Сайтқа кіру Тіркелу

Информатика. Ақпарат

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Ақпарат, информатика ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал - жабдықтары: компьютерлер, SIN. kz бағдарламасы, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді пысықтау
Есептеуіш техника кабинетінің басқа кабинеттерге қарағанда қандай ерекшелігі бар?
Есептеуіш техника денсаулыққа зиян келтіре алады ма? Қандай?
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады.
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т. б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл - қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға генетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым - қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Ақпарат материалымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық - әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, химия - биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет - журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады
IV. Бақылау кезеңі
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×