Сайтқа кіру Тіркелу

Microsoft Word мәтіндік редакторы

Тақырып: Microsoft Word мәтіндік редакторы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және жүйелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың түрі:
Қорытынды жинақ сабағы. Саяхат сабағы ретінде өткізу
Әдісі: Әңгіме, түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс, практикалық жұмыс.
Көрнекілігі: Компьютер, плакаттар, тақта, кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
- Саламатсыз ба балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ?
- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word редакторы бойынша алған білімдерін тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі - саяхат сабағы ретінде алғалы отырмыз.
Сонымен ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып - білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның әкесінің берген еншісін білу үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
1. Microsoft Word - ты іске қосу әрекеті?
Пуск – Программы – Microsoft - Microsoft Word командалары арқылы іске қосамыз.
2. Алғашқы төрт жолақты ата.
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты панельдер жолы, пішімдеу панельі жолы.
3. Оң жақ шетіндегі үш батырманы ата.
Жималау, жаймалау, жабу.
4. Қалай сақталады?
Файл – сохранить как командасын таңдау арқылы сақталады.
Осындай әрекеттер мен батырмаларды Microsoft барлық балаларына еншілеп береді екен. Себебі барлық Microsoft бағдарламаларында осы әрекеттер мен батырмалар орындалады.
Енді біз Word - қа өзін таныстыруына көмектесейік. Мына Word терезесінің элементтерін атап өтейік:
1. Тақырып жолы
2. Меню жолы
3. Стандартты панель
4. Пішімдеу панелі
5. Сызғыш
6. Айналдыру жолақтары
7. Жұмыс аймағы
8. Қалып - күй қатары
Сонымен Word жолға шығып, 1 - ші аялдамаға келіп тоқтайды. Ондағы тапсырма мынадай.
A деңгейі тапсырмалары
1. Аялдама. Орнын тап.
Орта бойынша туралау
Маркерлер
Курсив
Мәтіннің түсін өзгерту
Оң және сол жақ шеттері бойынша
Нөмірлеу
Қаріп өлшемін өзгерту
Жартылай қалың
Оң жақ бойынша туралау
Асты сызылған
Сол жақ бойынша туралау
Қаріпті өзгерту
2. Аялдама. Қызметін жаз. ( құрал саймандардағы құралдарды пайдалану)
B – деңгейі тапсырмалары.
3. Аялдама. Диктант
Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу.
Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.
Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации Казахстан рассположена на Евразийском материке.
4. Аялдама. Мәтінмен жұмыс
1). Мәтіннің қатесін тексеру. Оны белгілеп, қарпін – Times New Roman, қаріп өлшемін – 16, орта бойынша туралау.
2). Соңғы сөйлемді қиып алып, екінші сөйлемнен кейін кірістіріп қою. Бірінші сөйлемнің көшірмесін соңына қою.
3). Мәтінді курсивпен жазып, Қазақстан деген сөздердің бәрін жартылай қалың қылу.
C деңгейі тапсырмалары.
5. Аялдама. Кесте құру.
Кесте құрып, оны үлгі бойынша толтыр.
Ұлттар Жылдар бойынша пайыздары
2007 ж 2008 ж 2009 ж 2010 жылы
Қазақ 61, 00% 65% 78% 85%
Орыс 35% 31% 19, 00% 11%
Қытай 20% 11% 8% 2%
Өзбек 33% 24% 13% 3, 00%
6. Аялдама. Безендіру жұмыстары
1). Мәтінге сурет кірістіріп, оны қалауынша орналастыру.
2). WordArt - та ұнатқан безендіруді таңдап, Менің Қазақстаным деп өзгертіп, мәтіннің үстіңгі жағына орналастыру.
Міне сонымен Word әр аялдамаға тоқтап өзінің білетіндерін көрсеткен екен.
ІІІ. Қорытындылау.
Word - та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Word туралы қосымша материалдар іздеп келу. Сөзжұмбақ, ребус құру.
Ү. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×