Сайтқа кіру Тіркелу

АҚШ туристік нысандары

Сабақтың тақырыбы: АҚШ - тың туристік нысандары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға АҚШ - тың туристік нысандары туралы түсініктер бере отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін одан әрі толықтыру.
Дамытушылық: интерактивті тақтаны пайдалана отырып түрлі тапсырмалар орындау, интернет ресурстарын пайдалану, картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылығын, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Ұжымдық, топтық, жеке даралап.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы Атлас 11 сынып
Интернет ресурстары, бейнекөріністер.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын түгендеу, зейіндерін тұрақтандыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой жинақтау» тапсырмалары
(АҚШ - тың экономикалық аудандары тақырыбы бойынша)
1. Кескін картаға АҚШ - тың экономикалық аудандарын түсіру
1 - топ: Солтүстік - Шығыс аудан
2 – топ: Орта Батыс аудан
3 - топ: Оңтүстік аудан
4 - топ: Батыс аудан

2. «АҚШ - тың басты экономикалық аудандары» атты
6 - кестедегі мәліметтерді пайдаланып, аумағының ел ауданындағы, тұрғындарының аудандарда орналасуы, қала халқының үлестерін, жан басына шаққандағы жылдық табыстарын көрсететін диаграммалар сызу (дөңгелек, бағаналар түрінде)
3. «Ұяшық таңдау»
Шарты:
АҚШ - тың 4 экономикалық аудандары берілген. Әрбір топ «Солтүстік - Шығыс», «Орта Батыс», «Оңтүстік», «Батыс»экономикалық аудандардағы ұяшықтарды таңдау арқылы
5 сұраққа жауап береді.
1. Солтүстік - Шығыс аудан
10. Бұл аудан тарихи - мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай қалай аталады? («Ұлт шеберханасы»)
20. Ешбір штаттың аумағына енбейтін Колумбия округінің жерінде орналасқан қала.
(Вашингтон)
30. Елдің қаржы орталығы және “экономикалық астанасы” болып саналатын
қала. (Нью - Йорк)
40. Солтүстік - Шығыс («Босваш»)
50. Вашингтондағы ел президенті тұрып, жұмыс істейтін әйгілі Ақ үй 1792 жылы салынған. Ал конгресс резиденциясы 1793 - 1865 жылдары салынды. Конгресс резиденциясы орналасқан жер қалай аталады? ( Капитолий)

2. Орта Батыс аудан
10. Көл маңы мегалополисі («Чипиттс»)
20. Бұл аудан тарихи - мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай қалай аталады? / Өнеркәсіпті және ауыл шаруашылықты аудан)
30. Жоғары көлдің маңында қалалардың пайда болуы мен темір жолдың салынуына себепші болған пайдалы қазба (Темір кені)
40. АҚШ – тағы ең биік ғимарат. Бұл ғимарат 1975 жылы салынған, биіктігі - 442 м? ( «Сирс Тауэр»)
50. Орта Батыс аудан орналасқан жазық. Бұл жазықтағы ең ірі қала – Сент - Луис. (Ұлы жазық)
3. Оңтүстік аудан
10. Мұнай өңдеу негізінде химия өнеркәсібі жақсы дамыған. Бұл қаланың өзінде 200 - ден астам химия кәсіпорындары бар. Сондықтан оны елдің “химиялық астанасы” деп те атайды. Сонымен бұл қай қала? (Хьюстон)
20. Мал шаруашылығымен және мұнай байлығымен әйгілі штат / Техас)
30. Бұл аудан тарихи - мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай қалай аталады? (Ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне жеткен, ауыл шаруашылықты аудан)
40. Атланта қаласында ХІХ ғасырдың 70 - жылдарында жергілікті дәріханашы ойлап тапқан сусын ( Кока - кола)
50. Бұл ауданның құрамына неше штат кіреді? ( 14 штат)
4. Батыс аудан
10. Шартты түрде бұл ауданды шығыстан батысқа қарай қанша бөліктерге бөледі? (3 – ке бөлінеді: Қиыр Батыс, Таулы Батыс, Тынық мұхиттың батысы)
20. Бұл аудан мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай қалай аталады? / Ең кеш игерілген және ең жас, ең қарқынды даму үстіндегі аудан )
30. Қала маңында Голливудты “кино фабрикасы” деп атайды, мұнда әлемге әйгілі киностудиялар орналасқан. Шатырсыз “Голливуд - боул” залында жыл сайын кино өнерінің шеберлерін Оскар сыйлығының марапаттау салтанаты өтетін қай қала?
(Лос - Анджелес)
40. 1937 жылы салынған, ұзындығы – 1281 м, дүние жүзіне әйгілі аса ірі көпір
(Алтын қақпа)
50. АҚШ - тың басты ғылыми және әскери – өнеркәсіп орталығы (Калифорния)

Оқушыларды осы тапсырмалардан кейін, сабақтың мақсатын ашуға бағыттау.
Сұрақ: - Мысалға сендерді бір сәт көз алдымызға былай елестетейік. Өздеріңнің қалаған мамандықтарың бойынша жақсы орындарда жұмыс істейсіңдер. Үйлерің де, автокөліктерің де, ақшаларың да бар. Кезекті еңбек демалыс күндерің жақындап келіп қалды. Демалыс күндеріңді қалай өткізер едіңдер?

