Сайтқа кіру Тіркелу

Химиялық элменттер туралы мақал - мәтелдер жинағы

Химиялық элементтерге байланысты мақал - мәтелдер
1. Ескі мата бөз болмас,
Екі темір біз болмас.
2. Арпа бидай ас екен,
Алтын – күміс тас екен.
3. Пәлен жерде алтын бар
Барсаң мыста жоқ.
4. Ақыл арымас,
Алтын шірімес.
5. Батыр майданда шынығады,
Болат қайнаудан шынығады.
6. Жалтырағанның бәрі – алтын емес.
7. Ас сөз алтын, көп сөз көз көмір.
8. Ел іші алтын бесік.
9. Темірді қызғанда соқ.
10. Алтын тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
11. Су ішкен құдығына түкірме.
12. Сабыр түбі сары - алтын.
13. Отын олжа,
Су қорлық.
14. Сырдың суы шырағымнан келмейді,
Сыраңа сырдың суы да жетпейді.

15. Елді қу бұзады,
Сүтті су бұзады.
16. Балық жаны – суда.
17. Саяз су сарқырап ағады.
18. Су сүреңін табады.
19. Алмас қылыш шыға ма?
Негізі жасық темірден
Қанша жуса кете ме
Қап – қара түс көмірден?
20. Тегі жаман теміртек,
Қанша егесең де өтпейді.
21. Таңсық нәрсе - күміс те, алтын да,
Ең қымбат – ау ұстамдылық қалпында.
22. Көмірші - темірге үйір.
23. Алтынды еріте білмеген - ірітер,
Теріні илей білмеген - шірітер.
24. Елдің көркін қыз келтірер,
Астың дәмін тұз келтірер.
25. Көптің ауызы – темір талқы.
26. Алмас пышақ қап түбінде жатпас.
27. Болат бүгілмес – морт сынар.
28. Темірдің бір басы - ыстық,
Бір басы - суық.
29. Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың оңай.
Алға кессең ұзын кес,
Қысқартуың оңай.
30. Оқ жетпес жерге,
Қылыш сілтіме.
31. Алтын көрсе - періште жолдан таят.
32. Сусыз өмір жоқ,
Отсыз темір жоқ.
33. Сай қулап су ағар,
Жел қулап от жанар.
34. Темір сырын оттан танытады,
Адам сырын жоқта танытады.
35. Темір байлық - тозбас байлық.
36. Жақсы жастан шығады.
Темір тастан шығады.
37. Темір кессең қысқа кес,
Соға - соға ұзарар.
38. Қайрақ - қара темірді де жейді.
39. Жақсы жер,
Жайлы қоныс
Алтын тақ.
40. Шебердің инесінде - алтын.
41. Өнерлінің қолы – алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
42. Алтын ерің атқа тисе,
Алтын ал да отқа жақ.
43. Мылтығының күмісін айтпа - түсін айт.
44. Көк темір көре өлтірмес.
45. Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұстаз суын тапайды.
46. Пышығыңның күмісіне қарап,
Өтпесіне болайын.
47. Алтынды ала білген,
Бөле де біледі
48. Қолда бар да алтынның – қадірі жоқ.
49. Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің дәмін келтіреді.
50. Доссыз адам,
Тұссыз тағам.
51. Қойдың сүті – қорғасын.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×