Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы
Сабақтың типі: Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
1. Білімділік: Міcrosoft Word мәтіндік редакторы бойынша меңгерген білімдерін қайталау арқылы білімін жүйелеу, жетілдіре отырып, өз бетінше еңбектенуге баулу, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
2. Дамытушылық: Логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Бекіту сабағы
Сабақтың түрі:
Қорытынды практикалық сабағы. Саяхат сабағы ретінде өткізу.
Әдісі: Әңгіме, түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс, практикалық жұмыс.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
- Саламатсыз ба балалар!
- Бүгінгі сабақта кім жоқ?
- Сабаққа деген көңіл - күйлеріңіз қалай?
- жақсы.
Есептеуіш техника қауіпсіздік ережесін еске түсірейікші.
ІІ. Мақсат қою
- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі - саяхат сабағы ретінде алғалы отырмыз.
Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып - білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Microsoft Word - ты іске қосу әрекеті?
Пуск – Программы – Microsoft - Microsoft Word командалары арқылы іске қосамыз.
2. Алғашқы төрт терезе элементтерін ата.
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты панельдер жолы, пішімдеу панельі жолы.
3. Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата.
Жималау, жаймалау, жабу.
4. Қалай сақталады?
Файл – сохранить как командасын таңдау арқылы сақталады.
Осындай әрекеттер мен батырмаларды Microsoft барлық балаларына еншілеп береді екен. Себебі барлық Microsoft бағдарламаларында осы әрекеттер мен батырмалар орындалады.
Енді біз Word - қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына Word терезесінің элементтерін атап өтейік:
1. Тақырып жолы
2. Меню жолы
3. Стандартты панель
4. Пішімдеу панелі
5. Сызғыш
6. Айналдыру жолақтары
7. Жұмыс аймағы
8. Қалып - күй қатары
Сонымен Word жолға шығып, 1 - ші аялдамаға келіп тоқтайды. Ондағы тапсырма мынадай.
1. Аялдама. Орнын тап.
Орта бойынша туралау
Маркерлер
Курсив
Мәтіннің түсін өзгерту
Оң және сол жақ шеттері бойынша
Нөмірлеу
Қаріп өлшемін өзгерту
Жартылай қалың
Оң жақ бойынша туралау
Асты сызылған
Сол жақ бойынша туралау
Қаріпті өзгерту
2. Аялдама. Қызметін жаз.
3. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу және Қазақстанның туын кірістіру.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
My native land is Kazakstan. The land of Kazakstan is lange. Kazakstan is the langest country in the world. In Kazakstan there are 100 nations and nationalities. Kazakstan is situated in the continent of Eurasia.
4. Аялдама. Мәтінмен жұмыс
1) Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін – Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, орта бойынша туралау.
2) Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3) Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.
5. Аялдама. Кесте құру. Кесте құрып, оны үлгі бойынша толтыр.
Ұлттар Жылдар бойынша пайыздары
2007 жылы
2008 жылы
2009 жылы
2010 жылы
Қазақ 61, 00% 65% 78% 85%
Орыс 35% 31% 19, 00% 11%
Қытай 20% 11% 8% 2%
Өзбек 33% 24% 13% 3, 00%
6. Аялдама. Безендіру жұмыстары
1). Мәтінге Елбасымыз бен Астана суреттерін кірістіріп, оны қалауынша орналастыру.
2) WordArt - та ұнатқан безендіруді таңдап, Менің Қазақстаным деп өзгертіп, мәтіннің үстіңгі жағына орналастыру.
Міне сонымен Word әр аялдамаға тоқтап өзінің білетіндерін көрсеткен екен.
ІІІ. Бекіту.
«Кім білгір?» ойыны арқылы сабақты бекіту:
1. Сиқырлы шарлар
2. Асыл тасты сұрақтар
3. Логикалық тапсырмалар
4. Тест
ІV. Қорытындылау
Word - та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Word туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.
Ү. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.
Microsoft Word мәтіндік редакторы
- Айгуль Шонгарова
- 29 сәуір 2014
- 5923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Microsoft Word мәтіндік редакторы
Ұқсас жаңалықтар:
Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсіндіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету....Формулалар редакторы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Microsoft Word құжаттарымен жұмыс жасау, оларды көшіру, сақтау, ашу және жабу, сызғышты пайдалану...MS Word. Қайталау
Сарқан гуманитарлық колледжі Информатика пәнінің оқытушысы Дүкейхан Нұрболат...Microsoft Word мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу. Дамытушылық: Логикалық ойлауын,...MS Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы Еркінқала орта мектебінің информатика мұғалімі: Суюншалиева Шынар Марсқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.