Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, математика, тарих
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: венн диаграммасы, интервью алу, көрнекілік стратегиялары
«Информатика» оқулығы 7 класс
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.
Сабақтың жоспары:
PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторының құралдары
Редактордың командалары
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Суретті қағазға басып шығару
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға бірінші суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады.
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге)
Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Ерте кезден - ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
- Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз
PAINT графикалық редакторы
ІІ. Мағынаны тану
Жаңа сабақ
1. PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows – тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай - ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.
2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.
Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT
Осы әрекеттер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.
PAINT терезесімен таныстыру.
Сурет салу кезеңдері
• Құралды таңдап алу
PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
• Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап, бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
• Кескіннің түсін таңдау
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып, сол жақ батырмасын шерту керек
• Фонның түсін таңдау
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)
3. PAINT графикалық редакторының құралдары
- Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.
- Линия (сызық) – түзу сызық сызу үшін керек
- Тік төртбұрыш – боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.
- Дөңгеленген тік төртбұрыш - бұрыштары дөңгеленген, іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.
- Эллипс - іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.
- Қисық сызық - қисық сызықтар сызу үшін керек.
- Көпбұрыш - көпбұрыш салу үшін керек.
- Құю - оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.
- Бүріккіш - бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.
- Қылқалам - тұйық емес контурды бояуға арналған
- Өшіргіш - қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылады.
4. Редактордың командалары
Редакторда салынған суретін ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекет арқылы түзетуге болады.
Ол үшін Правка - Отменить(орындатпау)
Түзеткен қателеріңізді қайтадан қалпына келтіргіңіз келсе,
Правка - Повторить командасы арқылы тек соңғы үш әрекетті бастапқы қалпына келтіруге болады.
Суретті қалай сақтайды?
Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.
PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін
«Файл - сохранить как» командасын орындау керек.
Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады
Сохранить как командасының терезесі
Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.
PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -. bmp
Мәтіні бар сурет салу
Суреттің үстіне мәтін жазу, қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады
- Надпись(жазу) – мәтін жазуға арналған
Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив, жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.
5. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:
Белгілеу(бөліп алу) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.
Кез - келген үзіндіні бөліп алу
Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.
Белгілеу мен ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін, олармен келесі әрекеттер орындалады:
• Алмасу буферіне қиып алу
• Алмасу буферіне көшіру
• Осы суретті басқа жерге апару
• Берілген суреттің өлшемінде көшіру
• Оны сурет бойынша «көбейту»
• Пішіні мен өлшемін өзгерту
• Өлшемін өзгерту және қисайту
• Төңкеру немесе кері бұру
• Түсін өзгерту
• Өшіру
Үзіндіні жылжыту және көшіру
Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.
«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.
«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.
Үзіндіні көбейту
Үзіндіні көбейту дегеніміз - экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.
Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып, Shift батырмасын басып отырып, үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.
Үзіндіні өшіру
Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.
1. Үзіндіні бөліп алып, «Правка – Очистить выделение» командасы арқылы;
2. Үзіндіні белгілеп алып, «Правка - Вырезать» командасы арқылы;
3. «Рисунок - Очистить» командасын орындаса, онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру
Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900, 1800, 2700 бұруға болады.
Отразить/повернуть командасының диалогтық терезесі
Үзіндіні еңкейту және созу
Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.
Суретті қағазға басып шығару
Суретті қағазға басып шығару үшін «Файл - печать» командасын орындаймыз. Баспа (Печать) диалогтық терезесі пайда болады. «Печатать» бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп
«Число копий» өрісіне қажетті дана санын енгіземіз де ОК батырмасын шертеміз.
Баспа(печать) диологтік терезесі
ІV. Бағалау
V. Үйге тапсырма
3 - ші сабақта әр жұп төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып, қорғау үшін мына тақырыптардың бірін таңдау.
1 «Менің сүйікті аңдарым»
2. «Маған ұнайтын мамандық»
3. «Менің сыныбым»
4. «Туған өлке»
«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып
- Саку
- 30 қаңтар 2014
- 10806
- 0
- 0
Ілмек сөздер: PAINT графикалық редакторы 7 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Суреттің үзінділерімен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үзінділерді шағылдырып бейнелеуге, бұруға, созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға...Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Сабақтың тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер....Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...Раіnt графикалық редакторы
БҚО облысы, Орал қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Давлеткалиева Актоты Канаткалиевна Сабақтың тақырыбы:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.