5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік техникасының ережелерімен, компьютер сыныбындағы тәртіппен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. НЕГІЗГІКАҒИДАЛАР
Барлық оқушылар оку процесінде есептеу техникасын қолдану алдында кауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен закымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет, Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.
Информатика кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына кауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
• Жалпы
• ДК - де жұмысты бастау алдында
• Жұмыс істеу кезінде
• Авариялық жағдайларда
• Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
• Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал - жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
• Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
• ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
• Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК - де жұмыс істеуге тыйымсалынады.
• Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
• Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
• Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
• ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
• ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
• Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
• Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
• ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
• Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
• Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
• Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
• Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
• ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
• Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
• Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
• Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
«Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп» КММ
Информатика пәні мұғалімі: Үсенова Айым Үсенқызы
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. жүктеу
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
- aiboll
- 22 желтоқсан 2017
- 7936
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Техника қауіпсіздігі, информатикадан сабақ жоспары, төтенше жағдайдағы іс әрекет, ауіпсіздік техникасының ережелері
Ұқсас жаңалықтар:
Қауіпсіздік техникасының ережелері
ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары: 1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының...Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң орындауын талап ету. Сабақ міндеттері: Білімділік: Бала...Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ...
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше...Компьютерде жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,Мақаншы ауылы, « Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша» КММ Жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Бекишева...Информатика бөлмесіндегі қауіпсіздік техниканы сақтау
БКО, Теректі ауданы, Приречный ОСОШ Айшуаков Мерлан Адилович...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.