Ақтөбе облысы,
Ойыл ауданы,Қараой мектеп - балабақшасы
Информатика пәні мұғалімі
Құмарова Айнұр Сұлтанәліқызы
Сынып:8
Тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау
Сабақ мақсаты: Оқушыларды операциялық жүйелерді баптау тәсілдерімен таныстыру және жасалу жолын үйрету.
А) Оқушыларды ОЖ түрлерімен таныстыру. Білім дәрежесін көтеру
Б) Операциялық жүйе түрлерін айыра білуге үйрету, интерфейстерін, жіктелуін анықтай алу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттырып, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: Слайд - шоу
Сабақ түрі: түсіндірмелі пікірталас
Сабақ әдісі: Көрсету арқылы түсіндіру, баяндау.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу,түгендеу
- сабаққа назарларын аудару.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру
ІV.Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою.
V.Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау
Үй тапсырмасы: Операциялық жүйелер топтамасы
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Операциялық жүйе не үшін қажет?
2. ОЖ-нің құрамына қандай компоненттер кіреді?
3. Драйвердің қызметі не?
4. Интерфейс дегеніміз не?
№ Информатикалық бақылау Атаулары
1. Есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа
2. Адам мен компьютер арасындағы байланыс
3. Пайдаланушыға бір программаны жүктеуге беретін операциялық жүйе
4. Командалық интерпретатор программалық тілден темір тіліне аударатын аудармашы мәшине кодасының тілі
ІV Жаңа материалды игерту
Тақырыбы: Операциялық жүйелерді баптау
Операциялық жүйе – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы жүйелік программа.
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетумен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптау үш топқа бөлінеді.
1. Буманың терезесінің параметрлерін баптау
2. Негізгі мәзірді баптау
3. Басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау.
Бума қосымша бетінен сіз бір бумадан екінші бумаға немесе үшін экранда буманы алмастыру режімін таңдаудың батырмалар жұбын көресіз.
Қарап шығу қосымша бетінде көрінбейтін файлдарды бейнелеуге тыйым салуға болады және ол бума терезесі басында файлдың толық адресін бейнелейтін жасушаларды қосады және алып тастайды.
Келесі параметрлер қосымша беті файлдың жаңа типтерін қосуға мүмкіндік береді.
Жалпы қосымша беті келесі режімдерді қосатын 5жалаушадан тұрады.
1. Барлық терезелердің үстінде орналастыру тапсырмалар тақтасы қосымшаларының барлық терезелерінің үстінде орналасады.
2. Экраннан автоматты түрде алып тастау тапсырмалар тақтасы оның орнына тышқан сілтемесін апарғаннан кейін ғана пайда болады.
3. Негізгі мәзірдегі ұсақ белгілер. Негізгі мәзір ұсақ белгіленіп олар өте аз орын алады.
4. Сағатты бейнелеу-тапсырмалар тақтасына сағат индикаторы орнатылады.
5. Қысқартылған мәзірді пайдалану мәзірді ашқанда соңғы пайдаланған командалар пайда болады.
Жүйені жалпы баптау Басқару арнайы бумасының көмегімен орындалады.
Басқару тақтасы бумасының терезесінде сіз мына жазулар мен көптеген белгілерді көресіз: Экран қаріптер күні мен уақыты пернетақта тышқан және т.б
Егер кез келген белгіні екі рет шертесіз экранда нақты баптау мақсатында қарай атқаратын қызметін түсінуге болатын сұхбат терезе пайда болады.
- Практикалық жұмыс
- Тест тапсырмасы
1.О1.Операциялық жүйе дегеніміз не?операциялық жүйе дегеніміз не?
А) мәліметтер қорын басқаруды қамтитын программа
Ә) вирусқа қарсы программа
Б) компьютер жұмысын басқарушы программа
2.Др2.Драйвер дегеніміз не?
А) компьютер құрылғысы
Ә) вирус
Б) компьютер құрылғысының жұмысын қамтамасыз етуші программа
3.О3.Операциялық жүйелер ненің құрамына кіреді?
А) қолданбалы программалық құралдар
Ә) жүйелік программалық құралдар
Б) Мәліметтер базасын басқару жүйесі
4. 4.ЭЕМ құрылғыларына қызмет ететін программаларды көрсетіңдер ЕМ
А) жүктеушілер
Ә) драйверлер
Б) хабарлағыштар
5. Windows дегеніміз не?
А) көп терезелі операциялық жүйе
Ә) программа
Б) терезе
VІ. Сабақты бекіту
Семантикалық картамен жұмыс.
VІІ.Бағалау
Операциялық жүйелерді баптау
- Айнурка
- 11 желтоқсан 2012
- 8464
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Операциялық жүйлелерді баптау, информатика, 8 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың операциялық жүйе және оның түрлерін типті операциялық жүйе туралы және оның баптауды, файлдар мен...Windows операциялық жүйесін орнату
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Windows ОЖ орнату туралы, файлдық жүйе, оның түрлері, операциялық жүйені орнату әдістері туралы мағлұмат беру....Файлдық менеджер құрылымы
1. 1 Компьютерде ақпараттық технологияны топтау бағдарламасын қамтамасыз ету Компьютерде ақпараттық технологияны қамтамасыз ету үшін бағдарламалық...Операциялық жүйелерді баптау
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кадырова Светлана...Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері
Операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.