Сайтқа кіру Тіркелу

Солтүстік Қазақстан облысының өзендері, көлдері, бөгендері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы білімдерін тиянақтау, толықтыру;
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Экологиялық, патриоттық тәрбие беру;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
«Есіл ағады» әнін тыңдау
Балалар, әнді естігенде көз алдарыңа не елестеді, кім не ойлады?
Ендеше бүгінгі сабағымыз Қазақстанның сулары туралы білімімізді ортаға салып, толықтырамыз. Сынып топқа бөлініп, топпен, жеке де жұмыс орындаймыз.
1 топ - Өзен
2 топ - Көл
3 топ - Бөген
2. Үй жұмысын тексеру
Алдымен не білетінімізді анықтау үшін үй жұмысын тексерейік. Адарыңда деңгейлік тапсырмалар жатыр.
1 деңгей - жеңіл сұрақтар (3 бағасына)
І деңгей
1. Қазақстанда өзен бар.
2. Ұзындығы 1000 км - ден асатын өзен бар.
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл -
4. Қазақстанда бөген бар.
5. Ресей жеріндегі Ертістің ірі салалары -
6. Каспий алабының ірі өзені -
7. Бұқтырма бөгені өзенінде салынған.
8. Өзеннің құяр жері -
9. Қазақстандағы ауданы бойынша үшінші орындағы көл -
10. Каспий жағалауындағы мемлекеттер -
2 деңгей одан күрделірек (4 бағасына)
ІІ деңгей
1. Қазақстанда ең суы мол өзен -
2. Өзеннің су қимасынан 1 сек ішінде ағып өтетін су мөлшері -
3. Өзеннің басталатын жері -
4. Ауданына қарай бөгендер бөлінеді -
5. Арна арқылы ағатын су -
6. Өзендер қоректенуіне қарай болады -
7. Қапшағай бөгені өзенінде салынған.
8. Сырдарияның Қазақстан жеріндегі саласы -
9. Қазақстан Каспий арқылы елдерімен шектеседі.
10. Тұзды көлдердің шаруашылық маңызы -
3 деңгей күрделі сұрақтар (5 бағасына)
ІІІ деңгей
1. Алаптар арасындағы шекара деп аталады.
2. Ойыста жиналған су -
3. Қазақстандағы ең лайлы өзен -
4. Өзен қимасынан жыл ішінде өтетін су мөлшері -
5. Сағыз өзені алапқа жатады.
6. Каспий, Арал теңіздері қазаншұңқырлары пайда болуына қарай болады.
7. Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан өзені пайда болды.
8. Бекіре тұқымдас балықтар өзенінде мекендейді.
9. Сырдария өзеніндегі бөген -
10. Қазақстандағы жалғыз ағынды көл -
11. Арал теңізі дүние жүзінде көлдерінен кейін 4 орын алады.
12. Экологиялық жағдайы нашарлаған көл -
Әрбіреуің өз деңгейлеріңе сәйкес таңдап орындаңдар.
3. Өткен тақырыптарды қайталау
Келесі енді топпен жұмыс орындаймыз. Әр топтан 1 оқушыдан шығып сәйкестікті анықтау қажет.
Сәйкестікті анықта:
Өзен Салалары
Ертіс Сағыз, Жем
Есіл Обаған
Тобыл Бұқтырма, Үбі
Жайық Түрген, Талғар
Сырдария Иманбұрлық
Іле Арыс
Келесі тапсырма да топпен орындалады. Ойын «Иә - Жоқ» деп аталады.
Сендерге сөйлемдер таратылады. Сөйлеммен келіссеңдер + келіспесеңдер – қоясыңдар.
+ 1. Арал теңізі Қазақстанның оңтүстік - батысында орналасқан
- 2. Балқаш дүние жүзінде ауданы бойынша 3 орын алады
- 3. Есіл өзені Каспий алабына жатады
- 4. Қазақстандағы ең үлкен бөген - Қапшағай бөгені
+ 5. Қазақстандағы ең суы мол өзен - Ертіс
+ 6. Батыс Сібір жазығындағы көлдер пайда болуына қарай суффозиялық көлдер
+ 7. Солтүстік Мұзды мұхит алабына Тобыл өзені жатады
+ 8. Тау өзендері энергетикалық ресурстарға бай
- 9. Жайық өзені Арал теңізі алабына жатады
- 10. Каспий теңізі арқылы Қазақстан Өзбекстан, Тәжікстанмен шектеседі
Енді тақтаға қарап өзімізді тексерейік (қорытынды шығару)
Келесі жұмыс кескін картамен жұмыс орындалады.
Әр топқа Қазақстанның бір бөлігі беріледі
Жоспар:
