Сайтқа кіру Тіркелу

Фосфор

Сабақтың тақырыбы. Фосфор.

Сабақтың мақсаты. Фосфордың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, аллотропиялық түр өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарымен танысу. Фосфордың химиялық қасиеттері мен қолданылуын қарастыру.
Құралдар мен реактивтер: Қызыл фосфор, құты, сынауық, штатив, зат жағатын қасық, спиртшам,су, индикаторлар.

Сабақтың барысы.
Өткен тақырыпты қайталау.
Азот және оның қосылыстарына байланысты тапсырмалар беру. Тапсырмалар екі бөліктен тұрады.
1. Тест тапсырмалары (5 сұрақ).
2. Үлестірмелік парақтарда берілген тапсырмалар.

Тест тапсырмалары:
1. Қай қосылыста азот - 3 тотығу дәрежесін көрсетеді?
А) N2O
Ә)N2O3
Б)NH3
В)NO2
2. Азот қышқылы қай затпен әрекеттеспейді?
А) Cu
Ә) Zn
Б) Pt
В) Fe
3. Қандай қосылыста азоттың массалық үлесі көп?
А) NaNO3
Ә) NH4NO3
Б) N2O3
В) N2O5
4. Қандай зат термиялық ыдырағанда бос металл бөлінеді?
А) KNO3
Ә) Mg(NO3)2
Б) Pb(NO3)2
В) AgNO3
5. Мыс түйіршіктері мен концентрлі азот қышқылының әрекеттесуі нәтижесінде қандай газ бөлінеді?
А) NO2
Ә) NO
Б) N2O
В) NH3
Тапсырмаларды орындаған соң, оқушылар тест тапсырмаларын бір-бірімен алмаса отырып тексереді. Мұғалім дұрыс жауаптарды айтып тұрады.
ІІ тапсырма. Үлестірмелік парақтардағы тапсырмаларды оқушылар тақтаға орындайды. Әр топтан бір оқушыдан шығады.

1. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазып, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.
N2 →NH3→ NO→ NO2→ HNO3→ Cu(NO3)2

2. NH4Cl→ NH3→ N2 →NO→ NO2→ NaNO2→ HNO2
3. Аммоний сульфатын алу үшін көлемі 134,4 л (қ.ж.) аммиак қанша килограмм 78%-тік күкірт қышқылымен әрекеттеседі?
4. Массасы 14 г кальциймен (қ.ж.) көлемі 11,2 л азот әрекеттесті. Нәтижесінде қанша грамм кальций нитриді түзілетінін есептеңдер.

5. NH3 + O2 →N2 + H2O реакциясын электрондық баланс тәсілімен теңестіріңдер.
Жаңа тақырыпты меңгеру.
Топ нөмірі
Қарастырылатын сұрақтар
Сұрақтар мен тапсырмалар
І топФосфорға азотпен салыстыра отырып, сипаттама беріңдер (элемент ретінде).
1.Периодтық жүйедегі орны;
2.Атом құрылысы;
3.Тотығу - тотықсыздану қасиеті;
4.Табиғатта кездесуі;
5.Қазақстандағы фосфорит кен орны;

ІІ топ Фосфорға жай зат ретінде сипаттама беру.
1.Молекулалық және құрылымдық формуласы;
2.Кристалл торлары;
3.Аллотропиялық түр өзгерістері;

ІІІ топ Фосфордың физикалық қасиеті, фосфордың алынуы.
1. Жазбаша жазу;
2.Реакция теңдеулерін жазу;

IV топ Фосфордың химиялық қасиеттері.
1.Фосфорға қандай химиялық қасиеттер тән;
2.Фосфордың химиялық қасиеттерін, реакция теңдеулерін жазу;
(O2, H2, Ca, Cl2, S т.б.)
Тәжірибелік көрсетілім. Қызыл фосфордың оттегінде жануы.

V топ Фосфордың қолданылуы. улы химикаттар .....сіріңке өндірісі ........Ауыл шаруашылығы..........Р............пиротехника
зиянкестерімен күресу...........H3PO4 алу

Сабақты бекіту.
1. Фосфордың тотығу дәрежелерін анықта.
P2O5, PH3, HPO3, K3PO4, PCl3, Ca3P2
2. Азот табиғатта бос күйінде кездессе, фосфор көбінесе қосылыс күйінде кездесетіні неліктен?
3. Молекулалық азот пен фосфордың формулалары қандай?
4. Ақ және қызыл фосфордың қасиеттерін салыстырыңдар.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. §18
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×