Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы
Ойынның мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
І бастаушы: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты сайысқа қатысушылар!
Бүгінгі біздің «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысқа қош келіпсіздер!
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің
Бүгін осы сайыста жеңіске жет
Білімді әрі білікті жас жеткіншек.
Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін – құрметті сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Оқушылармен танысу рәсімі (музыка орындалады).
Әр оқушы өз ұстанымын айтып, өзін таныстырады. (Сайыскер өзінің аты - жөні, класы туралы қысқаша мәлімет және өзінің атының бас әрпінен басталатын бір немесе бірнеше қасиетін айтады. Мысалы, Азамат – ақкөңіл, Индира – инабатты т. б)
Қазылар алқасы сайланып, білім додасы басталады.
Есептеу комиссиясымен таныстыру.
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, – дей келе біз бірінші кезең – бәйгені бастайық.
І кезең «Бәйге».
1. Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.(8 - 9 сынып курсынан)
2. Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.
3. Жауап жалаушаны көтеру арқылы беріледі.
4. Жауапқа бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
5. Тур кезінде артық сөз айтуға тыйым салынады, бұл шартты екі мәрте бұзған ойыншы ойыннан шығарылады.
Сұрақтар:
1. Оттек газын бос күйінде алған ғалымдар?
2. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
З. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
4. Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл? (Алюминий)
5. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)
6. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл (қорғасын – Pb)
8. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы
9. Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды?
(Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).
10. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? Оның қандай әсері бар?
(Ауадағы NO2, SO2, SO3 газдары жаңбыр жауғанда жерге қышқыл жаңбыр болып түседі)
11. Оң зарядталған ион (Катион)
12. Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді ата. (Р, К, N)
13. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)
14. Азот металдармен әрекеттескенде қандай қосылыс түзеді? (нитридтер)
15. Аммиактың судағы ерітіндісі? (мүсәтір спирті)
16. Фосфордың табиғи қосылыстарын ата? (фосфорит, апатит)
17. Карборунд деген не?
18. Na2CO3 тұзының ортасы қандай? (сілтілік)
19. Күкірттің сутекті қосылысы? H 2S
20. Шыны өндірісіне қажетті басты шикізаттар? (Құм, әктас, сода)
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
II кезең «Полиглот»
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
1. Қатысушылар берілген жұмбақты шешу немесе мақалды аяқтау арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
2. Екі кезеңде ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығарылады.
1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron
4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)
5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
8. Алтын....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, silver
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
(2 оқушы ойыннан шығарылады).
IІІ кезең «Дода».
Бүгін де химия барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,
1. Бұл кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша таңдау жасайды: медицина, ұлы тұлғалар, қилы сұрақтар, т. б
2. Қатысушыларға төрт тақырып беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырулы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40, 50 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны – 5, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды ойыншылар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Ойыншы дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде жалауша көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс жасай алады.
7. Егер екінші ойыншы дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші ойыншыға өтеді. Ол екінші ойыншы тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.
«Ұлы тұлғалар»:
10 - Универсалды тұрақты - идеал газдың 1 мольндегі молекула санын ашқан итальяндық ғалым(А. Авогадро)
20 - Зат құрамының тұрақтылық заңын ашқан француз химигі (Д. Пруст)
30 - «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» қай ғалымның сөзі? (Қ. Сатпаев)
40 - Иондардың гидраттануы туралы ұғымды енгізген ғалым (И. А. Каблуков)
50 - «Спирттің сумен қосылысы» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған орыстың атақты химик ғалымы? (Д. И. Менделеев).
Биология және медицина:
10 - Адам ағзасында кездесетін микроэлементтер.
20 - Дені сау адамның асқазанында болатын қышқыл?