Сергіту сәті:
Қазір барлығымыз денемізді бос ұстап, ыңғайланып отырамыз да, көзімізді жұмамыз. Дәл қазір өзімізді Қазақстаннан сонау алыста мұхиттың арғы жағындағы Нью - Йорк пен Чикагодан кейінгі АҚШ - тың ең әйгілі қаласы, Флорида штатында орналасқан дүние жүзіне танымал курорты бар қала Майамиге бір сәт саяхат жасайық. Көз алдымызға елестетеміз. Біз әдемі Атлант мұхитының қайталанбас керемет жағалауындағы Майами қаласын экслюзивті яхтамен тамашалап жүрміз! Теңіз жағалауы, алтын нұрын шашып тұрған күн, көкпеңбек ашық аспан, теңізден соққан салқын самал жел, мақтадай аппақ жағалаудағы құмдар, теңіздің жағаға соққан асау толқындары, сылдырлаған күмістей судың даусы естіледі.

«Сөздік жұмыс»
● Гейзер – (исландша гейза – лақ ете түсу) мезгіл - мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын бұлақтар.
● Сарқырыма – өзен суы өзен арнасындағы кедергіден төмен қарай құлап ағуы.
● Каньон - (испанша канон – шатқал, құбыр) өзендердің жуып - шаюынан пайда болған терең, тар әрі беткейлері тік өзен аңғарлары.
● Ұлттық саябақ (парк) – табиғатты қорғаумен қатар оны ғылыми - ағарту, мәдени - эстетикалық, бағытта пайдалануды жүзеге асыратын жерлер.
● Рекреация – (қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді) демалыс, туризм, емдік мақсатта пайдаланатын ресурс.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (Йеллоустон ұлттық саябағы, Колорадо каньоны, Ниагара сарқырамасы, Диснейленд – ертегі патшалығы)
Жоба қорғау (постер арқылы)

№ Нысандар Рекреациялық аудан Ертегі патшалығы Каньон Сарқырама Ұлттық саябақ
1 Колорадо
2 Йеллоустон
3 Ниагара
4 Диснейленд
5 Майами
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Жаңа тақырып бойынша өзіндік жұмыстар бере отырып оқушылар білімін бекіту.
1. Семантикалық картамен жұмыс.
2. «Бұл АҚШ» бөліп алу стратегиясы.
Көрсетілген нысандардың ішінен АҚШ - қа қатысты сөздердің астын сыз.
Чикаго, Босваш, Нъюфаунленд, Оттава, Кока - кола, Ванкувер, Детройт, Гарвард, Вуд - Баффало, Флорида, Сан - Сан, Квебек, Аляска, Виннипег.
3. «АҚШ туризмі» сандық диктант.
Колорадо каньоны --------- Ниагара сарқырамасы -------- Диснейленд --------- Майами ----- Йеллоустон ------------
1. Флорида штатында орналасқан дүние жүзіне әйгілі курорт
2. «Күркіреуік су» дегенді білдіреді
3. Калифорниядағы «ертегі патшалығы»
4. Тереңдігі - 1800м, ұзындығы - 350км
5. Жүздеген аттракциондар бар
6. Биіктігі - 50м, ені - 1200м
7. Колорадо үстіртінде орналасқан
8. Отел - Роу қонақүйі орналасқан
9. Уолт Дисней авторлығымен жасалған
10. 1872 жылы ұйымдастырылған
4. «Иә - Жоқ»
Көрсетілген деректердің дұрысына «иә», қатесіне «жоқ» деп жауап беріңдер.
1. Ниагара сарқырамасы Онтарио мен Эри көлдері аралығында орналасқан. (Иә)
2. АҚШ - та 70 - тен астам ұлттық саябақ бар. (Жоқ, 50 - ден астам)
3. Йеллоустон ұлттық саябағы дүние жүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ. (Иә)
4. Солт - Лейк - Сити қаласында 2002 жылғы қысқы олимпиадалық ойындар өтті. (Иә)
5. Йеллоустонда гризли аюы, алып бизондар мекендейді. (Иә)
6. Гавай аралдары мен Калифорния тау туризмінің басты аудандары болып табылады. (Жоқ, теңіз маңындағы)
7. Йеллоустон ұлттық саябағы Вайоминг, Айдахо және Монтана штаттарының шекарасында орналасқан (Иә)
8. Колорадо каньоны алуан түрлі бояуларға боялмайды. (Жоқ, каньонның қабырғасын құрайтын тау жыныстарына күн сәулесі түскенде боялады)
9. 1950 жылы Уолт Дисней өзінің ертегі патшалығы – Диснейлендті жасады. (Жоқ, 1955 жылы)
10. Ниагара сарқырамасынан құлаған судың дыбысы 52 км қашықтыққа дейін естіледі. (Жоқ, 25 км)
5. «Кім бірінші сөйлем құрар екен?»
Тылсым, сақтай отырып, мүмкіндігінше, көркем де, қолына, ұрпақтың, табиғатты, нәзік, табиғи, әсем де, біз, өзгеріссіз, керек, бейнесін, тапсыруымыз, болашақ.
Біз көркем де нәзік, әсем де тылсым табиғатты мүмкіндігінше өзгеріссіз табиғи бейнесін сақтай отырып, болашақ ұрпақтың қолына тапсыруымыз керек.
V. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: Кескін картаға АҚШ - тын туристік аймақтары орналасқан штаттарын белгілеу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Солтүстік Америка материгінің жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі...
Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі Жолмуханова Айгул Салимовна...
СҚО ЭГЖ

СҚО ЭГЖ

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Күләй Сайлауқызы...
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы Сабақтың тақырыбы:§18. Әлеуметтік инфрақұрылым салалары...
Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы

Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы

Қазалы қаласы, Қ.Нұрмаханов атындағы № 95 орта мектеп География пәні мұғалімі Кеулімжай Әлия Талғатбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×