Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 - бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту
Сабақ тақырыбы: Секіру фазаларын қолдану.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
8. 3. 3. 1 түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру
Сабақ мақсаттары - қауіпсіздік ережесін біледі;
- секірудің түрлі жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;
- секіру жаттығулары денсаулыққа тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;
Бағалау критерийі - қауіпсіздік ережесін біледі;
- секірудің түрлі жаттығуларын іс жүзінде орындай алады;
- секіру жаттығулары денсаулыққа тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіре алады;
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
• ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
• күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
• есепті уақыт, нақты уақыт
• қадам, қозғалыс
• екпін алу, ұшу және қону
• лақтыру кезіндегі дәлдік
• физикалық белсенділік
• төменгі және жоғарғы сөре
• арақашықтықта жүгіру
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Талқылау үшін сұрақтар
Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?
Секіру кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
Құндылықтарды дарыту (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығармашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым - қатынас пен мінезді, денені және ақыл - ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.
(Ынтымақтастық) Жылы қарым - қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым - қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.
(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.
Пәнаралық байланыстар Физика пәнімен байланыс.
АКТ қолдану дағдылары Сілтеме::
http://www. gomelscouts. com/pryzhkovaya - estafeta. html
Бастапқы білім Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
0 - 7
7 - 8 Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.
- секіру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.
II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(Ж) « Ақылды доп» стратегиясы.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
ЖДЖ қозғалыста және бір орында. Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.
Мұғалімге ысқырық
Сабақтың ортасы
10 - 30
(Т, Ж, ҚБ)
1 топ жаттығуы.
Әр команда үшін кедергісі бар жол жүргізіледі. Әр команданың мүшелері екі топқа бөлінеді. Олар жолдың қарама - қарсы екі жағында орналасады. Бірінші жүгіруші жолды аяқтайды және екінші жүгірушінің арқасынан қағады. Сол кезде екінші жүгіруші жүгіруін бастайды және т. б. Барлық жүгірушілер өздерінің бастапқы орнына қайтып келгенде жарыс аяқталады.
2 топ жаттығуы
Екі команда трассаның қарама - қарсы екі жағынан бастайды. Командалар бір - бірін қуып жетуге тырысады. Егер бір команданың мүшесі келесі команданың жүгірушісінің арқасына қолын тигізсе, жарыс бітті деп саналады.
Баламасы: бір бағытқа кедергілермен жүгіру және кері бағытқа бір қалыпты спринт. Секіруден секіруге кедергінің биіктігін жоғарылатыңыз.
Дескриптор
- қауіпсіздік ережесін сақтайды;
– секіру тапсырмаларын құрастырады;
– секіру жаттығуларын орындайды;
- секіру ойындарын ереже бойынша орындай алады;
Саралау жүзеге асырылады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Бағалау: оқушылар өзін өзі бағалау.
Талдаңыз:
Дене жүктемесі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?
Секірудің қандай түрі сіз үшін қиындық тудырады.? Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, керекті құрал - жабдықтар.
Сілтеме::
http://www. gomelscouts. com/pryzhkovaya - estafeta. html
Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, картон, кедергілер
Сабақтың соңы
35 - 40 Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «бутерброд» әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.
Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.
Мұғалімге ысқырық
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
• Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
• Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз. • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
• Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
• Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды. • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Мектеп: №5 мектеп – лицей
Сынып: 8 «В» Мұғалімнің аты - жөні: Нұрпейсов. М. С
Секіру фазаларын қолдану
- Мейрхан
- 31 мам 2019
- 6923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сабақ жоспары денешынықтыру сабағынан, дене шынықтыру сабағынан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Металдар және бейметалдар
Химиялық элементтердің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау....Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері
Сабақ мақсаттары: Бо - Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы түсіндіре алады. Бб - Қазақтың ұлттық ою - өрнектерін зерттейді (ою - өрнек түрлері,...Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспарлар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақұдық орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ескиндиров Адлет Болатович...Эстафеталық жарыс
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Орнынан ұзындыққа секіру
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.