістейтін құралы (сүйек, қатты ағаш).
▪ Сабау – жүн сабайтын ұзынша жіңішке ағаш.
▪ Сояу – талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін иненің бір түрі (сүйек, ағаш).
▪ Сүргі – терінің көк етін алатын құрал.
▪ Кескір – темір кесетін құрал.
▪ Көрік – ұстаның шоқ үрлейтін құралы.
▪ Кемпірауыз – қышқаштың бір түрі, ұста құралы.
▪ Қышқаш – өнделетін, істейтін затты тістеп ұстайтын құрал.
▪ Қайрақ – құралдарды өткірлеу үшін оның жүзін қайрайтын тас.
▪ Қашау – ағаш оятын құрал (темір).
▪ Қазиек – соғылатын, қыздыратын темірді ұстайтын тісті құрал.
▪ Қуысқұлақ – жүзі қуыс ағаш оятын құрал.
▪ Қалып – етікші құралы, аяқ үлгісі (ағаш).
▪ Қайшы – мата қиятын тігінші құралы.
▪ Темір қайшы – қаңылтыр қиятын қайшы.
▪ Түрпі – ағаш мінін алатын бұдырлы темір құрал.
▪ Тескіш – темір, қаңылтыр тесетін ұшты құрал.
▪ Ырғақ – тезден шыққан ағаштарды үлгіге келтіретін қарапайым қалып ретіндегі құрал.
▪ Қақсал ағаш – әбден кепкен, үй жасауға жарамды ағаш.
▪ Мор – қақсал ағашты жұмсарту (балқыту) үшін жер үстіне жасалатын пеш.
▪ Обын – үй ағашын жұмсарту үшін жер астында жасалатын пеш.
▪ Қоз – ағашты жұмсарту үшін от жағатын орын.
▪ Үйші – киіз үй жасайтын шебер.
▪ Тез – мор, обын, қоздан жұмсарып шыққан үй ағашын түзететін немесе иетін үйші құралы.
▪ Сықаурын – тездегі ағаштың қисығын жамбасқа салып түзететін өте қатты ағаш.
▪ Талқы – кепкен теріні, көнді, сіріні, ұйысқан жүнді жұмсартатын құрал (ағаштан жасалады).
▪ Көк – керегені құрайтын таспа (қайыс).
▪ Үскі – көк өткізу үшін кереге тесетін құрал.
▪ Дақтау, дембі – шеберлер термині «белгілеу» деген сөз.
▪ Борлау – түндік, туырлық төзімді, берік болу үшін ақ бормен не күйген сүйекпен қырнайды.
▪ «Түйе бел» - ши тоқитын құрал. «Ши құрғыш» деп те атайды.
▪ Үй ағаш – киіз үй үшін дайындаған, кептірген ағаштар.
▪ Сыздық – керегеге салынатын терең сызықтар.
▪ Сарнауық – керегеге сызық салатын аспап (темір).
▪ Ірге киіз – үйдің іргесінен шаң, құм, жел, суық жібермеу үшін тұтылатын киіз.
▪ Көзеу – шаңырақ қаламдығы тегістеу үшін қызған темірмен күйдіру.
▪ Уықтың ығуы немесе қыдыруы – уықтың ауытқып кетуін осылай атайды.
▪ Шалма – уықтың қыдырмауы үшін барлық уықты шалып өтетін терме бау.
▪ Тістеуік – шеге суыратын құрал (темір).
▪ Төс – жасалатын, өңдейтін темірді салып таптайтын салмақты, берік темір тұғыр.
▪ Оймақ – тігіншілердің, етікшілердің саусағына киетін ойық, темір.
▪ Тері оймақ – теріден жасалған оймақ.
▪ Қож – ұсталардың көмір салатын қалағы (сүйек).
▪ Ұршық – жіп иіретін құрал. Құрамы: қаңғалақ (яғни басы), сабы. Сабында бұрмашасы болады.
▪ Ілдіргі – тоқымашының құралы (ағаш, сүйек, темір).
▪ Пышақ – кесетін құрал.
▪ Шот – ағаш шабатын құрал.
▪ Нәскүрік – ағашты тегістеп жонатын құрал.
▪ Тігін машинасы – тігіншінің бас құралы.
▪ Іскенже – темірді қысып тұратын бұрама ауызды құрал.
▪ Миясар – өнердің (қол өнерінің) бірнеше түрін игерген шебер.
▪ Ій – иленетін терінің жүнін түсіретін (жидіретін) ащы сұйық.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал-жабдықтары. жүктеу
Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары
- aiboll
- 3 желтоқсан 2017
- 3690
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рухани жаңғыру, шеберлердің құрал жабдықтары, ұстаның құралдары
Ұқсас жаңалықтар:
Ағаш туралы мақал-мәтелдер
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай....Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері
Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок). Термелі өрнек – кілем тоқитын...Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары
Рухани жаңғыру Тұрмыстық, шаруашылық саймандары ▪ Құрал - сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы....Киіз үй
Киіз үй – негізінен киіз бен ағаштан тұратын қазақ халқының үйі, баспаханасы. Ол маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Орда – салтанатты,...Шекімелеу әдісі
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ерте заманда біздің ата - бабаларымыз шекімелеу арқылы үй - жихаздарын,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.