Күй аңызы: Сарыжайлау
Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйі.
«Абылай аспас арқаның сары белі» атанған Сарыарқаның табиғатын суреттеген күй. Арнайы уақиғасы сақталмаған, дегенмен «Майдасары» жайлауына көшкенде көңілі шаттанып тартқан күй деген дерек бар («Аманат» жинағынан алынды).
Ендігі бір дерек бойынша, «Сарыжайлау» күйі күйшінің өмірінің соңында дүниеге келген. Музыкатанушы Раушан Малдыбаеваның жеткізуімен, күйші Мағауия Хамзин айтты деген мынадай әңгіме бар. «Сары деген сөз адамның кемелденген кезімен байланысты. Яғни, көргенін көрген, сүргенін сүрген адамның кейпі. Ал, табиғаттың керім кезін суреттейтін болса, ол сары емес, Алтын деп аталушы еді».
«Тәттімбет және Арқа күйлері» жинағында келесі дерек келтірілген: «Ескі қазақ ұғымы бойынша адам өмірі бес кезеңнен тұрады. Он үш жасқа дейін көк өрімдей жас кезі, яғни «көк» кезеңі. Он үштен жиырма беске дейін қызу қанды «қызық» кез. Жиырма бестен отыз жетіге дейін сары мойын «сары» кез. Отыз жеті мен қырық тоғыздың арасы қарымы толған «қара» кез. Қырық тоғыз бен алпыс бірдің арасы адам ғұмырының ақылы толған «ақ» кезеңі. Алпыс жылдық бұл кезең «жар мүшел» деп аталады. Бұл жердегі жиырма бес пен отыз жеті жастың арасындағы сары мүшел адам ғұмырындағы әлеуметтік тосылудың бастамасы. Ал, осы жастағы адамның өз ғұмырына көз жүгірту, келген қорытындылары мен пікірлері, «Сарыжайлау» күйінде көрініс тапқан, яғни күй адам өмірін ешқашан тоқтамас ұлы көшке теңеп, оның жайлауға жеткен тұсын дыбыс тілімен өрнектейді. Немесе таратып айтатын болсақ, бұл күй азаматтың кемеліне келген шағын, ақыл тоқтатқан парасатты кезеңін кейде баяу, кейде буырқана аққан сезім толғаныстарын сипаттайды».
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Күй аңызы: Сарыжайлау
- ramuk_b
- 2 ақпан 2022
- 3378
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сарыарқаның табиғаты, Сарыжайлау күйінің шығу тарихы, күй аңызы
Ұқсас жаңалықтар:
Күй аңызы: Майдақоңыр
Сүгiр жас кезiнде бозбалалықпен сауық - сайран құрған, қыз - қырқын жиналған жерде өнерімен елді баурап алатын сері болған екен....Күйлердің шығу аңызы
Салық өлген ...бірде Баламайсаң (күйші) үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар»...Ай, Абылай, Абылай
Ай, Абылай, Абылай, Жеңбеген жауың қалмады-ау, Алмаған жерін аз қалды-ау....Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда? Жарға ойнаған лақтай. Қайда кеттің жиырма бес, Тастан шыққан бұлақтай?...Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.