Бұрынғы заманда Бағланбай деген бай бар екен. Оның дүние малы көп екен. Көп малының ішінде бозінген деген бір жақсы түйесі бар екен. Бозінгенді барлық малынан жақсы көреді екен.
Бір уақыттарда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене үшеуі жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен. Үшеуі ойласты: «Мұны тұқым қылып, жерге егіп, көбейтіп бөліп алайық», – деді.
Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды.