Сайтқа кіру Тіркелу

Білім – асыл қазына атты шығармашылық сынақтың жоспары

4 «А», 4 «Б» сынып оқушыларының арасында өтілетін «Білім – асыл қазына» атты шығармашылық сынақтың жоспары

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша бастауыш сыныпта алған білімдерін сынақ түрінде бекіту.
Міндеті: Әртүрлі шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша тілдесім, оқылым, айтылым, сөйлесім, жазылым дағдыларын жетілдіру.
Шығармашылық сынақты қойған кезімізде мұғалімдер өз мақсаттарына жетті, өйткені сынақты тек қана оқушылар өздері жүргізіп, білімдерін жетік көрсете білді.
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі ата - аналар, қымбатты оқушылар!
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Бүгінгі білімді, өнерлі, тапқырлар сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Бүгінгі күн біздер үшін өте қуанышты, өте ерекше күн! Бүгін біз бар өнерімізді, білімімізді ортаға саламыз. Бүгінгі шығармашылық сынақта білім де, ән де, күй де шырқалады. Кешімізді әдемі бір әнмен бастасақ деп отырмыз. Ортаға «Наурыз айы» атты әдемі әнімен Кайролдина Айзере шақырылады.
(Кайролдина Айзере ән орындайды).
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Сонымен, оқушылардың білімін, өнерін, тапқырлығын анықтап әділ баға беретін № 38 гимназиясының директоры Чернышева Инесса Александровна, қазақ тілі мұғалімі Аубакирова Нүкетай Пайзулдиновна және осы мектептің бетке ұстар үздік оқушылары болады.
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Ендігі кезекте әділ - қазылар мүшелерімен танысайық:.......................................................
Әділ - қазылар әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріп отырады.
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Ал енді шығармашылық сынағымызды Ыбырай атамыздың бір шумақ өлеңімен бастасақ деп отырмыз.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық....
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер - білім бәрі де
Оқуменен табылған.

Иә, балалар, барлығы біздің қолымызда, білімді, өнерлі, тапқыр оқушыларға не жетсін! Барлықтарыңа сәттілік тілейміз! (вместе)
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Бүгінгі 4 (төртінші) сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен шығармашылық сынағымыздың тақырыбы «Білім – асыл қазына» деп аталады.

2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Көріп отырғандай 4 (төртінші) А сынып оқушылары 2 топқа бөлініп отыр.
Әр топтың өз атаулары бар екен. Ендігі кезекте сөз кезегін топ оқушыларына берсек.

1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Ендеше топ капитандарын ортаға шақырамыз. Топ капитандары өздеріне тиісті сандарды таңдайды, сол санға байланысты шығатын кезектері анықталады. Мысалы, 1 нөмірін алса, әрдайым бірінші болып шығып отырады, 2 нөмірін алса, екінші болып шығып отырады.
1 - топ «....................» тобы
2 - топ «...................» тобы

2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Ендеше шығармашылық сынағымызды бастайық.
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: «Таныстыру» кезеңі әр топ өздерін таныстырады.
Әр топ алынған нөмерлерінің реті бойынша таныстыруларын бастайды.
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: 1 – топ «.....................»
Біздің топ:
Біздің ұран:
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: 2 - топ: «.......................»
Біздің топ:
Біздің ұран:

Музыкалық нөмір
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: жарайсыңдар балалар, ендігі тамашалайтынымыз, сахнаға көркем гимнастиканың шебері Ескожинова Зерені шақырамыз.
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Ал сынағымызға оралайық. Келесі тапсырма «Суреттерді сөйлету» мәтінмен жұмыс. Топ капитандары мына тақтадан түстерді таңдайды. Таңдаған түстер бойынша суреттер беріледі. Сол суреттер бойынша әр топ мәтін немесе диалог құрастырып оқиды. Орындап болғаннан соң әділ қазы алқасына тапсырады. Уақыт 5 минут беріледі. (қызыл түсін алғандар Наурыз мерекесі, сары түсін алғандар Менің қалам - Өскемен, көк түсін алғандар Спорт). Әділ - қазылардың алдында бағалау парағы жатыр. Қадірменді көрермендер онда «Суреттерді сөйлету» мәтінмен жұмысы бойынша бағалау парақтары жатыр. Мұнда мәтіннің жазылуы өздеріңіз тыңдаған мәтіннің қорғалуы бағаланады.

