Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Скиф патшасы Тарғытай және оның ұлдары
Скифтер Тарғытайдың шығу тегі жөнінде оның әкесі – Зевс, шешесі – теңіз патшасы Борисфеннің қызы Гестия дейді. Ертеде гректер Борисфен деп Днепр өзенін айтқан.
Тарғытайдың үш ұлы болған. Олардың аттары – Липоксай, Арпоксай және Қолақсай. Олар – үш скиф халқының бабалары.
Тарғытай патшалық құрған кезде скиф жеріне Көктен алтын заттар (Тәңірдің сәлемдемесі): соқы, мойынтұрық, айбалта және тостаған түседі. Бұл заттарды үлкен ағалары Липоксай бірінші болып көреді. Ол әлгі заттардың қасына барып жерден көтерейін десе, алтын лап ете түседі. Ол шегініп, енді ортаншы ұл Арпоксай жақындайды. Алтын тағы да от құшағына оранады. Лапылдап жанған алтынның ыстығы екі үлкен ағасын тоқтатып, тек үшінші, кенже ұл жақындағанда ғана жалыны өшеді. Ол заттарды өз үйіне апарадаы. Сол себептен ағалары патшалықты және соған қоса үлкендік жолыг інілеріне беруге келіседі.
Үлкен ұл Липоксайдан авхат деп аталатын скиф тайпасы өрбіген. Ортаншы ұл Арпоксайдан катиар және траспи халықтары, ал кішісі Қолақсайдан паралат тайпасы тарайды. Барлық тайпаларды бірге қосып, сколоттар, яғни патша адамдары деп атайды. Эллиндер (ежелгі гректер) оларды скифтер деген.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Скиф патшасы Тарғытай және оның ұлдары
- ramuk_b
- 6 қаңтар 2021
- 5036
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Скиф патшасы, Тарғытай туралы аңыз, сақтар, сақтар тарихы
Ұқсас жаңалықтар:
Қыздардың туған отбасынан ажырауы
Жара - Шешен бір күні адамдардың ғұмыр мерзімін жария етуге келіп, қыздары көп үйге бұрылыпты....Тяран-Мызықайды сәуегейлігі
Жалмауыз аждаһаны жеңген Тяран - Мызықайдың кейпі адам тәріздес болып, жер бетін шарлап жүргенімен, оның кім екенін, қайдан келгенін ешкім білмеген....Сақтар
ШҚО, Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі: Омирбаева Меруерт Даулетбековна...Ескендір Зұлқарнайын жорықтары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәнінің мұғалімі: Байбатырова Мира...Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.