Сабақтың тақырыбы: « Бір өлшемді массивтер»
Мақсаты: Бір өлшемді массив ұғымын беру. Массив элементін енгізу, сипаттау. Бағдарлама жазу дағдысын қалыптастыру.
Нәтиже:
• Бір өлшемді массив түсінігін алады
• Типтерді сипаттай алады
• Бағдарлама жазу дағдысы қалыптасады.
Сілтеме: «Диолог түрінде оқыту» Александер, 2008 (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12 бет)
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: Диологтық оқыту, СТО стратегиялары, шығармашылықпен жұмыс, топтық жұмыс, АКТ, рефлексия, бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Сабаққа дайындықтарын тексеру;
- Оқушыларды топ ережесімен таныстыру;
- Бағалау критерийлерімен таныстырып, тақтаға іліп қоямын.
- Осы тұста топ ережесіне бағынбаған топтың жанына барып, жетон тастап отыратынымды ескертемін; /НЕГЕ? НЕ ҮШІН НАҚТЫЛАУ КЕРЕК
- Оқушылардың көңіл - күйлерін бақылау
Сергіту жаттығуын жасаймыз /Слайд/
Топ ережесін нақтылау
1. Топ басшысы ұйымдастырушы және логикасы дамыған болу
2. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін»
3. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
4. «Бірлігіміз мықты болса алынбайтын қамал жоқ»
5. «Бір құмалақ бір қарын майды бұзбасын»
6. «Қарсыласыңды силай біл»
7. «Өзіңе деген сенімің мықты болсын»
8. «Әрқашанда біргеміз, берік болсын іргеміз»
Оқушы әрекеті
Мұғаліммен амандасады;
- Топ ережесімен келіскен - келіспегендіктерін айтады;
- Бағалау критерийлерін көріп, танысқаннан кейін өз - өздерін реттей бастайды;
- Топ ережесіне бағынуға тырысады;
«Қайталау – оқу анасы» үй тапсырмасын тексеру мақсатында түрткі болатын сұрақтар қоямын:
- Массив дегеніміз не?
- Элемент типі деген не? ұғымын түсіндір
Мысал келтір
- Сипаттау бөліміне түсінік бер
Тақтада ілініп тұрған бағалау критерийлеріне, жауап берген оқушының тұсына бір жұлдызша саламын.+
Оқушы әрекеті
- Түрткі сұрақтарға жауап береді;
Тақтада жазбаша түсіндіреді
- Жауап бермеген оқушылар бағалау критерийлеріне қарап өз - өздерін реттей бастайды.
Жаңа тақырыпты тану кезеңі
Жаңа тақырыпты ашып алу үшін және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «Шаттық шеңберіне» тұрғызып, 2 топ бір - біріне сәттілік тілейді.
Бағдарлама құрылымына түсінік беремін, операторларды қайталап еске түсіреміз.
- Жетелеуіш сұрақ қоямын: АШЫҚ СҰРАҚ
1. Қызметші сөздерді атаңыз?
2. Енгізу ооператоры?
3. Қайталау операторы?
Түсіну кезеңі
Қарапайым бағдарлама жазу үлгісін көрсетемін.
Оқушы әрекеті
әр оператордың атқаратын қызметін еске сақтайды, жазылу ерекшелігіне көңіл бөледі.
Қолдану кезеңі
1. Тапсырма - жұптық жұмыс
Компьютерде тәжірибелік тапсырма орындатамын.
Талданған есепті компьютерде теріп, қатемен жұмыс жасау, нәтижені алу.
Оқушы әрекеті
Оқушылар компьютерден тәжірибелік жұмыс орындайды. Бір - бірінің жіберген қатесін түсіндіреді, дұрыстайды.
Талдау кезеңі
Оқушылардың бүгінгі материалды қаншалықты меңгергендіктерін бақылау мақсатында сыныпты үш топқа бөлемін.
1. Операторларға түсінік береді -«Операторлар»
2. Бағдарлама құрылымы - «Информатик» айтады
3. Нәтижені қалай аламыз? «Бағдарламашы» жауап берді
Оқушы әрекеті
Әр топ өз тапсырмасына түсінік береді. «Ой толғаныс» жасайды
Бағалау кезеңі
Топ ережесіне бағынуы;
Өткен материалмен байланысы
Жаңа тақырыпты меңгеруі, түсінуі; /НЕНІ ҚАЛАЙ
Тапсырмаларды орындауы; /ҚАЛАЙ ҚАЙТІП
Белсенділігі
Рефлекция /Кері байланысты айқындау/
- Оқушыларға сауалнама таратып беремін. (Ертең жинап аламын деп ескертемін).
1. Осындай топтық жұмыс ұнады ма?
2. Ол сізге қызықты болды ма?
3. Топта қандай рөлді атқардыңыз?
4. Өз рөліңізді қалай атқардыңыз?
5. Осы топтық жұмыста басты қандай нәрсе ұнады?
6. Не нәрсе қиындық туғызды?
7. Бағалау кезіндегі критерийлер мен оларға жазылған дескрипторлар сізге пайдасын тигізді ме?
8. Топпен жұмыс жасағанда рөлге бөлген дұрыс па? Сіздің ойыңыз.
9. Осы топтық жұмыста алға қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе?
Сізге сабақ ұнады ма әлде ұнаған жоқ па? (Неліктен ұнады?/
Үйге тапсырма
Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап жазып келу.
Бір өлшемді массив
- Орманова Құралай
- 10 сәуір 2014
- 15101
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Информатика, Массив, бір өлшемді массив
Ұқсас жаңалықтар:
Хлор және оның маңызды қосылыстары, қасиеті, алынуы, қолданылуы
Жалпы мақсат: Галогендер туралы жалпы түсінік. Хлордың маңызды қосылысына тоқталу. Хлордың алынуы мен қасиеттерін түсіндіру...Массив (жиым)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің физика және информатика пәндерінің мұғалімі Ж. Ж. Саримова...И, й әріптерінің жазылуы
Сабақтың тақырыбы: И, й әріптерінің жазылу. Жалпы мақсаты: «И, й әріптерінің жазылуы мен қолданылуын меңгерту оны сабақтарда қолдана білуге үйрету....Алтын сөз
Мақсаты: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы өлеңнің мазмұнын ашу. Топтық жұмыста белсенділіктерін арттыру мақсатында қызықты тапсырмалар...Есім хан кезіндегі қазақ хандығы
Қазақстан тарих пәнінің мұғалімі Н. Жұмағалиева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.