30 - Адам дем шығарғанда қанша % СО2 бөледі? (4%)
40 - Бұл заттың 0, 9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады. Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады. Ол затты тұрмыста да қолданады. Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)
50 - Бұл затты тамақпен уланғанда дәрі түрінде қолданады, оны қайыңды ауасыз жерде қыздыру арқылы алып, одан әрі өңдейді. Бүл қай дәрі? (белсендірілген көмір)
Қилы сұрақтар:
10 - Қай элемент ертерек күннен, кейін жерден табылған? (Не)
20 - 1400 С және 58 атмосфера қысымда ауа өзгеріске ұшырай ма, қандай? (сұйылады)
30 - Ежелгі грек ертегісіндегі батырдың атына сәйкес элемент (тантал)
40 - Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)
50 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз? (оттек)
Химиялық қосылыстар:
10 - Көміртектің сутекті қосылысын ата. (метан)
20 - Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ ( көмірқышқыл газы)
30 - Тау хрусталі минералының латынша аты. (Кварц)
40 - «Химиялық өндірістің наны» деп аталатын қосылыс. (күкірт қышқылы)
50 - Алғаш рет химиктер оны көк аспан ауасы, өмірдің негізі ауасы деп атаған, ал қазір біз оны қалай атаймыз?
(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)
(2 оқушы ойыннан шығарылады).
IІІ кезең «Жорға».
Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Бұл кезеңге 2 оқушы қатысады. Жүргізуші 1 минут ішінде сұрақтарды оқиды.
1. Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар (тұздар)
2. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болу құбылысы (аллотропия)
3. қышқылдық ортада лакмус қағазы қандай түске боялады?
4. Калий қандай металл (сілтілік)
5. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)
6. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды (нитраттар)
7. Г. Кавендиш алған химиялық элементті А. Лавуазье «гидроген» деп атаған. Ал қазір қалай аталады?
8. Жану үрдісі үшін 3 жағдай қажет: оттектің болуы, белгілі температура және.... 3 - ші компонентті атаңдар. (отын)
6. Д. И. Менделеевтің туған жері?
7. Сұйық күйде болатын 2 жай затты ата (Нg, бром )
8. Жанбайтын, суға батпайтын, концентрлі күкірт, азот қышқылы ерітіндісінде де тотықпайтын, түссіз СuО (ІІ) қосылысының түсін өзгертетін қатты сутекті қосылысты ата.
9. Ең алғаш адамзатқа белгілі болған металдар. (Ag, Au, Cu)
10. Жер қабатында ең көп тараған зат (Н2О)
11. Химиялық элементтердің таңбасын кім енгізді? (Берцелиус)
12. Оттек газын бос күйінде алған ғалымдар? (ағ химик Д. Ж. Пристли, швед ғалымы
К. Шееле)
13.«ион», катион, анион электролит терминдерін енгізген физик? Майкл Фародей
14. Н2S лоб - да қандай құралдың көмегімен алады алады? (Кипп аппараты )
15. Күкірттің тұрақты аллотропиялық түр өзгерісі? (ромбалық)
16. Көміртектің металдармен түзілетін зат (карбид)
17. Өткір иісті, тұншықтырғыш қоңыр түсті, улы газ. (NO2)
18. Қазақстанның қай қалаларында фосфор өңдейтін заводтар бар? Тараз, Шымкент.
29. Су газының басқаша атауы? (генератор газы)
20. Түркістанда құйылған тайқазан неше металдан құйылған? (Fe, Zn, Sn, Pb, Cu, Ag, Au)
21. Құрғақ мұз бола ма? (СО2)
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.
«XXI ғасыр көшбасшысы» сайысы
- кулжабаева сымбат
- 17 наурыз 2014
- 23283
- 0
- 0
Ілмек сөздер: химия, сыныптан тыс, ғасыр көшбасшысы сайыс сабақ химиядан
Ұқсас жаңалықтар:
Химия ғажайыптары тұрмыста. (Ашық үйірме жұмысы)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту. 2. Оқушылардың...Химия тұрмыста
Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту. Сабақ түрі: Сайыс сабағы....Білімділер додасы
Атырау мұнай және газ технологиялық колледжісінің химия пәнінің мұғалімі Далеуова Алмагуль Асауовна...ХХІ ғасырдың көшбасшысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп химия биология пәнінің мұғалімі Бакижанова Маржан Калимовна...Химия әлемінде
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов елді мекені № 1 мектеп - лицейінің химия пәнінің мұғалімі Мархабаева Ақмарал Аймұратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.