Сайтқа кіру Тіркелу

Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Күні: Информатика 6 - сынып Кенебаева Ж.
Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру.
Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушыларға презентация құруға, суретке, диаграммаға, мәтінге, кестеге анимация қоюды, бетке түс беруді үйрету.
Оқыту нәтижелері
 Power Point бағдарламасында презентация құрып үйренеді;
 Слайдқа сурет, диаграмма, мәтін, кесте орналастыра алады;
 Слайдта суретке, диаграммаға, мәтінге, кестеге анимация қоюға болатынын біледі.
 Бетке түс беріп және анимация қоя алады.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер, қолданылатын модульдер: Жұптық және жеке жұмыс, СТО, диалог, Блум жүйесі

Қадамдар: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жұптық жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау
І. Білу. «Миға шабуыл» Үй тапсырмасын сұрау. «Миллион кімге бұйырады?» ойыны. Оқушыларға он сұрақ беріледі. Берілген сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 5балл беріледі. Және 50/50 мүмкіндігін пайдалануға болады.
Сұрақтар:
1 - сұрақ. Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
А) Слайдтар құру;
Б) Презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару;
В) Дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету;
2 - сұрақ. PowerPoint программасын қалай іске қосады?
А. Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office Word
Б. Пуск – Программы – Стандартные – Microsoft office PowerPoint
В. Пуск – Программы – Microsoft office – Microsoft office PowerPoint
3 - сұрақ. Презентация деген не?
А) Суреттер мен мәтіндер;
Б) Белгілі тақырып бойынша жиналған слайдтар;
В) Беттерге ескертпе жазу;
4 - сұрақ. Слайд көрсетудің неше әдісі бар?
А) 3
Б) 4
В) 5
5 - сұрақ. Жаңа слайдты қосу үшін қандай амал орындалады?
а) Главнаая→Создать слайд
в) Вставка→ Ресунок
с) Вставка→Дублировать
6 - сұрақ. Слайдқа қандай обьектілер енгізуге болады?
А) файлда сақталып тұрған суреттердің көшірме, бір мезгілде бірнеше дыбыстық обьектілерді;
Б) Енгізуге болмайды;
В) Тек қана мәтін;
7 - сұрақ. Word редакторын кеңейтілімі қандай?
А). doc;
Б). xls;
В). ppt;
8 - сұрақ. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А) Alt;
Б) Tab;
В) Capslock

9 - сұрақ. - мына батырманың қызметі?
А) WordArt мәнеріндегі жазба;
Б) Қою мәнеріндегі жазба;
В) Мәтінді бояу;
10 – сұрақ. Абзацты дәл ортасы бойынша өзгерту қайсысы екенін көрсетіңіз.
А);
Б);
В);
ІІ. Түсіну.

Мынадай слайд түрлері беріледі. (оқушылардан слайд түрлері туралы сұралады)
1. Слайдтан не байқап отырсыңдар?
2. Бұл бағдарламаның басқа офистік бағдарламадан артықшылығы мен ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Қолдану. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
- Белгілі бір тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.
Презентация (көрме) – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін көрнекі түрде ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Обьект қою.
Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.
Картинка қою.
Вставка - Рисунок - Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word - тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint - та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.
Дыбыс пен видео.
PowerPoint - та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар мен клиптерді Вставка командасынан табуға болады. Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады. Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.
Диаграмма қою.
Диаграмманы Excel - де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint - қа слайдқа енгізуге болады. Диаграманы PowerPoint - та құру үшін, Вставка - Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel - дегідей жүреді.
Word - тан кесте қою.
Егер кесте Word - та құрылған болса, оны PowerPoint - қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы алып, слайдқа орналастыруға болады. Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка - Рисунок - Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint - тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word - тағыдай жұмыс жасауға болады.

Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Power Point - ті іске қосу. Файл - Создать командасын таңдау.

2. Безендіру шаблонын жасау үшін
Файл - Создать - Шаблон - Оформления командасын қолдану
3. Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.
4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка менюіне кіріп керекті опцияны таңдау.
5. Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін
Анимации - Настройка анимации командасын таңдау.
6. Бетке фон қою үшін Меню қатарындағы Дизайн командасын таңдау керек.
7. Құрылым тәртібіне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу.
8. Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,
Показ слайдов менюін таңдау керек.

9. Презентацияны сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындап, ат беріп, сақтау.

IV. Талдау. Ой толғаныс Өзіңді тексер!
Компьютермен жұмыс орындау.
Жұппен жұмыс.
1 жұп редакторлардан тұрады. Олар тақырыпқа сай мәтін құрайды, оны өңдейді. Мәтін қаншалықты қызық жазылса да безендірілмесе әдемі көрінбейді. Сондықтан бізге дизайнерлер керек.
Оқушыларға нөмірленген түрлі - түсті үлестірмелі қағаздар таратылады:
• Көк түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар редакторлар тобын құрады.
• Қызыл түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар безендіруші дизайнерлер тобын құрады.
Бір слайдты екі өңдеп шығарады: редактор және безендіруші. Үлестірмелі қағаздарындағы цифрлары бірдей оқушылар жұп құрайды.
Тапсырмалар
№1 -№3 жұптарға. Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиент фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Текстура фонын таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.

№2 -№4 жұптарға. Тақырыбы “Ұлы жеңіске 70 жыл”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Узорная заливка фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Рисунок или текстура фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.

№5 -№7 жұптарға. Тақырыбы “Менің ұстазым”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Линейный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз. Сөздеріңізді анимациямен баптаңыз.

№6 -№8 Тақырыбы “Біздің мектеп”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Радиальный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Рисунок или текстура түрін таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.

V. Жинақтау. Қорытындылау.
Ребус

VІ. Үйге тапсырма
Рефлексия.
Маған сабақ ұнады:
- Мен түсінбедім:
- Мен үшін бұл сабақ қызықты:
(өз ойларын жазады)
VІІ. Бағалау Бағалау парағы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×