1. Қай бөлік екенін анықтау
2. Сол аймақта орналасқан өзендерді, көлдерді, бөгендердң белгілеу
(Тексеру)
4. Жаңа сабақ
Енді әрине Қазақстанның өзендері, көлдері мен бөгендерін айтқанда өз өңірімізде орналасқан суларды айтпай кете алмаймыз. Сондықтан әр топ қазір Есіл өзені, Сілетітеңіз көлі және Сергеев пен Петропавл бөгендері туралы Презентация жасап өз жұмыстарын қорғайды.
(топтарды тыңдау)
Келесі бөлім «Сен білесің бе?» деп аталады.
Қызықты мәліметтер
1. Жайық өзенінің бір жақ жағалауы Еуропада, екінші жағалауы Азияда.
2. Антактида материгінде бір көл табылған: оның суы мұхит суынан 11 есе тұзды және ол
- 50 градуста ғана қатады екен.
3. Ең биік тау көлі - Титикака (Оңтүстік Америкада, 3812м биіктікте)
4. Ең өлі деп Израильдегі Өлі теңізді айтады, ал Сицилияда
"Өлім теңізі" (озеро Смерти) бар.
5. Югославияның тауларында Циркницкое көлі бар. Оның суы жазда және қыста жоқ болып кетеді да, көктем мен күзде қайта пайда болады.
6. Сарез көлін (Тәжікстан) планетадағы ең үлкен бомба деп атайды.
7. Грузиядағы Көгілдір деген көлдің суымен шомылса адам жасарады деген сөз бар.
8. Каспий теңізі дүние жүзінде тереңдігі бойынша ІІІ орын алады.
9. Солтүстік Американың Маккензи өзені қыста түбіне дейін қатып қалады.
10. Азия шөлдерінде орналасқан Лобнор көлінің нақты орны жоқ, ол құмда желмен бірге орнын ауыстырып отырады.
5. Үй жұмысы
Келесі бөлім бізде «Бізді ҰБТ - де не күтіп тұр»? деп аталады (осы тақырыптар бойынша жиі кездесетін сұрақтар)
Аты - жөні
1. Қазақстандағы ең суы мол өзен?
2. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен?
3. Қазақстандағы ең ірі бөген?
4. Су қимасынан 1 сек ішінде ағып өтетін су мөлшері?
5. Шардара бөгені салынған өзен?
6. Өзеннің құяр жері?
7. Еуропа мен Азияның шекарасындағы өзен?
8. Тобыл өзені басталатын тау?
9. Екі алап арасындағы шекара?
10. Іле өзеніндегі өзен?
11. Жыл ішінде ағып өтетін су шығыны?
12. Өзеннің басталатын жері?
13. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
14. Қазақстандағы Солтүстік Мұзды мұхиты алабының ең ірі өзені?
15. Қазақстандағы ұзындығы 1000 км - ден асатын өзендер саны?
16. Каспий жағалауындағы мемлекеттер?
17. Сырдария өзені басталатын жер?
18. Қарағанды қаласына дейін қай өзеннен канал тартылған?
19. Балқаш көлі жағалауындағы ірі қала?
20. Арал теңізі алабының ең ірі өзені?
6. Сабақты қорытындылау
Сабақтан не білдік?
Сен үшін не жаңалық болды?
Не маңызды болды?
7. Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанның ішкі суларының түрлері

Қазақстанның ішкі суларының түрлері

Қазақстанның ішкі сулары білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары, өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректенуі туралы...
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.

Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту....
Балқаш көлі

Балқаш көлі

Сабақтың тақырыбы: Балқаш көлі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлінің табиғатын, көлге құятын басты өзендер мен батыс бөлігі, тұщы...
Каспий теңізі

Каспий теңізі

Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру. Олардың физикалық географиялық жағдайына...
көлдер мен бөгендер

көлдер мен бөгендер

Сабақтың тақырыбы: Көлдер мен бөгендер Мақсаты: Білімділік: Қазақстан көлдері мен бөгендері, олардың ерекшеліктері, су су деңгейінің өзгеруі туралы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×