Сабақтың тақырыбы: Кестелерді түзету
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету.
Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу
Психологиялық ахуал:
Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу мақсатында логикалық ойын өткізіледі.
1. Екі сиырдың мүйізі қанша? Екі сиырдың мүйізі төртеу.
2. Бір мысықтың аяғы қанша? Бір мысықта төрт аяқ бар.
3. Бес қойдың басы нешеу? Бес қойдың басы бесеу.
4. Үш адамның қолы нешеу? Үш адамның қолы алтау.– өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. Кестелермен жұмыс істегенде Word терезесінің қандай элементтерін пайдаланады?
2. Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады?
3. Кестені қалай салуға болады?
4. Кестенің бойымен қалай жылжуға болады?
5. Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуға болады?
ІІІ Жаңа сабақ
Кестелер құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестелермен жұмыс істейтін: Конструктор және Макет бөлімдерін қосады. Конструктор кестені әрлеуді өзгертуге арналған, ал Макеттің қызметі - кестенің құрылымын түзету
Кестелермен жұмыс. Макет
Ұяшықтардың дәл мөлшерін белгілеу үшін Макет - Кесте - Қасиеттер бұйрығын пайдаланады.
Кестенің қасиеттері
Оның құрамында төрт тіркеме бет бар: Кесте, Жол, Баған, Ұяшық. Әрбір тірке бет, сәйкесінше, тұтастай кестенің, жолдың, бағанның, жеке ұяшықтың мөлшерлері үшін жауап береді.
Тұтастай кестенің мөлшерлерін өзгерту үшін тінтуірдің сілтемесін кестенің оң жақ төменгі бұрышына боялмаған шаршы шығатындай етіп апару керек
Бағанды немесе жолды ерекшелеу
Меңзерді ерекшеленуі тиіс бағанның немесе жолдың кез келген ұяшығына орналастырыңдар.
Макет - Кесте мәзіріннен Ерекшелеу бұйрығын таңдаңдар
Кестенің элементтерін ерекшелеу
Қатар тұрған бірнеше бағанды ашық буманың терезесінде қатар орналасқан (іргелес) файлдар тобын ерекшеленген сияқты, яғни Shift пернесімен бірге ерекшелеуге болады.
Кестелерді түзулер қарапайым түрлерінен басқа (сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша және ені бойынша) кестелердегі түзулер толықтырылған
Кестелердегі түзулер
ІV Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1. Кесте - Кестені кірістіру бұйрығы көмегімен кесте құрыңдар
2. Артық қоршауларды жою үшін Ұяшықтарды біріктіру бұйрығын қолданыңдар
3. Кестені сақтаңдар
V Сергіту сәті
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
(ұяшық)
VІ Жаңа сабақты бекіту Компьютердегі тәжірибелік жұмысты тексеру, қиындық тудырған сұрақтарды қарастыру
VІІ Үйге тапсырма §23 мазмұндау, 12 - 13 сұрақтарға жазбаша жауап беру.
VІІІ Оқушыларды бағалау
Толық нұсқасын жүктеу
Кестелерді түзету
- Janarbek
- 21 ақпан 2017
- 4554
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кестелерді түзету, кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға үйрету
Ұқсас жаңалықтар:
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды...Кесте және оларды қою
Информатика пәнінің мұғалімі: Мұхамедин С.Қ. Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және...Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...Кестелер құру. Кестелерді редакциялау
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға...Excel кестелік процессоры
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.