Сайтқа кіру Тіркелу

MS Excel-мен танысу

Тақырыбы: 8. 1. MS Excel - мен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті. Зертханалық жұмыс.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Excel 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушыларды бағалау және эмоционалдық жағдайын анықтау парағы.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 мин
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау. 2 мин
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест). 5 мин
ІҮ. Жаңа тақырып. 10 мин
Ү. Практикалық жұмыс. 15 мин
ҮІ. Сабақты бекіту (ақпараттық диктант, карточка) 5 мин
VІІ. Сергіту сәті. Оқушы өзін компьютерлік класта қалай ұстау керек 2 мин
VІII. Қорытындылау (венн диаграммасы) 2 мин
ІХ. Үйге тапсырма 1 мин
Х. Бағалау. 2 мин
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңыздар!
Бүгін біз сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған MS Excel - мен танысамыз.
1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
2. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша тест алу.
Сонымен, бастаймыз.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.
Жауап жоспарының үлгісі:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
2. Тағайындалған орынға отыру керек.
3. ДК - дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
5. ДК - ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т. с. с.
- Жарайсыңдар!
- Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Әркімнің партасында тестілеу парағы жатыр. Оған сендер тез арада жауап берулеріңіз керек. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.
(оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).

Тест сұрақтары
1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
А) Жіберу – Программалар – Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*
В) Файл – Ашу
С) Файл – Құру
2. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:
А) аспаптар панелінде*
В) тақырып жолында
С) есептер тақтасында
3. MS Word программасының терезесінің құрылымы:
А) әдеттегі, веб - құжат, беттерді белгілеу, құрылым.*
В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама
С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі, т. б.
4. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?
А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер*
В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін
С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта
5. Мәтінді туралаудың түрлері:
А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау*
В) шегініс және аралық
С) жаларалық интервал түрлерімен
6. Жол аралық интервалдың қызметі?
А) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді.*
В) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.
С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.
7. MS Word - та мәтінді әсерлеп жазу командасы
А) Формат – Қаріп – Әсерлеу.*
В) Формат – Шекаралар мен құю.
С) Формат – Абзац
8. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?
А) Файл – Беттің параметрлері – Бағдарлау – кітаптық, альбомдық.*
В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке
С) Қою – Беттің нөмірлері
9. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?
А) Қою – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК*
В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке – ОК
С) Файл – Беттің параметрлері
10. Абзацтық шегініс түрлері:
А) нөлдік, оң, теріс*
В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.
С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.
ІҮ. Жаңа сабақ
Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «MS Excel - мен танысу». MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа.
Тарихқа шолу. (Қызықты мәлімет)
1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. Олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalck (көрсеткіш калькулятор) деп аталады. Сондықтан барлық электронды бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты.
Оның Word менюінен өзгешелігі, Ссылки, Рассылки орнына Формулы, Данные алмастырылған.
Жұмыс кітабы. MS Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының (Лист - 1, Лист - 2,...) жұмыс парағынан тұрады. Таңбашаны ашып, жұмыс кітабының ішінде парақтан - параққа ауысуға болады.
Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ, т. с. с. әріп комбинациялары басталады.
Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі (мекенжайы) болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық Ғ бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені Ғ7.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып (мысалы, А1) шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі. Ол жағдайда бағанда сәл созу арқылы мәтінді ішіне сыйдыруға болады.
Жұмыс кітабын ашу.
Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (открыть) командасын орындаймыз, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан құжатты ашамыз. Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар MS Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Жұмыс кітабын сақтау.
Жұмыс кітабын сақтау үшін Файл менюіндегі Сақтау командасын немесе Стандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Сақтау батырмасын шерткен кезде кітап автоматты түрде сол файлда сақталады, ал Қалай сақтау керек командасын таңдаған кезде, Құжатты сақтау терезесі шығады.
Берілгендерді енгізу.
Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған пернетақта көмегімен берілгендерді енгізу керек. Енгізуді аяқтау үшін Enter пернесін басу керек. Кез - келген электронды кестенің ұяшығына:
 Сан
 Формула
 Мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Санның мәндері бүтін (27), ондық бөлшек (569, 14), бөлшек (1/4) болуы мүмкін. Оларға арнайы символдар қосылуы мүмкін: $, %, +, -, / және т. с. с. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда Excel ұяшықты ###### символдарымен толықтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.
Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды. Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.
Ү. Практикалық жұмыс (кесте толтыру)
ҮІ. Сабақты бекіту үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)
1. MS Excel - ге қосылу үшін….
2. Жұмыс парағы…… бағаннан және........ жолдан тұрады
3. Егер ұяшық Ғ бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені......
4. MS Excel - …….................................................. жұмыс істеуге арналған
5. Жұмыс кітабын сақтау үшін……..
VІІ. Сергіту сәті. Оқушы өзін компьютерлік класта қалай ұстау керек
Кәні оқушылар барлығымыз жаттығу жасап жіберейі, көзге, қолға т. б
VІII. Қорытындылау:
Сабақтың қорытындысы.
ІХ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс.
(Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру)
Кесте сөзіне сөзжұмбақ құрастыру. Кітаптан 8. 1 тақырыпты оқып келу. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.
Х. Бағалау.
Барлық жұмыстарыңызға рахмет!
Кері қайту
Ілмек сөздер: кесте, MS Excel, информатика
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×