Сайтқа кіру Тіркелу

Металдарға жалпы сипаттама. Металдар мен бейметалдар

Сабақтың тақырыбы: Металдарға жалпы сипаттама. Металдар мен бейметаллдар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың металдардың периодтық жүйедегі орнына кіші және үлкен период металдарының атом құрылысына тән ерекшеліктеріне көңілін бөле отырып, жаңа тақырыпты игерту, халық арасында ежелден пайдаланып келе жатқан металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру. Бейметаллдармен салыстыра отырып басқа пәндермен байланыстыру, оқушыларды еліміздің қазба байлықтарымен Қазақстан металлургиясы және оның дамуына ғалым Қаныш Сатпаевтың қосқан үлесімен таныстыру.
Дамытушылық:
Өзіндік жұмыс істеуге баулу, оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған теориялық білімдерін іс - жүзінде қолдана білуге және пәндермен байланыстыра білуге үйрету; жалпы металдарға сипаттама бере отырып, Қазақстанның металлургиясы туралы мәлімет беру; жаңа технология әдістері арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік:
Оқушыларды периодтық кестедегі металдардың орнын, атом құрылысының ерекшеліктерін білуге және оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру, металлургия саласы бойынша кәсіптік бағдар беру, ойлау қабілетін дамыту, өз білімін өзі тексеріп бағалай білуге үйрету және іздемпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты игерту.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Деңгейлеп оқыту технологиясы, Проблемалық оқыту технологиясы, С. К. Т технологиясы элементтері, «Үш деңгейлі үй тапсырмасы» әдісі, «Қатені тап!» тәсілі, « Топтамалы тапсырма тәсілі».
Пәнаралық байланыс: биология, география, физика, тарих, қазақ тілі, әдебиет, технология, латын тілі, салауаттану негіздері.
Таралу аймағы – медицина, тұрмыс - шаруашылық.
Сабақ көрнекілігі: Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі, Бекетовтың кернеу қатары, (кесте) металл түрлері, металл құймалары, салыстырмалы кесте, тірек – сызбалар, плакат, кеспе қағаздар, тест, металдарға байланысты нақыл, мақал - мәтел жазылған буклеттер, слайд - презентация.
Сабақтың девизі: «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Қ. Сәтпаев.

файл: word, презентация түрінде
Жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×