Күй аңызы: Майдақоңыр
Сүгiр жас кезiнде бозбалалықпен сауық - сайран құрған, қыз - қырқын жиналған жерде өнерімен елді баурап алатын сері болған екен. Қаратаудың бауырындағы «Қарағұр» деген ауылда сол елдің өзі ақын, өзі домбырашы қызы Айғаным сұлумен таныс болады.
Айғаным болса сол төңіректегі қоңыраттың төрт биінің бірі болған Жетімдер руынан шыққан Алдаштың қызы. Сүгір де осал жерден емес, Таманың ішіндегі Әліптің еркесі.
Ақыры екі жастың көңілі жарасқан соң ата салтымен екі жақ құдандалы болады. Ел болып отыз күн ойын, қырық күн той болады. Алайда тағдыр ісіне не шара бар? Айғаным сұлу аяғы ауыр болып, қуаныш күтіп жүргенде босана алмай қайтыс болады. Сүгір сол қайғыны ішіне бүгіп көп жүрді дейді. «Майдақоңыр», «Назқоңыр» күйлері сонда шыққан екен. Алғашқысы - жоқтау болса, екіншісі - тоқтау күй.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Күй аңызы: Майдақоңыр
- ramuk_b
- 3 сәуір 2021
- 2613
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сүгiр, домбырашы қызы Айғаным сұлу, күй аңызы әңгімесі
Ұқсас жаңалықтар:
Қоңыр қаз
Бұл күй негізінен қазіргі Жезқазған, Балқаш өңірінде ерекше мәшһүр болған. Күй батыр құс - қоңыр қаз жайында сыр шертеді....Аруана
Секен Тұрысбек: ...Мысалы, Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман ананың желмаяға мініп, белден бел асып, желіп бара жатқан сапары бар....Күйлердің шығу аңызы
Салық өлген ...бірде Баламайсаң (күйші) үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар»...Жетіген аспабының шығу тарихы
Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып,...Боркемік, бұла
Бос, болбыр, осал, жасық. Мысалдар: 1. Бой түзеген, боркемік. Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек! (Д. Бабатайұлы, Замана сазы)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.