Музыкалық пауза
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Жарайсыңдар, балалар! Екінші тапсырманы да жақсы орындадыңдар! Сынағымызды жалғастырамыз! Біздің сыныпта әнші, биші, күйші де және спортшылар да бар. Спортпен шұғылданған денсаулыққа пайдалы «Денсаулық – зор байлық» атам қазақ бекер айтпағанғой, олай болса ортаға келесі Черлидингтен қалалық, облыстық, Республикалық жеңімпаз спортшы оқушыларымызды қошеметпен шақырайық. (Черлидингтер тобы).

1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Ал, балалар келесі 3 тапсырмаға құлақ салайық. 3 – тапсырма «Мақал - сөздің мәйегі». Қазір алдарыңа Ксения конверт әкеледі. Конвертте сандардың реті жазылған, сол реттік сандар бойынша конвертті аласыңдар. Әр конвертте мақал - мәтелдердің тақырыптары жазылған «Отан, достық, еңбек» Ендеше балалар, барлығыңа сәттілік тілейміз. Уақыт 1 минут беріледі.

Музыкалық пауза,
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: алдарыңызға Костина Дарья «Ертегілер елінде» атты әдемі әнімен.

2 - жүргізуші: Яровая Ксения: міне, 4 тапсырмаға да кезек жетті, ол үй тапсырмасы, «Мәнерлеп оқу» сайысы. Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар. Тақтада қылқалам, кітап, табиғаттың суреттерін таңдаймыз. (Табиғат суретіне - Абай, кітап суретіне - Ыбырай, қылқалам суретіне - заманауи ақындар берілген). Үй тапсырмасы болғандықтан сіздерге 1 минут беріледі.

1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Келесі кезекте «Қанатты тұлпарлар» тобының «Бақытты қарсы алайық» атты әдемі әні.

2 - жүргізуші: Яровая Ксения: келесі жарысымыз ол капитандар жарысы «Дода».
Әр топтың капитандары шығады, 30 секундтың ішінде 10 сұраққа тез - тез жауап берулері керек.
Құрметті әділқазылар әрбір капитанның дұрыс жауабына бір - бір ұпайдан беріп отырасыздар.
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Ксения сен ертегіні жақсы көресің бе?
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Иә, Айзере мен ертегіні жақсы көремін!
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Олай болса, келесі кезең «Ертегілер әлемінде». Қазір «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тамашалайтын боламыз.
2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Керемет, мен ертегіні жақсы көремін және осы ертегіні бірге тамашалайық!
1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Қадірменді әділ - қазылар, егер сіздерге ертегі ұнаса әрбір топқа бес - бес ұпайдан бересіздер, себебі бұл қойылымда әр топтың оқушылары қатысылған.

Ертегі қойылымы бітті!

1 - жүргізуші: Кайролдина Айзере: Жарайсыңдар, балалар! Осымен шығармашылық сынағымыздың аяғына да жеттік. Сөз кезегі бізге әділ баға беретін әділ - қазы алқасына беріледі.
10 - сынып оқушыларына сөз беріледі.
4А сыныбының оқушыларына СЕРТИФИКАТ беріледі.

2 - жүргізуші: Яровая Ксения: Ортаға «Атамекен» әнін орындауға 4 (төртінші) А сыныбы шақырылады.
Айзере мен Ксения бірге: Барлықтарыңызды жеңіспен құттықтаймыз!
Қош сау болыңыздар!

Өскемен қаласы әкімдігінің
«Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын № 38 гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Жауапты қазақ тілі пәнінің мұғалімдері:
Айнаш Урынбаевна Козыбаева, Жулдуз Ерлановна Адайбекова

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×