Тұмаудан сақтайтын үш сусын
Ауырған соң ем іздемей, алдын - ала қамдану керек екенін биылғы жаз анық көрсетті. Енді қоңыр күзден сонау көктемге дейін созылатын тұмауға шалдықпауды да ойлану керек. Денсаулықты сақтаудың ең оңай тәсілі мынадай:
Лимон мен анар шырыны. Пропорциясын өзіңіздің қалауыңызға қарай анықтайсыз. Қышқылды немесе оның дәмін ұнатпайтындар жаңа алынған шырынға аздап су қосып ішуіне болады. Лимонның қасиетін көбіміз білеміз. Ал анар – күнделікті тұтынуымыз тиіс витаминдердің 40 пайызын құрайды. Қабынуға қарсы қасиетке ие болғандықтан тұмау, суық тию секілді вирустық ауруларды болдырмайды.
Лимон мен жалбыз шырыны. Жалбыз табиғи антибактериалды өсімдік, лимон күш - қуат беріп, иммун жүйесін нығайтады. Сусынды дайындау үшін жалбыз жапырақтарының үстіне қайнаған су құйып, жарты лимонның шырынын қосасыз.
Лимон мен зімбір шырыны. Зімбір(имбирь) зат алмасуды, асқорытуды жақсартып, иммунитетті нығайтады. Зімбір тамырының аз бөлігін майдалап турап, үстіне қайнаған су құйып, оған лимон шырынын қосыңыз. Сусынға бал қосып, сусынды тәтті етіп алсаңыз да болады.
Табиғи бұл ем түрін – аталған сусынды күнделікті таңертең ашқарынға бір стакан мөлшерінде ішкен дұрыс. Оны қалауыңызша үш айға дейін жалғастыруға болады. Мен бұл әдісті екі жылдан бері қолданамын. Табиғи емнің шипасы шынында ерекше екеніне көзім жеткен. Сусынның тек бір түрін ішу міндетті емес, оны қалауыңызша алмастырып отыруға болады.
Тұмаудан сақтайтын үш сусын
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2024
- 153
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұмаудан сақтану, денсаулықты күту, медициналық кеңестер
Ұқсас жаңалықтар:
Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...Халық емі: Тұмауға қарсы халық емі
Көктемнің алғашқы айы да бастауын алды. Бұл суық тию мен тұмаудың өршитін уақыты....Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.