Сабақтың тақырыбы: Уақыт есебімен 4х100м жүгіру (эстафета)
Мақсаты: А) икемділікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Б) жүгіру тәсілдерін дамыту
Өтетін орыны: Спорт алаңы
Керекті құралдар: ағаш таяқша, ысқырық және секундомер
I. Дайындық бөлімі
Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Журнал бойынша түгендеу.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Оңға, солға, кері бұрылу.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар.
А) Қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру
Ә) Қол белде, өкшемен жүру
Б) Қолды екі жаққа созып, аяқтың ішкі, сыртқы қырымен жүру
В) Қол желкеде, жартылай отырып жүру
Г) Толық отырып жүру
Тыныс алуды қалпына келтіретін жаттығу
Екі қолды жоғары көтеріп демді ішке тартып, қолды төмен
түсіріп өкпедегі демді сыртқа шығарамыз.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.
А) Тізені жоғары көтеріп жүгіру
Ә) Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру
Б) Аяқтың басын алға сілтей жүгіру
В) Оң ж/е сол жақ қырымен қолды айналдыра жүгіру
Г) Артпен жүгіру
Өкпені қалыпқа келтіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында орындау.
1. Б. Қ. аяқ иық деңгейінде қол белде 1 - 4 санына басты оңға,
5 - 8 с/а басты солға айналдырамыз.
2. Б. Қ. аяқ иық мөлшерінде, екі қол иықта 1 - 4 с/а алдыға, 5 - 8 с/а артқа айналдырамыз.
3. Б. Қ. екі қол кеуде тұсында 1 - 2 санына жартылай, 3 - 4 санына толық ашамыз.
4. Б. Қ. оң қол белде, сол қолды жоғары көтеріп оң жақ бүйірге 1 - 2 с/а еңкейу, 3 - 4 с/а керсінше жаққа еңкейу.
5. Б. Қ. қол белде, белді 1 - 4 с/а оңға, 5 - 8 с/а солға айналдырамыз.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.