Дайындық бөлім – 10 м. Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында оңға, солға, артқа бұрылу жаттығулар түрін орындау.
Допты нақты әрі тура беру команданың жақсы ойнауына көп әсер етеді. Допты беру оның бастапқы қалпына байланысты бөлінеді; кеудеден беру, төменнен беру. Бастапқы қалыптың әр қайсысы екі қолмен және бір қолмен беру арқылы орындалады.
Оқушыларға футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан бағытына қарай алдына шығып баспен және кеудемен тоқтату әдістерін еске түсіру арқылы спорт ойындарына қызығушылығын арттыру;