Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды.
Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. Сосын Мақта қыз: «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді. Мысық сиырға барады.
«Сиыр - сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді. Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді. Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді.
Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Мақта қыз бен мысық
- ramuk_b
- 8 қаңтар 2020
- 4501
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мақта қыз бен мысық, Мақта қыз бен мысық ертегісі, ертегілер
Ұқсас жаңалықтар:
Мақта қыз бен мысық ертегісін сахналау
Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және кіші қойылымдарды сахналауды...Білімді тиянақтау
Бастауыш сынып мұғалімі Удуримова Шаризат Елдосовна...Анаға сыйлаймыз
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамшабаева Айсалтан...Ертегілер еліне саяхат
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат. Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы білім беру: Сөздік қорын байытып, ертегіні нақты етіп айта білуге...«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.