Сабақтың тақырыбы: «Жас білгірлер» атты сайыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін тексеру, алған білімдерін тиянақтау, берілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін алу.
Дамытушылық: Компьютерде программамен жұмыс жасауда әр - түрлі амал - тәсілдер арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Берілген топтық жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Барысы:
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ - қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Жас - білгірлер» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысымыздың әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін. Әр жауапқа 5 ұпай беріледі. Ойынға 2 топтан 5 – оқушыдан қатысады. Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады.
1 ші тур – «Ғажайып алаң»
2 ші тур – «Сиқырлы қалам»
3 ші тур – «Қызықты сөздер»
4 ші тур – «Полиглот»
5 ші тур – «Белгісіз әлем»
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт,
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық. Топтар өздерін таныстырады.
1 ші тур – «Ғажайып алаң»
Мәңгілікке есте қалар,
Қызықты бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын. Төмендегі ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.
ЭЕМ - нің даму тарихы
10. Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж)
20. ЕТ – нің қарқынды дамуы қай ғасырда басталды? (ХІХ ғасыр)
30. Алғашқы есептеу құралы (саусақ)
Терезелер
10. Басқару батырмалары не үшін керек? (жималау, жаймалау, жабу)
20. Айналдыру жолағы не үшін керек? (терезенің төменгі, жоғарғы шегіне өту үшін)
30. Қапшыққа өту батырмасын көрсет (переход батырмасы)
Объектілермен жұмыс
10. Жаңа қапшық құру командасы (Жанама меню Создать Папку)
20. Қапшықтардың компьютерде белгілі бір тәртіппен орналасуы (Иерархия)
30. “+” таңба нені білдіреді? (қапшықтың бос еместігін)
2 ші тур – «Сиқырлы қалам» Жұмбақтардың шешуін тауып, суретін салу
1. Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)
2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
3 ші тур – «Қызықты сөздер»
Берілген кестеден үлгі бойынша пәнге байланыстысын тауып сызып көрсету керек
К О И Н Ф О Ф Р А П В И Н М А
Б М И Е Р Р М Т К И К С Е Р С
А П Ь Ю О Г А А Л Р П Е Л Ь С
Й Т К Т Е Л Ц И Я О Р И М С И
А А И Б Р И М А Р Г Р Т М К В
Л К И Е Р Ф М А О К А Ы О А Я
Г О Т Е Н П Е Р Ф Е Т М Р З Е
Ш Р И К О М Д И С К А О Д Е В
Е М Т Ц И П А К С К В Е Н М О
Н Н О Л К Т Н О Н Ъ Ю Я С О Р
Р Е Н Б А Р Д И Р И Н И Э Р Ы
А Д Т И Н З И С О Н К Ц Р Г О
К Т О Р Ы М Е Т В Д И Я М О Н
А Р И Ф М О Т О А Е Э Б И К А
Л О Г И К А Р Р Н И Б Б И Д Ж
4 - ші тур – «Полиглот». 2 топқа бирдей сұрақтан. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай, 2 минут уақыт беріледі. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде.
Қазақ тілінде Ағылшын тілінде Орыс тілінде
Құру New Создать
Ашу Open Открыть
Баспаға шығару Print Печать
Жабу Exit Закрыть
Сақтау Save Сохранить
Деп сақтау Save As Сохранить как
5 - ші тур – «Белгісіз әлем». Бұл сайыс шарты бойынша әр команда өздеріне берілген сұрақтардың сәйкес жауаптарын табу керек.
1 - топқа:
1. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (модем)
2. Әріптік - сандық ақпараттарды енгізу құрылғысы (пернетақта)
3. Мәндік және сандық ақпараттарды сипаттайтын құрылғы (монитор)
4. Компьютердің негізгі қызметтік элементтері тұратын қорап (жүйелік блок)
5. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрафон)
2 - топқа:
1. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы (колонка)
2. Басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы (тышқан)
3. Windows – сөзінің аудармасы? (терезе)
4. Ең ерте заманғы есептеу құрылғысы (есепшот)
5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы? (монитор)
Қорытындылау.
Осымен сайысымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Жас білгірлер
- меркон
- 26 сәуір 2013
- 4134
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жас білгірлер сайысы, информатика сабағы, ғажайып қалам
Ұқсас жаңалықтар:
Ең үздік информатик
Бұл сайыстың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Ойын...Үздік информатик
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі жанындағы «Алау» жазғы сауықтыру алаңының басшысы І санатты...Информатика әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі...Алғыр достар
Тақырыбы: «Алғыр достар» сайысы...Дербес компьютер және ақпарат тарауын қайталау
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Белое ауылы "Октябрь мектеп - балабақша кешені" КММ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.