Сайтқа кіру Тіркелу

Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

Меншіктеу операторы. Сандық функциялар 9 сынып
Мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық – Оқушылардың меншіктеу операторы мен сандық функцияларды қолдану дағдысын қалыптастыру
3. Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, практикалық,
Құрал - жабдықтар компьютер, презентация, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс математика,
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру. Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы
Тест Тест Айнымалы типтері. html
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
1) Операторлар тiзбегi орындалғаннан кейін, m және n айнымалыларының мәні қандай болады?
а) m:=25;
N:=m+1;
M:=m - 25
ә) m:=5;
n:=6;
m:=m*m;
n:=n*m
2) a=1, b=2, c=3 айнымалылары берілген. Келесі операторлар орындалғаннан кейін осы айнымалылардың мәндері қандай болады?
A:=b;
B:=c;
C:=a
Есептерді шығару.
:= белгісі не үшін қолданылады?
Презентация көрсету Меншіктеу операторы. pptx
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3 - 5 мин)
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы – берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады
Меншіктеу операторының жазылу форматы:
:=;
:= - символы ` меншiктеу` деген мағынаны бiлдiредi.
х:=3; {х айнымалысына 3 - тi меншiктеу}
Мысалы,
Меншіктеу операторлары Нәтижесі
r:=5; 5
r:=r+1; 6
r:=8; 8
Идентификатордың және меншiктелетiн өрнектiң типтерi сәйкес болу керек. Кейбiр жағдайларда нақты айнымалыға бүтiн мәндi меншiктеуге болады, ал бүтiн айнымалыға нақты мәндi меншiктеу үшiн, оны trunс функциялары арқылы түрлендiру қажет.
Мысалы - үш бүтiн санның арифметикалық ортасын табатын программа
program pr0;
var a, b, c: integer;
s: real;
begin
a:=2; b:=4; c:=6;
s:=(a+b+c)/3
end.
Стандартты функциялар.
Pascal - да есептеу процесін жүргізу үшін көптеген стандартты функциялар қолданылады(кесте 1). Стандартты функцияларды бағдарламада жазу үшін алдымен функцияның атын, содан соң жай жақшалардың ішінде аргументін көрсету керек. Стандартты функциялардың атын идентификаторларға беруге болмайды.
Кесте 1 – Паскаль тілінің стандартты функциялар
Бағдарламада функцияның аргументінің мәнін берген кезде міндетті түрде функцияның анықталу облысын ескеру қажет. Мысалы теріс санның квадрат түбірі болмайды, бөлшектің бөлімі 0 - ге тең болмау керек, т. с. с. Стандартты функциялардың аргументі кез - келген өрнектен тұруы мүмкін.
Мысалы:
SQRТ(3*X*X+5/8); ABS(25 - X); INT(SQR(X)).
Тригонометриялық функциялардың аргументтерi радиандық шамамен берiледi және басқа функциялары түрлендiру формулалары арқылы өрнектеледi.
Random(x) функциясы – (0, х) аралығындағы кездейсоқ бүтiн типтi санды бередi, егер аргументi көрсетiлмесе, онда нақты типтегi (0.. 1) аралығындағы кездейсоқ сан берiледi. Бұл функцияны пайдаланбас бұрын кездейсоқ санның генераторын(randomize) қосу керек.
Арифметикалық өрнектердiң Паскаль тілінде жазылуы
Turbo Pascal - дің өрнектерін құрғанда тілдің келесі ережелерін сақтау керек:
- Өрнектің барлық бөлігі бір қатарға жазылуы тиіс.
- Өрнектің барлық жақшалары жай жақша болуы тиіс.
- Қатарынан екі арифметикалық амалды жазуға болмайды.
- Есептеулер солдан оңға қарай амалдардың орындалу ретімен жүреді.
5) Жаңа тақырыпты бекіту. Карточкамен жұмыс
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

1. Паскаль тiлiнде жазылған арифметикалық өрнектердi, математика тiлiнде өрнекте.
а) sqrt(a+b)- sqr(a - b)
ә) a+b/(c+d)-(a+b)/c+d
б) 1+sqr(cos(x+y)/2))
в) (x - 1/2)*(y - 3/10)- 4/5
г) sin(1/sqr(x))+abs(1/(1/3 - 1))
2. Мына өрнектердi Паскаль тiлiне аударып жаз.
а) ә) б) в) sin2x2+e3a г) sinxe lny
д) (Зх2 + 4х)*(10а3 - 5а2)*(х2 + х3)*(8а4 - 15а3)
3 Өрнектердің мәнін табыңыздар?
а) 18 Div 3*5
b) 45+5 Mod 4/2
c) (45+5) Mod 4/2
d) 35 Div 12+45 Mod 11
5) Сабақты қорытындылау және бағалау: Сұрақ - жауап
6) Үйге тапсырма. Стандартты функциялар кестесін жаттау

Қостанай облысы, Қостанай қаласының
«№10 орта мектебі»
информатика пәні мұғалімі
Утина Альмара Қажиханқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Информатикадан тест 9-сынып

Информатикадан тест 9-сынып

Информатика пәнінен 9 - сыныпқа арналған тест сұрақтары (+- пен дұрыс жауаптары белгіленген)...
Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тайкенов Дархан Есенбайұлы...
Программа құрылымы. Шамаларды  сипаттау бөлімі

Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Сабақтың мақсаты:...
Стандартты функциялар

Стандартты функциялар

Пән аты: Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты:...
Паскаль тілінің қарапайым операторлары

Паскаль тілінің қарапайым операторлары

№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің қарапайым операторлары ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×