Сайтқа кіру Тіркелу

Халық емі: Сізге қандай витамин жетіспейді?

Халық емі: Сізге қандай витамин жетіспейді?

Сізге қандай витамин жетіспейді? Витаминдердің адам өмірінде маңызы зор екені белгілі. Ал олардың жетіспеушілігі ағзада қалай сезіледі? Бұл тапшылық неге соқтыруы мүмкін екенін білгіңіз келе ме?
Цинк. Адам ағзасында аз мөлшерде жүрсе де цинктің болғаны дұрыс. Егер ол азайса қарт адамдар ұмытшақтыққа ұрынып, әр нәрсені шатастырып, алжи бастайды екен. Ал балаларда тәбет қашып, бойы өспей қалады. Ересектерде цинк тапшылығы ештеңеге зауқы соқпай, бей - жай болу, жинақтала алмаумен сипатталады. Ер адамдарда бұл жетіспеушілік бел қуатынан айырылуға соқтыруы да мүмкін.
Темір. Оның жетіспеушілігі қан құрамындағы қызыл түйіршіктердің азайып, анемияға соқтырады.
Йод. Йод тапшылығы зоб ауруына ұшырататыны мәлім.
Магний. Бұл тапшылық ауыра қалғанда дәрі - дәрмектерге реакция немесе аллергия тудырып, емделудің қиынға түсуімен сипатталады.
В витамині. Ол зат алмасу ағымына қатысады. Осы витамин жетіспесе шашыңыз сиреп, морт сынатын болады жане ұйқысыздық меңдейді. Оның үстіне асқазан безінің жұмысы бұзылып (секреторная функция желудка), қатерлі ісіктің қаупі күшейеді.
В6 витамині. Ол амин қышқылдарының алмасу ағымына қатысады. Осы витамин жетіспесе қан аз (малокровие) ауруына тап болып, адам ерте қартаяды.
С витамині. Ол біздің қанымыздың тазалығы мен сапасына әсер етіп, адам бойының өсуіне, иммундық қорғаныс қабілетінің төмендеуі мен қатерлі ісік (рак) жасушаларының «тірілуіне» соқтыруы мүмкін.
В витамині. Ол ағзаға кальцийдің сіңуіне жәрдем береді.
К витамині. Мидын жұмысын реттеп, миға қан құйылудан сақтайтын витамин жетіспеушілігі ағзада аз болса үздіксіз бас ауыру мен бас сақинасы басталады.
Е витамині. Оның аздығы ерте қартаю, әжім түсу, себепсіз жиі ауырумен сипатталады. Ер адамдарда бел қуатының төмендеуі байқалады.
А витамині. Ол аз болса көз жанары құрғап, кешке қарай көру қабілеті төмендейді. Сондай - ақ тері қышығыш келеді, құрғап, қабыршықтанады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×