Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең – уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады:
Ірімшік, май, құртың да. (Сүт)
Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Ауызыңа асығар (Қасық)
Қатты тас.
Ортасында –
Тәтті ас. (Жаңғақ)
Сырты қызыл, іші ақ,
Қалады ерте пісіп - ақ. (Шалқан)
Түнеріп келіп,
Гүл егіп кетеді. (Жаңбыр)
Көкте ұшады тізіліп,
Жұрт қарайды қызығып. (Тырналар)
Ағайынды он батыр,
Екі айыр жолда тұр. (Екі аяқ, он башпай)
Жұмсақ,
Бірақ, металл,
Сызсақ,
Тырнақ батар. (Қорғасын)
Қанаты бар, ұшпайды,
Адам қолда ұстайды. (Асыранды қаз)
Үстінде шөлдің –
Шалқыған көлмін. (Сағым)
Жетпіс жұмбақ №6 Абдрахман Асылбек
- aiboll
- 11 наурыз 2017
- 5692
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұмбақтар, жұмбақтар жинағы, жетпіс жұмбақ, Абдрахман Асылбек
Ұқсас жаңалықтар:
Жетпіс жұмбақ №7 Абдрахман Асылбек
Құрт іліп, суға малып алдым, Тереңнен балық алдым. (Қармақ)...Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Қарт емес – Тәтті. Мұз емес – қатты (Науат)...Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
Екі аяқты желаяқ, Артсаң болды сен аяқ, Жетем деген жеріңе Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)...Жетпіс жұмбақ №1 Абдрахман Асылбек
Он таңбалы – цифрлы, Әрекеті сиқырлы. Керек санды қоссаң сен, Сөйлесесің достармен. (Телефон)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.