Сайтқа кіру Тіркелу

Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы

51. Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы.
52. Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны.
53. Мінез құлықтың туа біткен және жүре пайда болған формалары. Шартты және шартсыз тежелу.
54. Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері.


Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: §58. Ұрықтану. Жүктілік. Ұрықтың жатыр ішінде дамуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға ұрықтың дамуы туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ұрықтың даму сатылары слайд.

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
1. Көбеюдің маңызы неде?
2. Жыныстық көбеюге анықтама беріңдер.
3. Аталық жыныс жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

ІІІ Жаңа сабақ.
Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі. Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп клеткалы организм пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан (қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір клеткалы ұрықтың бөліну арқылы көп клеткалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп клеткалы ұрық — бластула түзіледі. Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.
Гаструляция процесі кезінде ұрық жапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкі бөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте — эктодерма, ал ортасында — мезодерма қалыптасады. Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар организмі тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды. Ұрықтың дамуының ерте кезеңінде эмбрионалды клеткалар көптеген бағыттарда дамуға қабілетті болады. Бірқатар факторлардың әсерінен кейін олар детерминияланады, яғни, бағытталған бір жүйеде дамуы барысында олардың құрылымы мен қызметі мамандана бастайды. Мысалы, эктодерманың жүйке жүйесі түзілетін бастамасында бас миы жекеленіп, оның бір бөлігінде көздің бастамасында дамиды да, колба және таяқша тәрізді көру клеткалары қалыптасады. Ұрықтың дамуы клеткада тұқым қуалау аппаратымен анықталады. Ядрода болатын хромосомалар бір белоктың құрылымы туралы ақпарат жазылған көптеген гендерден құралған. Генде кодталған ата - ана организміндегі белгілер ұрықтың дамуы кезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кезде гендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әр тінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезін қамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтың дамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуіне байланысты болады. Гендер қызметі өсіп келе жатқан жұмыртқа клеткасында сары уыз және РНҚ молекуласының барлық типтері жинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдың барысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуы мына бағытта жүреді:
дифференциация факторлары арнайы гендерді іске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, ал белоктар болса, клеткалардың дифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді. Бұл процесте көптеген белоктардың қызметтері анықталған. Мысалы, гемоглобин — эритроциттердің қалыптасуы барысында; миозин — бұлшық еттің пайда болу кезінде, ферменттер мен гормондар — әр түрлі бездердің даму барысында түзіледі. Ұрықтың дамуы кезіндегі гендердің қосылуы мен ажырауынының механизмі толықтай анықталған жоқ. Сондықтан клетка пішінінің өзгерісін, ұрықтың дамуы барысында олардың қозғалысын және бағытын анықтайтын белоктар да аз зерттелген. Ұрықтың дамуының соңында ұрықтың қабықшадан шығуы немесе туылуы үшін қабықшаны ерітетін ферменттер синтезделеді немесе қауызды жарып шығатын арнайы құрылым пайда болады.

IV Қорытынды. Қорыта айтқанда, ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.

V Бекіту сұрақтары
1. Ұрықтану қандай процесс?
2. Сыртқы ұрық жапырақшасынан қандай мүшелер түзіледі?
3. Ұрықтан қанша ұрық жапырақшалары түзіледі?

VІ Бағалау.
VIІ Үйге тапсырма. Оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі

Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі

Жалпы мақсаты: Көпжасушалы жануаралардың эмбриондық дамуы сатыларын түсіндіру. Ұрықтың алғашқы даму сатыларын меңгерту. Күтілетін нәтижелер: Ұрықтың...
Онтогенездің генетикалық механизмдері

Онтогенездің генетикалық механизмдері

Онтогенездің генетикалық механизмдері туралы теориядан алған білімдерін тереңдету. ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу....
Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмінің бейімделу  ...

Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмінің бейімделу ...

Онтогонез [1](грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен...
Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері

Мақсаты: А) Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктерін балықтар - қосмекенділер - жорғалаушылар - құстар - сүтқоректілер тізбегімен зерделей отырып,...
Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.Жылдық тір ...

Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы.Жылдық тір ...

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×