Қатысатын топтар: ересек топтары
Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігін болдырмау, оттан сақтану жолдарын үйрету, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру, топ арасында мейірімділік, достық қарым - қатынасты қолдау; бір - біріне көмектесу, жәрдем беру әрекеттерін бекіту.
Құрал - жабдықтар: 2 гимнастикалық орындық, гимнастикалық қабырға, қоңырау, 2 қапшық, өрт сөндіру құралдары., өрт сөндіру қызметкер өрт сөндіру киімімен, құм, күрек, 2 противогаз - газ тұтқыш.
Сайыс барысы:
2 топ музыкалық әуенмен сапқа тұрады. Олармен бой жазу жаттығулары жасалады.
Нұсқаушы: балалар өрт ол не? От туралы сендер не білесіңдер?
Тақпақтарын айтып болған соң, балалар қайтадан орындарына тұрады. Нұсқаушы: балалар бізге қонақ келіпті. Ол бізге осы тақырып жайында өзінің қызметін, өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру туралы ақпарат бермекші. Қане бәріміз, қонағымызды қарсы алайық. (Өрт сөндірушілер өздерінің қызметтері туралы, өрт сөндіргіш құралдары жайлы айтады)
Қонақ:
Балалар біз қонағымызға рахмет айтайық. Ол кісілер сендердің қалай өрт сөндіру ойындарын ойнайтындарыңды тамашалайды және баға береді.
Екі топ екі командаға бөлінеді. Команда 5 баладан және тәрбиешіден тұрады. Ортаға топтарымызды шақырайық.
Таныстыру: топ аты, ұранымен балалар өз топтарын таныстырады.
1 - тапсырма. «Өрт сөндірушілер» ойыны.
Гимнастикалық қабырғада ілулі тұрған қоңырауды сылдырлатып, төмен түсіп, өз қатарының соңына барып тұрады. Қай топтың тез бітіргенін ойын арқылы анықталады.
Ереже: Қабырғаның ең басына дейін өрмелеу, түскенде жерге дейін әр баспалдақты басып түсу.
2 - тапсырма. «Құм тасу»
(Белгілі межедегі ыдысқа құмды қасықпен тасиды)
3 - тапсырма. «Құтқарушылар». Белгіленген кедергілерден өтіп, межелі жердегі жануарларды құтқарады.
4 - тапсырма. «Құтқарушы апай» ойынында тәрбиеші апай противогаз киіп, балалардың біреуін алып, межелі жерге барады да, кері қайтады, тағы да бір баланы қосып, қайта жүгіреді, солай команда толық жүгіріп шығады.
5 - тапсырма. «Арқан тарту». Балалар өздерінің күштерін сынаса отырып, екі топ арқан тартады.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі «Өрт сөндірушілер» спорттық сайыста өздеріңізді жақсы көрсете білдіңіздер. Екі топ мақтау қағаздарымен марапатталады.
«Өрт сөндірушілер» атты спорттық сайыс
- Шаймуратов Еркебулан
- 5 маусым 2017
- 5624
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дене шынықтыру, спорттық сайыс, өрт сөндірушілер
Ұқсас жаңалықтар:
«Сергектік» эстафеталық жарысының ережесі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасында өткізілетін «Сергектік» эстафеталық жарысының ережесі...Кім жылдам? спорттық сайысы
Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру...Мамандықтың барі жақсы
Мақсаты: әр мамандық иесі туралы, олардың пайдаланатын құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Мамандық атаулары туралы мағлұмат бере отырып,...Гимнастикалық жаттығулар
А) Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Ә) Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету....Көңілді спорттық ойындар
Мақсаты: Балалардың қимыл - қозғалыстарын жетілдіру, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.