Күресе де білетін,
Тіресе де білетін
Алтай бала бәрінен
Күштімін деп жүретін.
Қызарса да құлағы,
Тарқамайтын құмары.
Абайсызда бір күні
Мұзға тайып құлады.
Көз алдына бұлт қонып,
Кірпігіне шық толып,
Ісіп кетті шекесі,
Күдірейіп, күп болып.
Мұз дегенің мықты екен,
Қалай ұрып жықты екен,
Білейінші — мұндай күш
Бұған қайдан бітті екен!
Әй, мұз, деймін, мұз, деймін,
Бәрін айтып тізбейін.
Сенен күшті бар ма осы?
Бар болса, мен — іздейін.
— Не дегенің, шырақ - ау,
Менен күшті Күн — анау.
Тастаса бір сәулесін,
Тас - талқаным шығар - ау...
Теңізді де кешеді,
Таудан тауға көшеді,
Алтай бала, ақыры,
Күнге барды, деседі.
— Қандай өзің көрікті ең,
Тұрмын Жерден келіп мен.
Сенен күшті бар ма осы,
Тастай мұзды еріткен?
— Соған, балам, сендің бе?
Анау бұлтты көрдің бе,
Сол күштірек, бөгесе,
Өте алмаймын мен мүлде...
Тарқамайды құмары,
Тау басына шығады.
Будақ - будақ бұлттардың
Бала жөнін сұрады.
Бұлттар келіп топталып,
Айтуға енді оқталып
Жатқанда, жел кенеттен
Қуып - айдап, кетті алып.
— Жел, әкеттің бұлтты айдап,
Күн сәулесі шықты ойнап.
Сен екенсің ең күшті,
Таба алмап ем қатты ойлап.
Ортекедей орғыған
Масаттанды жел бұған.
— Қозғалтшы енді, батырым,
Мына тауды орнынан!
Жел олай бір жүгірді,
Жел былай бір жүгірді.
Қозғалмасын білді де,
Құзға барып жығылды.
— Деген біреу Жел күшті,
Желдің өзі жер құшты.
Бәрінен де, Асқар тау,
Сен екенсің ең күшті.
— Жоқ!— деді тау,
— Менен де
Күшті мынау Емендер.
Тұрса дағы денемде,
Тамыры оның тереңде!
— Мұз да қалды далада,
Құз да қалды далада.
Күн де қалды көгінде,
Түк болмады Желің де,
Ең күштісі, Еменім,
Сен екенсің, тегінде.
— Әлі сен жас баласың,
Әрнеге таң қаласың.
Қажет етсең менен сен
Қағаз жасай саласың.
Мұз, күн, бұлт, жел, қара орман
Адам үшін жаралған.
Бәрін соның қорғайтын —
Күшті ешкім жоқ адамнан!
Кім күшті
- ramuk_b
- 2 қазан 2019
- 3120
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кім күшті, Кім күшті ертегісі, балаларға арналған ертегілер
Ұқсас жаңалықтар:
Шопан
Тұрмын деп астанада, нән қалада, Алмаймын таңдана да, паңдана да, Біз жүрміз автобуста сығылысып, Сен болсаң бір өзіңсің маң далада....Қызыл майдың емі күшті
Осыдан 15 жыл бұрын асқазаным ауырып, ішім тоқтамай қалған болатынмын....Жалын туралы мақал-мәтелдер
Жастық - жалын, Кәрілік - құл....О, Ақтан жас, Ақтан жас
О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сенде жетер ме екенсің? Жетімдіктің белінен Асып өтер ме екенсің?...Нарын
Абайламай айрылдым, Ар жақтағы елімнен - Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін, Кем болмады өлімнен....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.