Сайтқа кіру Тіркелу

Бүріккіш өшіргіш құралдарын қолдану қылқаламмен сурет салу

Тақырыбы: Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Информатика пәніне оқушылардыңқызығушылығын арттыру. Оқушыларды компьютермен жұмыс істеуді дағдыландыру.
Дамытушылық: Қылқаламмен сурет салу, бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Түрі: Білімді жинақтау, қорытындылау.
Әдісі: Деңгейлеп - саралап оқыту.
Көрнекілігі: Тақырыптық плакаттар, слайд, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Бүріккіш, өшіргіш құралдарын қолдану, қылқаламмен сурет салу». Жаңа сабаққа кірісу алдында өтілген материалдарды қайталайық.
ІІ. Миға шабуыл (Үй тапсырманы тексеру)
/слайд №1/
Paint графикалық редакторы не үшін қажет?
Paint графикалық редакторында не істей аламыз?
Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
Paint графикалық редакторының терезесінде нелер бар?
Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түсті таңдауға болады, қалай?
Құрал саймандар тақтасында неше құрал бар?
- Ал балалар, енді компьютерді косуға рұқсат беремін. 5 топқа бөлініп отыра қаламыз.
ІІІ. Жаңа материалды беру:
Бүріккіш құралын пайдалану
Бүріккіш құралы бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
1. Бүріккіш батырмасында тышқанды шертіңдер;

2. Нұсқағышты түстер палитрасына орнатып, қажетті түсті таңдап, тышқанды шертіңдер;
3. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын жақтаудан бүрку дағының өлшемін таңдаңдар;
4. Тышқан нұсқағышын бүркілетін жерге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, бояуды бүрку керек. Тышқанды қаншалықты ұзақ және баяу жылжытып батырманы басып тұрса, бояу соншалықты қою бүркіледі.
Қылқаламмен сурет салу:
Сурет салғанда, онда кейбір бөліктерді бояуға тура келеді, бірақ оларды құю құралымен бояуға болмайды., себебі ол үшін контур тұйық болуы керек, ал қарындашпен бояу өте қолайсыз. Міне осындай жағдайларда Қылқалам(Кисть) құралыкөмекке келеді.
1. Қылқалам батырмасында тышқанды шертіңдер;
2. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын жақтаудан кистьтің пішіні мен өлшемін таңдаңдар;
3. Тышқан нұсқағышын түстер палитрасына орнатып, қажетті түсті таңдап, тышқанды шертіңдер;
4. Тышқан нұсқағышын бояуды бастайтын жерге орналастырыңдар;
5. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Кистьті боялатын бетте кәдімгі кистьпен бояп отырғандай жылжытыңдар.
6. Тышқан батырмасын жіберіңдер.
Өшіргіш құралын пайдалану:
Егер салған суреттерді немесе сызық өздеріңе ұнамаса, онда оны Өшіргіш құралының көмегімен өшіруге болады. Ол оқушылардың өніргішінің міндетің атқарады.
1. Жұмысты өшіргіш құралында тышқанды шертуден бастаймыз;
2. Құралдар тобының төменгі жағында пайда болатын жиыннан өшіргіштің төрт өлшемінің бірін таңдаңдар;
3. Тышқан нұсқағышын өшірілетін сызыққа орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, салынған сурет өшенде жоғарғы, төмен, оңға және солға жылжытыңдар.
4. Батырманы жіберіңдер.
ІҮ. Түртіп алу жүйесі. INSERT. (Дәптерлеріне жазып алады)
V. Практикалық жұмыс:
Ал, қазір біз практикалық жұмысқа көшіміз. Төмендегі суреттерді салыңдар:
Салып болғаннан кейін мұғалімді шақырып жұмыста тапсырасындар.
ҮІ. «Сөздерді есте сақтау».
Сөздер беріледі әр топқа, 20 секунд ішінде естеріне сақтап, суретін компьютерде салып көрсету керек.
Қайталау сұрақтары:
- Ал енді балалар құрал саймандар тақтасындағы құралдарға мағұлматтар берейік. /Слайд/
VІІ. Сабақты қорытындылау:
Өзін - өзі бағалайды. Слайдта тест тапсырмасын орындайды. Дұрыс жауабымен салыстырады.
VІІІ. Үйге: оқулықтың 125 – 128 бетін оқып шығу.
Өтілген материалдарды қайталау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

Paint (бояу) графикалық редакторы. Графикалық редактордың сурет салу құралд ...

- Paint графикалық редакторын ашуды, сурет салу және оны сақтауды білу; - Редактордың сурет салу құралдарының қызметімен, мүмкіндіктерімен танысу...
Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану

Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану

Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің нформатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...
Paint графикалық редакторы

Paint графикалық редакторы

№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...
Paint графикалық редакторының құралдары

Paint графикалық редакторының құралдары

Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×